ҚР ҚН 3.02-13-2014* 33
инфекциялық, іріңді, хирургиялық және басқа бөлімдерден киімдерді өңдеудің
технологиялық желісінің бөлек есіктерді қарастыру керек.
5.4.6.71 Хирургия саласындағы мамандандырылған стационарлардағы есептік
көрсеткіш емдеу мекемесінің саласына байланысты анықталады.
5.4.6.72
(Алынып тасталды – ҚТҮКШІК 09.07.2021 ж. №98-НҚ бұйрық) 5.4.6.73 Тағам дайындау қызметінің үй-жайлар кешенінде келесі функционалдық
аймақтарды белгілеу керек:
- өндірістік (шикізатты өңдеу, жартылай фабрикаттарды дайындау, тағамды
дайындау үшін);
- қойма (тағам өнімдерін, ыдыстарды сақтау үшін);
- тағамды үлестіру (буфет);
- әкімшілік-тұрмыстық.
5.4.6.74 Тағам блогын жобалаған кезде «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын
сақтау керек.
5.4.6.75 Перзентханаларда, перинаталдық орталықтарда және балалар бар
стационарларда (сүт қоспаларын дайындауға арналған қайта орталықтандырылған үй-
жайлармен бірге) орталықтандырылған сүт блоктары ұйымдастырылады.
5.4.6.76 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар (еден үсті тостақтар)
санына тең болуы тиіс. Дәретханада писсуарлар қарастыру талап етілмейді.
5.4.6.77 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болуы тиіс.
5.4.6.78 Келушілерге арналған вестибюльдерге іргелес ауруханадан шығатын
науқастардың кездесуіне арналған үй-жайды қарастыру керек.
5.4.6.79 Клиникалық кафедраларды жобалау барысында осы нормативтен басқа
жоғары оқу орындарын және ғылыми-зерттеу мекемелерін жобалау бойынша
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
5.4.6.80* Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-
практикалық базалары клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру
ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары болып
табылады.