Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет41/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Шайтансайтан вариантты сөздердің алғашқысы – бейтарап лексика, стиль түрлерінің бәрінде қолданылады, ал сайтан «сиқырлы» деген ауыс мәндегі сөз көбіне көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеуде жұмсалады.
Елбасыпрезидент. Ресми құжаттарда президент сөзі, газет-журналдар тілінде, яғни публицистикада, көркем әдебиетте суреттеме варианты елбасы сөзі қолданыла береді.
Сөз мағыналарының стильдік қызметі. Сөздің о баста бір ғана мағынада жұмсалатынын білеміз. Ал адамның күнделікті іс-тәжірибесіне, ойлау қабілетінің дамуы арқасында жеке сөздерге үстеме мағына жүктеледі. "Қалғып жатқан толқын ем, дауыл тербеп оятты " (Баян) өзін толқын зат есімімен ауыстырып, ауыспалы мағынада бейнелі айтқан (сезімге бірден әсер етеді). Қосымша мағынаның аз-көп болуы сөздің негізгі лексикалық мағынасымен тығыз байланысты.
Мысалы: Сүбелі мал (семіз). Бура найман – сүбелі елдің бірі. Бұл – жинақтағы сүбелі де көркем туынды. Тіл білімінде бұларды сөздің ауыспалы мағынасы дейді.
Бір кісі емес жазғаным жалпақ жұрт қой, шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар (Абай).
Сөздің ауыспалы мағынасы әуелі шешендік сарындағы стильдерден, өсиет сөздерден, мақал-мәтелдер мен түрлі айтыс, қисса, жырлардан, жұмбақтан және ауыз әдебиетінің басқа үлгілерінен көріне бастайды да, біртіндеп әдеби тілге енеді.
Бірақ қалайда мынадай өлім үстінде ат мініп, аспан асынып жұлқысу жоқ болатын.
Сыртым бүтін, ішім түтін бақытсыз адаммын, – деді Ақтамақ (Ғ.Мұстафин). Шүленнен шөл туғызған мен деп пе едің? – деп, кейіспен бір кекетті (М. Әуезов).
Бұл келтірілген мысалдағы ауыспалы мағынадағы тіркестер бір-бірімен қосарлана жұмсалып, мағыналық топ жасап, сөйлемге стильдік әр беріп тұр.
Кейбір сөздер ауыспалы мағынада кішіпейілділікті, қарапайымдылықты білдіреді. Ауыспалы мағынадағы сөздер өздерінің жасалу, қалыптасу орнына қарай түрліше болып келеді.
Білмеймін май төбесі – қай төбесі,
Мен үшін шын еді ақын мәртебесі.
Ауылына Алатаудай ақсақалдың,
Келдім мен бір кішкентай жыр иесі (Қ. Аманжолов).
Ауыспалы мәндегі сөздердің біразы ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалады да, жұртқа молынан тарайды, енді біразы шығарма стилінде пайда болады. Кейде мұндай ауыспалы мағыналы сөздер жазушы стилінде қалып қоймай, жалпы-халықтық сипат алып кетеді. Мұндай ауыспалы мағыналы сөздерге түспен байланысты айтылған сын есімдер жатады. Мыс.: ақ жарқын, қара қазақ іші, қызыл көз. Осы сияқты түспен байланысты кейбір сын есімді сөздердің ауыспалы мағынасы жеке өлең жолдарынан, прозалық суреттеулерден ғана байқалады:
1) Мысалы: Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді. Қыл-қыбырды қоса жұтқызсаң да еш дер емес (М. Әуезов).
2) Жүрсе екен өлеңім де жаз көркіндей,
Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ырғақ.
Сондықтан суреткер сөз кестесін, сөз айшығын білгірлікпен қолдана білу керек, ауыспалы мағынада жұмсалғанда тілдің заңдылығын естен шығармау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет