Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет22/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
24 
5.4.5.2.8 Тексеру кабинетін санитарлық өткізу орнының жанына, қабылдау бөлімінің 
вестибюльдік-күту орнына жақын орналастыруға жол беріледі, кіреберіс есіктердің 
габариттері каталканың еркін кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.5.2.9 Қабылдау-тексеру боксы үй-жайының құрамына мыналар кіреді:
- кіреберіс (сыртқы) тамбур;
- тексеру үй-жайы;
- дәретхана;
- бокс алды, қызметкерлердің қабылдау бөлімінің дәлізінен кіруіне арналған 
қызметтік шлюз.
5.4.5.2.10 Санитарлық өткізу орнының саны түскен науқастар ағымына сәйкес 
есептеледі. 
5.4.5.2.11 Ванна орнатылған бөлмелер өлшемдері каталканы кедергісіз кіргізуді, оны 
ваннаға жақындатуды, қызметкердің ваннаның айналасында еркін қозғалуын қамтамасыз 
етуі тиіс.
5.4.5.2.12 Санитарлық өткізу орындарын палата бөліміне науқастардың негізгі 
қозғалу ағымдарының жолына тексеру кабинеттерінен бөлек немесе олардың жанында 
орналастыру керек.
5.4.5.3 Стационар бөлімдері 
5.4.5.3.1 Стационар бөлімдерінің негізгі түрлері мыналарға бөлінуі тиіс:
- соматикалық және мамандандырылған (ересектер мен балалар үшін);
- инфекциялық;
- босану.
5.4.5.3.2 Қалалық және облыстық балалар ауруханаларында жаңа туған және шала 
туған балалар үшін басқа барлық бөлімдерден және аурухана қызметтерінен толықтай 
оқшауланған бөлімдерді қарастыру керек. Инфекциялық, психиатриялық, тері-
венерологиялық және туберкулез бөлімдерін тек жеке ғимараттарға орналастыру керек. 
Бөлімдерде әрбір палатада душы бар санитарлық торапты қарастыру керек.
5.4.5.3.3 Жағдайы тәулік бойы бақылауды және емдеуді талап етпейтін, қатты және 
созылмалы аурулары бар науқастарды ауруханаға жатқызу үшін күндіз келіп кететін 
бөлімді (палаталарды) қарастыру керек. 
5.4.5.3.4 Стационарлық бөлімдер палаталарында тамақтануды ұйымдастыру 
қарастырылуы тиіс. 
5.4.5.3.5 Науқастарды емдеу, диагностика және қызмет көрсету ерекшеліктері 
нәтижесінде мамандандырылған бөлімдерді жоспарлауға ерекше талаптар қойылады. 
Офтальмология бөлімінде төмендегілерді қарастыру керек: 
- пациенттерді тексеру жолында үздіксіз тұтқыштың болуы;
- жиһазды және науқастарға арналған тұрмыстық жабдықты орналастыру 
ықшамдылығы.
5.4.5.3.6 Сауыққандар бөлімінде науқастардың қызметін белсендіру үшін келесілерді 
қамтамасыз ету керек:
- дене шынықтыруға, еңбек терапиясына, су және ауа процедураларына, әлеуметтік-
дене шынықтыру қызметіне арналған аймақтар және жабдық;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет