Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
ҚР ҚН 3.02-14-2014 
23 
таразылармен, ыстық және суық су жеткізілетін раковиналармен, бактерицидті 
шамдармен жабдықтау керек.
5.5.4.5 Металл және пластикалық ыдыстар, қауіпті қалдықтарды жинауға арналған 
контейнерлер нығыз жабылуы тиіс. 
5.5.4.6 Тұрмыстық қалдық пен медициналық қоқыстарды және медициналық 
қалдықтарды бір үйде сақтауға жол берілмейді. 
5.5.4.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері мен елді мекендердің 
аумағында арнайы қондырғылардан тыс медициналық қалдықтарды жағуға тыйым 
салынады. 
5.5.4.8 Өлген жануарлардың өліктерін, конфискаттар мен қалдықтарды 
зиянсыздандыру және көму әрекеттерін ағымдағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге 
асыру керек. 
5.5.4.9 Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар еденін, 
қабырғаларын, төбесін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан 
орындау керек. 
5.5.4.10 Жуу бөлмесі ағынды суық және ыстық су жүргізілген ваннамен немесе еден 
үстінен іске қосылатын кранмен жабдықталуы тиіс.
5.5.4.11 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің үй-жайларында 
қоқыстан тазалау және шаңнан тазарту, қоқысты уақытша (санитарлық нормалар шегінде) 
сақтау жүйелерін, оны шығаруды қарастыру керек. 
5.6 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті және 
ғимаратты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
 
5.6.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін ҚР ҚН 3.06-01 және 
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар 
талаптарына сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына, жұмыс істейтіндер немесе 
осы ғимаратқа келушілер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілетіндей жобалау және салу 
керек. 
5.6.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері мен іргелес аумақты 
учаскені пайдалану кезінде тайғанау, құлау, соқтығысу, күю, электр тогынан зақымдану 
нәтижесінде, сонымен қатар жарылыс салдарынан жазатайым оқиғалардың туындауы 
жә
не адамдарға жарақат келу қаупі пайда болмайтындай етіп жобалау керек. 
5.6.3 Ғимаратта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерімен біріктірілген
жер асты және жер үсті деңгейіндегі кірме жол халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары 
үшін қолжетімді болуы тиіс. 
5.6.4 Аумаққа кіреберіс тобын халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары, оның ішінде 
арбадағы мүгедектер үшін объекті туралы ақпараттың қолжетімді элементтерімен
жабдықтау қажет. 
5.6.5 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімді кірме жолдар жанындағы 
кіреберіс алаңда мыналар болуы тиіс бастырма, су бұрғыш, жергілікті климаттық 
жағдайларға байланысты – жабын бетінің жылытқышы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет