Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау



бет40/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:

  1. Дыбыстық қайталаулар, ассонанс, аллитерациялық құбылыстарға анықтама беріңіз.

  2. Стильдік мақсатта жұмсалған лексикалық бірліктер дегеніміз не?

  3. Идиома мен фразаның, мақал-мәтел мен қанатты сөздердің қолданылуында стильдік ерекшеліктер.

  4. Грамматикалық стилистикаға анықтама беріңіз.



Лексикалық стилистика


Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры. Қоғам өмірінде болып жатқан жаңа үрдістермен байланысты көптеген жаңа сөздер пайда болып жатады. Тілде мұндай сөздер неологизмдер деп аталады. Қай тілде болмасын, лексика стильдік сипатына (бояуына) қарай да ерекшеленеді. Бұл тұрғыдан 3 салаға бөлінеді: сөйлеу тілі лексикасы, бейтарап лексика және кітаби лексика.
Стиль түрлерінің барлығында қолданылатын тілдік құбылыстарды (сөздерді) бейтарап немесе стильаралық лексика делінеді: жер, су, өзен, ауа т.б. Таза ауа, ауа атмосферасы, ауадай қажет (әр стиль түрлерінде жұмсалады). Абстракт мағыналы сөздер де барлық стильдерде қолданыла береді (жігер, арман, қасиет т.т.)
Сонымен қатар, стиль түрлерінің кейбірінде ғана қолданылатын сөздер де бар. Мұндай сөздер талғаммен екшеліп жұмсалады. Кейбірі – ауызекі сөйлеу тілінің лексикасын құраса, ал кейбір сөздер тек жазба әдебиет үлгілерінде қолданылады. Соған орай сөйлеу тілінің лексикасы және кітаби лексика деп ажыратылады.
Қолданылу аясына байланысты сөйлеу тілі лексикасына: қарапайым сөздер, диалект сөздер және кәсіби сөздер, табу, эвфемизмдер жатады. Мұндай сөздер тек сөйлеу стилінде ғана емес, көркем туындылар тілінде стильдік-көркемдік мақсатпен, әр түрлі образ-бейнелер жасауда.
Бір жағдайды, хабарды тура айтпай тұспалдап жеткізетін сөздер табу (эвфемизм) делінеді. Стильдік тұрғыдан ұтымды тәсіл:
– Бұларың кім? – деді Ұлпан.
– Төрттен астам аулының жігіттері ғой «Алтыбақан» құрып жатқан.
– Төрттен астам?..
Төрттен астам – Бесбай аулы дегенді білдірер (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»).
Кітаби лексика – ойды нақты, дәл, анық беру үшін жазба әдебиеттерде қалыптасқан сөздер мен сөз оралымдары. Кітаби лексикаға көбіне саяси-әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық, экономикалық, іскерлік атаулар т.б. жатады. Белгілі бір стиль түрлерінде қолданылу аясына қарай ерекшеленеді. Мәселен, әр түрлі салалық терминдер ғылыми еңбектерде, әр түрлі оқулықтар тілінде көбірек ұшырасады. Ал көркем әдебиетте, ресми іс қағаздары тілінде, публицистикалық стильдерде сирек ұшырасады.
Байырғы сөздер, сирек қолданылатын сөздер көркем әдебиет стилінде көбірек жұмсалады. Көркем әдебиет, ғылыми шығарма, публицистика т.б. түрлерінде кітаби лексика элементтері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет