ҚР ҚН 3.02-14-2014 20
5.5.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері 5.5.3.1 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін ҚР ҚН 4.02-01 және
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар
талаптарын ескере отырып жобалау керек.
5.5.3.2 Ғимараттардың жылыту жүйелерін жобалау кезінде мыналарды ескеру қажет:
а) қоршау конструкциялары арқылы жылу шығынын;
б) жиналмалы сыртқы қоршау конструкцияларын қыздыруға кететін жылу
шығынын;
в) материалдарды, жабдықты қыздыруға кететін жылу шығынын;
г) электр
құралдарынан,
жарықтандырудан,
технологиялық
жабдықтан,
байланыстардан, материалдардан, адамдардан, сонымен қатар өзге де көздерден тұрақты
келіп түсетін жылу шығынын.
5.5.3.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйесі медициналық қызмет жүзеге
асырылатын үй-жай микроклиматының және ауа ортасының қалыпты параметрлерін
қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.3.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде
жылумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету үшін
қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
5.5.3.5 Желдету жүйесін жобалау және пайдалану кезінде шу мен діріл деңгейін
нормативтік құжаттарға сәйкес шекті жол берілгеннен аспайтындай қамтамасыз ету
қажет.
5.5.3.6 Үй-жайлардың құрылымы, жоспары мен жабдықталуы технологиялық
процестер ағынын қамтамасыз етуі және эпидемиологиялық қауіптілігі әртүрлі дәрежедегі
ағындарды ауыстыру ықтималдығын болдырмауы тиіс, сондай-ақ ауа массаларының
«лас» үй-жайлардан «таза» үй-жайларға өтуін болдырмауы қажет.
5.5.3.7 Үй-жайларда жол берілетін нормалар шегінде микроклимат пен ауа
сапасының параметрлерін қамтамасыз ету үшін желдету құрылғысын қолдану керек.
5.5.3.8 Өткір иісті заттар орналасқан үй-жайларда ұйымдастырылған ағынды
орнатпастан, механикалық түрде жұмыс істейтін сору желдеткішін қарастыру керек.
5.5.3.9 Микроклимат пен ауа сапасы параметрлерінің табиғи желдеткіші арқылы
қамтамасыз етілмейтін жыл кезеңдерінде ауа ағынынын қамтамасыз ету немесе оны
жоюға арналған табиғи желдету (аралас желдету) жүйелерін ішінара қолданатын
механикалық желдету құрылғысын қарастыру керек.
5.5.3.10 Ағынды желдету жүйелері арқылы берілетін сыртқы ауаны
бактериологиялық сүзгілерде тазалау керек.
5.5.3.11 Ауаның қажетсіз ағынын болдырмау үшін зертханалардағы ағынды және
сору желдеткіші жүйелеріне тиекті құрылғылар (оның ішінде кері клапандар) орнату
керек.
5.5.3.12 Бактериологиялық сүзгілерден кейін ағынды желдету жүйесінің ауа
өткізгіштерін сұйық сіңдірмейтін, ауа өткізгіштерінің немесе қорғаныс жабындарының
материалының үй-жайларға енуін болдырмайтын беттен тұратын материалдардан
қарастыру керек.