Строительные нормы республики казахстан


 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет6/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 
 
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты 
Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты пайдаланудың 
бүкіл мерзімінің бойында қолданудың барлық кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық 
қызмет объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы
мен өмірін және мүлікті қорғау, жұмыс, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, 
энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеу үшін қолайлы жағдай жасау болып 
табылады. 


ҚР ҚН 3.02-14-2014 
 

4.2 Функционалдық талаптар 
4.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері қызмет етудің барлық 
мерзімінің бойында конструктивтік ұзақ мерзімділігі мен жөндеуге жарамдылығы, 
ә
серлерге, оның ішінде сыртқы және климаттық әсерлерге, барлық маусымдағы және 
тиісті аймақтардағы факторларға төзімділігін сақтау қамтамасыз етілетіндей жобалануы 
жә
не салынуы тиіс.
4.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде өрттің туындауының 
алдын алу, оны ерте анықтауды және автоматты сигнализация жүйелері арқылы 
хабарлауды, түтіндеу және оттың таралу қаупін шектеуді, сондай-ақ өрт сөндіру 
күштерінің мүмкіндігін, адамдарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды 
мүмкіндігінше тез әкету және қауіпсіз көшіру жағдайларын қамтамасыз ету қажет.
4.2.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріне адамдардың келуі үшін 
аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитарлық-гигиеналық 
талаптарды ескере отырып, ғимараттарды пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен 
денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жайлы жағдай жасалуы тиіс.
4.2.4 Пайдалану кезінде, сондай-ақ адамдарды, оның ішінде қозғалудың физикалық 
мүмкіндігі шектеулі адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау кезінде көтергіш және 
жә
не қоршау конструкцияларының төзімділігін сақтау мақсатында отқа төзімді құрылыс 
материалдары мен бұйымдарды пайдалану қажет. 
4.2.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу және 
пайдалану кезінде қызметкерлер үшін жағдайлар жасау, қызмет көрсетілетін халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық амандығын, адамның тіршілік ету ортасының 
денсаулыққа қауіпті әрі зиянды әсерін ескерту, анықтау немесе жою әрекеттерін, індетке 
қарсы сауықтыру шараларын, денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз 
ету қажет.
4.2.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін пайдалану барысында 
адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ функционалдық-ұйымдық 
ерекшеліктерді, олардың орналасу аумағын, бағдарын, жоспарламасын, қоршаған ортаның 
жағдайын (ауа, су, топырақ) және жайлардағы микроклиматты ескере отырып, келуі үшін 
жағдай (жарықтандыру, жай инсоляциясы, дыбыс оқшаулау) жасау қажет.
4.2.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің ішкі инженерлік 
жүйелері ауаның ылғалдығы мен қозғалу жылдамдығын қоса алғанда, қолайлы 
микроклиматты, сондай-ақ қабырғалардың ішкі беттерінің температурасын, қоршау 
конструкцияларының жылуға төзімділігін және еден беттерінің жылу сіңіруін қамтамасыз 
етуі тиіс.
4.2.8 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің есептік қызмет ету 
мерзімін ескере отырып, құрылыс конструкцияларының, материалдар мен бұйымдардың 
жұмыс қабілеттілігін сақтау арқылы табиғи ресурстардың тиімді қолданылуын қарастыру 
керек. 
4.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде энергия тұтынуды 
үнемдеу мен қысқартуды қамтамасыз ететін жылыту, салқындату, жарықтандыру және 
желдету құрылғыларын қолдануды ескеру қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет