ҚР ҚН 3.02-13-2014*
40
5.5.1.2
Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету құбырлары Қазақстан
Республикасында жол берілген материалдардан қарастырылады.
5.5.1.3 Қайта салынатын және реконструкцияланатын емдеу-профилактикалық
мекемелері үшін ыстық сумен қамту жүйесі істен шыққанда немесе профилактикалық
жөнделген
жағдайда, резервті (апатты) ыстық сумен қамту болуы тиіс; қолданыстағы
мекемелер үшін – апатты сумен қамту ретінде санитарлық өткізу орындарына, операция
алдындағы және босандыру залдарына,
процедуралық, жаңа туылған және балалар
бөлімдеріне, ванна және санитарлық бөлмелерге, жуу, буфет, буфет-үлестіру, тамақ
блоктарына және ерекше санитарлық-гигиеналық және
санитарлық-эпидемиологияға
қарсы режимді талап ететін басқа функционалдық үй-жайларға үздіксіз әрекет ететін су
жылытқыштарды орнату керек.
5.5.1.4 Шаруашылық-ауыз мақсатындағы судың сапасы қолданыстағы нормативтік
құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5.5.1.5 Гидропатия үй-жайлары үшін тұрақты шығыны және ағыны бар суық және
ыстық су беру қамтамасыз етілуі тиіс.
5.5.1.6 Орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған жағдайда, үздіксіз әрекет
ететін су жылытқыштар орнатылады.
5.5.1.7 Психиатриялық ауруханалардың қол жуғыш және дәретхана үй-жайларында
құбырлар мен жабу арматурасы науқастар үшін қол жетімсіз болуы тиіс.
5.5.1.8 Шаруашылық-ауыз су құбыры сорғыларын аурухана
корпустарына орнату
ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс.
5.5.1.9 Кір жуу орындарына және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелеріне су
шығынының нормасы қосымша ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес ескерілуі тиіс.
5.5.1.10
Инфекциялық ауруханалар (бөлімдер) және тері-венерологиялық
диспансерлер (бөлімдер) санитарлық тораптарындағы қолжуғыштар мен унитаздардың су
құю бөшкелері үшін су жіберуді басқышпен басқару қарастырылуы тиіс.
5.5.1.11 Ауруханалардағы тағамды дайындау қызметі ғимаратынан шығып тұратын
жерлердегі өндірістік ағын суларды тазалау үшін ҚР ҚН 3.02-21 талаптарына сәйкес
майтұтқыларды орнату (ғимарат сыртына) қарастырылуы тиіс.
5.5.1.12 Ваннамен немесе душпен жабдықталған үй-жайларда сүлгі кептіргіштерді
қарастыру керек.
5.5.1.13 Балшықты процедуралар, балшықты асхана үй-жайларынан, ақжаймаларды,
кенептерді, брезенттерді жуу және кептіру үй-жайынан және балшықтарды кептіруге және
регенерациялауға арналған үй-жайлардан ағын суларды
бұру арнайы жолдар арқылы
(гидравликалық қақпақсыз) гидравликалық қақпақпен жабдықталған жиналатын балшық
тұндырғышта жүзеге асуы тиіс.
5.5.1.14 Инфекциялық және туберкулез ауруханаларының (бөлімдерінің) ағын
сулары сыртқы канализацияға түсер алдында зарарсыздандыруы тиіс.
Ағын суларды зарарсыздандыру үшін термиялық, радиациялық және басқа
физикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жүйені қарастыру керек.
5.5.1.15
Инфекциялық, тері-венерологиялық және психиатриялық бөлімдер
қолжуғыштарында термостатикалық алмастырғыш орнатуды қарастыру керек.
5.5.1.16 Су-балшықпен емдеу бөліміндегі душ кабиналары икемді шлангісі бар душ
торымен жабдықталуы тиіс.