Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет66/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Эпифораөлең жолдарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Әр түрлі мақсатта қайталау болады.
Қыз бала көркем көрінер,
Беттегі нұрлы қанменен...
Еділ көркем көрінер,
Жағалай біткен талменен (А. Керейұлы).
Параллелизм (гр.–қатар жүруші) – сөз әсерін күшейту, әшекейлеу және ойды нақышты жеткізу үшін қолданылатын стильдік айшықтаудың бір түрі. Екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Бұл көркем шығармаларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі қолданылады. Мәселен, мақал-мәтел мен афоризмдерде жиі кездесетін құбылыс: киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер.
Параллельдер, әсіресе, өткен дәуірлердегі поэзиялық шығармаларда, дидактикалық толғауларда сөз қайталау арқылы, ұқсас және антитезалы сөйлем құрылымдарын келтіру арқылы құрылған ұтымды тәсіл:
Атамыз біздің бұ Сүйініш,
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған,
Келіншек болып түскен жұрт. (Қазтуған)
Антитеза (шендестіру) – қарама-қарсы ұғымдарды айшықтап суреттеу. Нәтижесінде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің бейнесі, суреті, сыр-сипаты аңғарылады, көбінесе антонимдер арқылы беріледі: Өссе тілім, мен де бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін (Ә.Тәжібаев).
Антитеза жолымен поэтикалық синтаксиске құрылған фразеологизмдер тілімізде жиі кездеседі: мың асуға бір тосу, бірде бие, бірде түйе, сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын, бетегеден биік, жусаннан аласа т.б.
Оксюморонмағынасы қарама-қарсы антоним сөздер өзара тіркесіп, бір ұғымды білдіреді, тапқырлық, көркемдік әсер, образды ұғым тудыратын біртұтас сөз тізбегі, стильдік тәсіл. Мысалы, тірі жетім тірі өлік, алпыстағы бозбала, жақсы өлім, пышақсыз бауыздау, жіпсіз байлану, уәдеден шығу (уәдеде тұру) т. б.
Каламбур (фр) – сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы жағынан ұқсас келуінен туатын стильдік айшықтау, құбылту түрі. Олар, негізінен, омонимдер мен омографтардан құралады. Көбінесе поэзиялық шығармаларда стильдік-эмоциялық әсер беру үшін, ұйқастың мәнін күшейту үшін қолданылады. Каламбурдың түрлері сатиралық, юморлық жанрдағы туындыларда жиі кездеседі. Каламбур жасау өте шеберлікті талап етеді, талғаммен жұмсауды қажет етеді. Мысалы,
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым (С.Торайғыров).
Аяғыңа қарамай,
Басып алдың қара май (М.Әлімбаев).
Градация (дамыту) – стильдік айшықтаудың бір түрі, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра суреттеу. Көркем шығармаларда жиі қолданылады: Қиқу салып құзға ұшқан, Құздан суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқа ұшқан (Т.Жароков).
Мақал-мәтелдерде: Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет