Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет21/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Стилистикадағы «стиль» ұғымы.
«Стиль» – стилистиканың негізгі ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихы даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігіне туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» терміні тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі, сөйлеу стиль» ұғымдары да бар. Тіл стильдерімен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасынадғы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі. Сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: «Адамның қоғамдағы жағдайына, қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стиль қолданылмайтыны сияқты, кез келген уақыт пен кез келген орында да бірдей стильді қолдануға болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзінің әр бөлшегінде де оның орынды айтылуына көңіл бөлу керек, бұл сөз болатын істің мән-жайына, сөйлеуші мен тыңдаушыға да байланысты болады»
Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажыратып қарады: төмен стиль: бұл – өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін; орта стиль: бұл – сөйлесу, әңгімелесу үшін; жоғары стиль: бұл – тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылды.
Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Европада риторика мен стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді. Мысалы, ХҮІІІ ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары стиль – классикалық трагедия, ода, ороториялар; казіргі стиль – роман, повесттер; фольклор стилі (қарапайым стиль) – комедия, мысал, әзіл-сықақтар.
Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносов еңбектері (үш стиль теориясы) зор роль атқарды. Орыс сөздерін «қарапайым халықтық, төмен» және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын сөздер деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын көрсетті.
«Функционалды стиль» ұғымы – қазіргі стилистикада негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әр түрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктерімен, олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатыгас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: «Стиль – бұл жалпы халықтық, жалпы ұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесуі, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы».
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Винаградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделении таких важнейших общественных функций языка, как общение, сообщение и воздействие, могли бы быть в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-деловой, официально-документальный и научный (функция сообщения); публистический и художественно-беллетристический (функция воздействия». Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді роль атқарса, көркем стильде, керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ әр қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздарары стилінде осы шақтың бұйыру, талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады. («Мәжіліс сағат 10-да басталады», «Мердигер жұмыстың сапасына жауап береді»). Көркем стильде осы шақтың мәні күшейді («Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді»). Ал ауызкі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге асатындықтан дәл осы шақтың мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішіне ұсақ жанрларға жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет