ҚР ҚН 3.02-13-2014* 19
5.4.2.21 Үй-жайды табиғи жарықтандыру үшін жоспарлық шешімдермен тұйық
немесе жартылай тұйық жабылған (жабылмаған) жарық аулалар және атриумдар
қарастырылуы мүмкін.
Артық инсоляцияның алдын алу және пациенттер мен қызметкерлер үнемі келіп
тұратын үй-жайлардағы, әсіресе реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде ашық
жарықтан қорғау үшін күннен қорғауды (күнқағарлар, жалюздер және басқалар)
қарастыру керек.
5.4.2.22 Есірткі және психотропты препараттарды сақтауды қажет ететін барлық
емдеу-профилактикалық мекемелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жобаланған жол берілмеген енуден қорғану
құралдарымен жабдықталған арнайы бөлмелерді қарастыру керек.
5.4.3 Үй-жайларды ішкі әрлеу 5.4.3.1 Медициналық-технологиялық
процестерге
байланысты
емдеу-
профилактикалық мекемелер үй-жайлары қабырғаларының, арақабырғаларының және
төбелерінің беттері және дәрілік заттарды және медициналық мақсатты бұйымдарды
қабылдау, сақтау және жіберу, өндіру жүзеге асатын дәріхана үй-жайларының беттері,
сонымен қатар сүт асханаларының және үлестіретін сүт асханаларының беттері үй-
жайдың мақсатына байланысты ылғалды және суды жинауға және дезинфекциялауға жол
берілетін тегіс болуы тиіс.
5.4.3.2 Дымқыл жұмыс режимді үй-жайларда, сонымен қатар дымқыл ағымдағы
дезинфекция жасалатын үй-жайларда (операциялық, таңу, операция алдындағы, наркозды,
босандыру, процедуралық бөлмелердің, ванна, душ, санитарлық тораптар, санитарлық
бөлмелер, кір жуу, кір киімді сақтау мен жинау үй-жайлары, жинау керек-жарақтары,
медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайлары және т. б.) қабырғалардың түгел
биіктігін ылғалға төзімді материалдармен қаптау керек. Палаталар, дәрігер кабинеттері,
холдар, вестибюльдер, физиотерапиялық және басқа емдеу-диагностикалық кабинеттер
қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.
Операциялық бөлімдерде лазерлік техниканы қолдану арқылы қабырғалардың
беттері жарықты шағылыстырмайтын күңгірт болуы тиіс.
5.4.3.3 Операциялық, операция алдындағы, наркозды, реанимациялық бөлмелердің,
қарқынды терапия палаталарының, босану, босану алдындағы бөлімдердің, клиника-
диагностикалық зертханалар мен стационарлардың басқа мамандандырылған үй-
жайларының едендері тез тазаланатын және дезинфекциялаушы ерітіндімен жиі жууға
болатын, сонымен қатар науқастарды, материалдар мен жабдықтарды тасымалдау үшін
қолайлы ылғалға төзімді материалмен жабылуы тиіс.
5.4.3.4 Операциялық, наркозды бөлмелердегі, барозалдардағы, қоймалардағы, электр
жарықпен емдеу кабинеттеріндегі (физиобөлім) еден жабыны ҚР ҚН 3.02-36 сәйкес
антистатикалық және ұшқынға қауіпсіз болуы тиіс.
Баспалдақ алаңдарының мен сыртқы кіреберіс есіктер тамбурларының едендері
сырғанауға қарсы материалдан жасалуы тиіс.
5.4.3.5 Ашық радионуклидтермен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар конструкциялары
және қабырғалары, арақабырғалары, едендері мен төбелерінің әрленуі радиациялық