Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
17 
туберкулезге қарсы бөлімдерді қоспағанда, басқа бөлімдермен бір ғимаратта 
орналастыруға жол беріледі. 
(
Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 27.11.2019 ж. №194-НҚ бұйрық). 
5.4.1.23 Емханалық корпус шалғай учаскеге орналастырылады және жеке кіретін 
есігі болуы тиіс. 
5.4.1.24 Инфекциялық аурухананың (корпустың) аумағында жас көшеттердің 
жолағымен бір-бірінен оқшауланған «таза» және «кір» аймақтар белгіленуі тиіс. 
«Кір» аймақтан шығаберісте көлік құралдарын дезинфекциялауға арналған жабық 
алаң қарастырылуы қажет. 
5.4.1.25 Балалар емханасына кіреберісте балалар арбаларына арналған жеңіл 
шатырлармен жабылған алаңдар қарастырылуы тиіс. 
5.4.1.26* Емдеу-сауықтыру мекемелерінің ғимаратында терроризмге қарсы қорғау 
және пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүйе мен құралдарды 
қорғау дабыл жүйесімен, кіруді бақылау жүйесімен, ескерту жүйесі мен құралдарымен, 
теледидарлық бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау қажеттілігі Қазақстан Республикасы 
Үкіметтің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес 
анықталады 
(Толықтырылды – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық)

 
5.4.2 Сәулет-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар 
5.4.2.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің құрылымы мен құрамы мекемелер 
салаларын, 
сыйымдылығын 
және 
клиникалық-диагностикалық 
зертханаларды, 
патологоанатомиялық және орталық стерильдеу бөлімдерін, орталық зарарсыздандыру 
бөлімдерін, дәріханаларды, тағам дайындау қызметтерін, кір жуатын орындарды, 
гараждарды және жабдықты тиімді орналастыруды және науқастар мен қызметкерлердің 
еркін қозғалуын қамтамасыз ететін т. б. орталықтандыруды ескеру арқылы анықталады. 
5.4.2.2 Ғимараттың сәулет-жоспарлау шешімі медико-технологиялық процестердің 
және науқастардың, қызметкерлердің, келушілердің, дәрі-дәрмектердің, құралдардың, 
материалдардың, тамақтардың, медициналық қалдықтар толассыздығын қамтамасыз етуі 
және эпидемиологиялық қауіптің әртүрлі деңгеймен ағымдарды ауыстыру мүмкіндігін 
болдырмауы тиіс. 
5.4.2.3 Ғимараттың жол берілген биіктігі арнайы нормативтік құжаттар талаптары, 
оның ішінде сейсмикалық аудандардағы құрылысты қарастыратын қолданыстағы 
нормативтік-техникалық құжаттар талаптары бойынша анықталады. 
5.4.2.4 Телегамма-терапия, жоғары энергиялы сәулелермен емдеу кабинеттерінің
аурухананың стандартты емес аппаратурасы бар рентген кабинеттерінің биіктігі 
жабдықтың өлшемдеріне байланысты белгіленеді. 
5.4.2.5 Желдетудің ерекше жүйесін талап ететін және инженерлік қондырғылармен 
толықтырылған жоғары технологиялық бөлімшелерді (босану блоктары, оперблоктар,
реанимация және қарқынды терапия бөлімдері және басқалар) техникалық қабатты жасау 
арқылы белгіленген аймаққа орталықтан орналастыру керек, бұл осы бөлімшелер үшін
(экспресс-зертхана, жедел стерильдеу, қанды сақтау қызметтері және т. б.) жалпы кезекші 
қызметін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет