ҚР ҚН 3.02-13-2014*
27
(наркоз, операция алдындағы, стерильдік материалдарды сақтау үй-жайы), шектеулі
режим (қызметкерлер, аппаратураны және құралдарды және басқаларды өңдеу үй-жайы),
жалпы ауруханалық үй-жай (операция бөлімі меңгерушісінің, аға медбике кабинеті және
басқалар), жаңа босанған әйел серіктесіне арналған.
5.4.5.5.2 Операциялық блоктағы операция бөлмелерінің санын хирургиялық
бөлімдер құрылымына, көлеміне және саласына, хирургиялық белсенділікке,
операцияның күрделігі мен ұзақтығына, операция жасалатын науқастың аурухана төсегіне
жату уақытына, операциялық күндер санына және тағы да басқаларға байланысты
қабылдау керек.
5.4.5.5.3 Операциялық үстелдер саны мен мамандандырылған операциялық блоктағы
операциялық бөлмелер типін ауруханалық құрылымдық бөлімшелер типі мен
қуаттылығына байланысты қабылдау керек.
5.4.5.5.4 Операциялық блоктың септикалық бөліміндегі операциялық бөлмелердің
саны жергілікті жағдайларға (іріңді патологиясы бар төсектер санына) байланысты
қабылданады.
5.4.5.5.5 Операциялық блоктың сәулеттік-жоспарлық шешімі оны өтпейтін
асептикалық және септикалық бөлімдерге бөлуді және оның үй-жайларын келесі:
стерильді, қатаң, шектелген және жалпы аурухана режимдері аймақтарына
функциональды бөлуге сәйкес тиімді аймақтандыруды қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.5.5.6 Қосымша үй-жайлар, медициналық қызметкердің демалу бөлмелері,
санитарлық өткізу орындары мен қолжуғыштар саны денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы керек.
5.4.5.5.7 Палата бөлімдерінен, баспалдақ-лифт холдарынан және басқа үй-жайлардан
операциялық блокқа ауа салмағының түсу мүмкіндігін болдырмау үшін көрсетілген үй-
жайлар және операциялық блок арасына ауаны тіреу арқылы шлюзді орнату керек.
5.4.5.5.8 Операциялық блок үй-жайын «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын ескере
отырып қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: