Строительные нормы республики казахстан


 Электрмен қамту және әлсіз токты қҧрылғылар



Pdf көрінісі
бет24/52
Дата10.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#60849
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Байланысты:
47 СН РК 3.02-16-2014

5.7.4 Электрмен қамту және әлсіз токты қҧрылғылар  
5.7.4.1 Мекемелердің электр техникалық құрылғылары ҚР ҚН 4.04-07 мен 
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
5.7.4.2 Оқушылар сарайының ғимараты технологиялық дыбыстық фикация 
жүйесімен, концерттерді тарату және қызметтік үй-жайлар бойынша хабарлау жүйесімен 
жабдықталуы тиіс.
5.7.4.3 Электр қалқандарының бӛлмелері мыналармен жабдықталуға тиіс.: 
а) сигналды 
диспетчерлік 
қызметке 
шығару 
арқылы 
ӛрт-қорғаныс 
сигнализациясымен; 
б) электрмен жабдықтаудың бірінші санатты сенімділіктегі айнымалы токтың электр 
қуат кӛзімен, қорды автоматты түрде қосумен; 
в) қорғаныстық жерге тұйықтаумен. 
5.7.4.4 Электр сымы жасырын орнатылуы тиіс. 
5.7.4.5 Бұқаралық шаралардың кӛрермен залдарынан және мәжіліс залдарынан шыға 
беріс жерде апаттық жарықтандыру торабынан сәулелік кӛрсеткіштер орнатылуы тиіс.
5.7.4.6 Апаттық жарықтандыруды қуаттандыру үшін міндетті түрде аккумуляторлық 
батареялар бар қондырғы қарастырылуы тиіс.
5.7.4.7 Хабарлау мен адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялауды басқару жүйесі 
адамдарды ӛрттің шығуы немесе басқа да тӛтенше жағдайлардың пайда болуы жӛніндегі 
ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуі тиіс.
5.7.4.8 Хабарландыру мен адамдарды қауіпсіз жерге кӛшіруді басқару жүйесінің 
жұмыс уақыты объектіден кӛшіру уақытынан кем болмауы тиіс.


ҚР ҚН 3.02-16-2014 
20 
5.7.4.9 Бейнебақылау жүйесі тек күзеттік қызметтерді орындап қана емес, сонымен 
қатар тәртіпті қорғау жӛніндегі қызмет басқармасына үрейлі жағдайды бағалау үшін 
ақпарат беруі тиіс. 
5.8 Халықтың мҥмкіндігі шектеулі топтары ҥшін қолжетімділікті қамтамасыз 
ету бойынша талаптар  
 
5.8.1 Мүгедек 
балалардың бір мезгілде келуіне арналған балалар мен 
жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелері ҚР ҚН 3.06-01 талаптарын ескере отырып 
жобалау керек.
5.8.2 Спорт объектілері мен кешендер аумағының жоспарлау шешімдері
жабдықталуы мен кӛріктендірілуі келушілердің мүмкіндігі тӛмен барлық топтардың
оның ішінде  кресло-арбадағы келушілердің қауіпсіз әрі кедергісіз жүруін және олардың 
барлық құрылыстар мен ашық спорт алаңдарына еркін жетуін қамтамасыз етуі тиіс.  
5.8.3 Мекемелерді жобалау кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының үй-
жайларға қолайлы кіруіне және еркін жүруіне арналған арнайы құрылғылар 
қарастырылуы тиіс. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүру жолдарында үй-
жайлардың деңгейлер айырмасын жою қажет.
5.8.4 Ғимараттарға кіретін жерлерде баспалдақтармен қатар, мүмкіндігі шектеулі 
топтарға арналған пандустар, арнайы есіктер мен тамбурлар, сондай-ақ басқа да құралдар 
жобалануы қажет.
5.8.5 Мүмкіндігі шектеулі топтар үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
қозғалу жолындағы барлық ұзына бойғы еңістер пандустар үшін жол берілген тиісті 
параметрлерден аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет