(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 09.07.2021 ж. №98-НҚ бұйрық)
5.4.1.11 Учаске аумағында негізгі есікке, қабылдау бөліміне, инфекциялық
науқастарға арналған емдеу корпустарына, патологоанатомиялық корпусқа кіретін жол,
материалмен жабдықтауға және қолданылған материалдар мен қалдықтарды жоюға
ҚР ҚН 3.02-13-2014*
16
арналған шаруашылық кіретін жол қарастырылуы тиіс. Қызметкерлерге арналған жеке
кіретін есік қарастырылуы мүмкін.
5.4.1.12 Иондаушы
сәуле
көздерін
пайдаланатын
емдеу-профилактикалық
мекемелерін орналастыруға қойылатын талаптар радиациялық қауіпсіздік нормаларына
және осы қызмет түріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес
анықталады.
5.4.1.13 Ғимаратты
жоспарлаған кезде травматологиялық пункт үй-жайы
палаталары, қабылдау-тексеру бокстары, қабылдау бөліміне кіреберіс, сондай-ақ ыдыс,
тиеу, экспедициялық үй-жайлар және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін
автомашиналар кіретін жер бар басқа да үй-жайлар терезелерінің астына орналастыруға
жол берілмейді.
5.4.1.14 Патологоанатомиялық корпус, оған өтетін жолдар және жерлеу
машиналарының тұрағы емдеу және босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін
корпустардың, ұйымның аумағына және рекреациялық аймаққа, бақша-саяжай аймағына
жақын орналасқан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі тиіс.
Жұқпалы ауру мәйіттерін союға арналған үй-жайлар оқшаулануы тиіс және
сыртынан жеке кіретін есігі болуы керек.
5.4.1.15 Жедел медициналық көмек автомобильдеріне арналған гараждарды
автомобильдер тұрақтарын жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық
құжат талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.4.1.16 Қызметтік автокөлікке, емдеу-профилактикалық мекемесі қызметкерлерінің
көлігіне арналған тұрақтарды қолайлы қатынайтын учаске аумағынан қарастыру керек.
Тұрақтар өрт сөндіру машиналарының ғимараттарға кіру жолына кедергі келтірмеуі тиіс.
5.4.1.17 Емдеу-профилактикалық мекемелердің аумақтарында өрт қауіпсіздік
ережелерін сақтаған жағдайда қызметкердің, келушілердің автомобильдеріне және арнайы
мақсаттағы автомобильдерге (жедел медициналық көмек және басқалары) арналған
жерасты автомобиль тұрақтарын орнатуға жол беріледі.
5.4.1.18 Емханалық қабылдау учаске шекарасына жақын болуы және пациенттер
үшін қолайлы әрі қолжетімді өздігінен кіретін есік болуы тиіс.
5.4.1.19 Ауруханаға, емханаға, диспансерлерге және перзентханаларға кіретін негізгі
есік алдында келушілерге арналған алаңдар қарастырылуы тиіс.
5.4.1.20 Қауіпсіздік мақсатында сыртқы жарықтандыру, оның ішінде ғимаратқа
кіреберісте, сыртқы баспалдақтарда және өрт гидранттарының есіктерінде, жаяу
жүргіншілер және көлік маршруттарын бойлай, сондай-ақ автотұрақтарда болуы тиіс.
5.4.1.21 Климатотерапияға, еңбек терапиясына және дене шынықтыруға арналған
құрылыстар мен алаңдарды ұйымның саласын ескере отырып қарастыру керек.
5.4.1.22*
Көп бейінді ауруханалардың құрамына кіретін инфекциялық,
психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімдер жеке тұрған
ғимараттарда орналастырылады.
Жұқпалы және туберкулезге қарсы бөлімдерде жеке кіру (кіру), жеке қабылдау
бөлімі және көлікті дезинфекциялауға арналған жабық алаң болуы тиіс.
Инфекциялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімдерді
жоспарлы оқшаулау және дербес желдету жүйесі болған кезде аталған бөлімдерді
|