Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ҚР ҚН 3.02-14-2014 
21 
5.5.3.13 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиімділігі жоғары (Н11-Н14) 
сүзгілерден кейін ағынды желдету (ауа баптау) жүйелерінің ауа өткізгіштерін тот 
баспайтын болаттан немесе беті тегіс, тоттануға төзімді, шаң баспайтын өзге материалдан 
қарастыру қажет. 
5.5.3.14 Ағынды және сору торлары бір үй-жай шегінде бір-бірінен мүмкіндігінше
алшақтатылуы тиіс. 
5.5.3.15 Ауа алмасу еселігі белгіленген жиілікті, ауа температурасын және ауаның 
салыстырмалы ылғалдығын есепке алу негізінде анықталады. 
5.5.3.16 Мәжбүрлі желдету жүйелерінің болуына байланысты тазалық үй-жайларын 
есепке алмағанда, барлық емдік-диагностикалық үй-жайларда табиғи желдету мүмкіндігі 
қарастырылуы тиіс. 
5.5.3.17 Аса қауіпті инфекциялар бөлімінде сору желдеткіші тоқтаған кезде тарту 
желдеткішін автоматты өшіру қарастырылуы тиіс. 
5.5.3.18 Пайдаланылған ауаны жергілікті сору құрылғыларынан шығару жеке 
клапандармен жүзеге асырылуы тиіс. 
5.5.3.19 Бактериологиялық, вирусологиялық бөлімдер, радиациялық гигиена, аса 
қауіпті инфекциялар бөлімі, бастапқы өңдеу камералары үшін жеке ағынды-сору 
жүйелерін қарастыру керек. 
5.5.3.20 Желдету құрылғылары мен электр қозғалтқыштарын шу-тербелістен қорғау 
талаптарын, сонымен қатар осыған қатысты есептерді ескере отырып орнату керек.
5.5.3.21 Үй-жайға зиянды немесе жанғыш газдардың, бу мен аэрозольдардың үлкен 
мөлшері түскен жағдайда, апаттық желдеткішті технологиялық және желдету 
қондырғысының апаттық кезеңіндегі үйлесімсіздігін ескере отырып, қамтамасыз ету 
қажет. 
5.5.3.22 Түтінге қарсы желдету жүйелерін баспалдақты торларды, лифтілік шахталар 
мен іргелес өрт бөліктерін қорғауға арналған ағынды желдету жүйелерінен бөлек, әрбір 
өрт бөлігіне дербес түрде қарастыру керек.
5.5.3.23 Патогендік көбейтумен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардан шығатын 
ауаны атмосфераға жіберуден бұрын бактериологиялық сүзгілерде тазалау қажет.
5.5.3.24 Қайта салынатын және реконструкцияланатын зертханаларда «жұқпалы» 
аймақтан шығатын ауаны тиімді тазалау сүзгілерін орнату арқылы дербес сору-тарту 
желдету құрылғысын қарастыру (немесе бұл үй-жайларды биологиялық қауіпсіздік 
бокстарымен жабдықтау) керек.
5.5.3.25 Биоматериалдарды сұйық азотта сақтауға арналған үй-жайларды газ 
анализаторының сигналы бойынша қосылатын жеке сору және апаттық желдету 
жүйесімен жабдықтау керек.
5.5.3.26 Зиянды химиялық заттар бөлу арқылы жұмыстар жүргізілетін үй-
жайлардағы жұмыс орындары жергілікті сору құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. 
5.5.3.27 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде талаптарға сәйкес 
дезинфекциялық камералар үшін бумен жабдықтауды қарастыру керек.
5.5.3.28 Бактериологиялық, вирусологиялық зертханалар, аса қауіпті инфекциялар 
бөлімі орналасқан үй-жайлардағы орталықтан жылыту жүйелерінде жылыту құралдары 
ретінде жеңіл тазалауға жол беретін тегіс бетті құралдар қарастыру керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет