Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет41/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
41 
5.5.1.17 Радиологиялық корпустарға (бөлімдерге) ағын суларды қатерсіздендіру үшін 
арнайы құрылғыларды орнату қажеттілігі мекеменің саласына байланысты анықталуы 
тиіс. 
5.5.1.18 Ваннаның емдік бассейндеріндегі сумен алмасу суды рециркуляциялау 
немесе таза ауаның үздіксіз ағыны арқылы қарастырылуы тиіс. 
Су бассейнінің барлық жұмыс істеген уақыты ішінде біркелкі берілуі тиіс. 
5.5.1.19 Бассейндердің су тазалау құрылыстары және олар бойынша конструктивтік 
шешімдері спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарын жобалау бойынша 
нормативтер талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс (ҚР ҚН 3.02-18 және қолданыстағы 
нормативтік құжаттар). Бассейндердің су тазалау құрылыстары ересектер мен балалар 
үшін жеке қарастырылуы тиіс. 
5.5.1.20 Душ бөлмесінен айналма жолға (немесе қалқымаға) шығатын орында 
ағынды судың аяқ ваннасы болуы тиіс. 
5.5.1.21 Емдік бассейндерге ағатын су қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес 
келуі тиіс. 
5.5.1.22 Қан орталығы бөлімінің терапевт дәрігерлерінің, процедуралық және 
зертханаларда суды жеткізу және канализация болуы тиіс. Қан орталығы ғимаратында 
сумен қамтудың резервтік қоры болуы тиіс. 
5.5.1.23 Емдік бассейндердің үй-жайларында суық және ыстық су жеткізетін суғару 
шүмектері қарастырылуы тиіс. 
5.5.1.24 Мекеменің сумен қамтамасыз ету жүйелері: 
а) суды тұтынушылардың есептік санынан сәйкес келетін және санитарлық-
техникалық аспаптармен белгіленген көлемдерде адамның денсаулығы мен өмірі үшін 
қауіпсіз суды берумен қамтамасыз етуі тиіс; 
б) жүйедегі ауыз судың ластануын болдырмауы тиіс; 
в) жабдықтарда және құбырларда коррозия, тұздар қабаттарының түзілу мүмкіндігін 
және құбырлар мен жабдықтың биологиялық шөп басуын болдырмау керек; 
г) санитарлық-техникалық және басқа қабылдау құрылғыларына қабылдау 
құрылғыларын пайдаланудың қалыпты шарттарымен қарастырылған қысыммен судың 
берілуін қамтамасыз етуі тиіс; 
д) судың жылыстау мүмкіндігінің алдын алу; 
е) ішкі және сыртқы өрт сөндіру мақсаттары үшін судың берілуін қамтамасыз етуі 
тиіс; 
ж) адамдарға термиялық жарақат келтіру мүмкіндігін болдырмау. 
5.5.1.25 Су бұру жүйесі: 
а) ағын сулардың оқшаулануына және жылыстауына жол бермеуі тиіс; 
б) ғимараттың ішіндегі кеңістікті, қоршаған ортаны, сулы деңгейжиектерді және су 
ресурстарын ластамауы тиіс; 
в) техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін пайдалану қызметінің 
және апатты қызметтердің қызметкеріне қатынауды қамтамасыз етуі тиіс; 
г) топырақтың табиғи жылыстауымен ескертілген жүктемелер әрекетіне төзімділікті 
қамтамасыз етуі тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет