Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


-тапсырма. Мына сөйлемдерді ұғыну неге қиын екенін көрсетіп, кемшіліктерін айтыңыз



бет68/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

2-тапсырма. Мына сөйлемдерді ұғыну неге қиын екенін көрсетіп, кемшіліктерін айтыңыз.
1. Қиырға құлаш ұрар қыр соқпағына табаны тиген шақтан алдағы сапарының бейнеті қам жегізіп, бұрқырай бір көтерілер болса – көнбіс даланың астан-кестеңін шығарып, жанды-жансызбен тұлан тұта арқырап алыспай сабасына түспес арқаның ақ түтегі келмесін жиі тілеттіріп қоятын киян жол ауылдан ұзаған сайын сезікті созылар еді. Көкжиектен қылт етіп көтерілмей жатып, батысқа еңкейе салатын құстың солғын күні қар басқан, айнала меңіреу далаға жолаушы шырайын шығарар тарауға жарамай, өңі қашқан сұп-сұр аспанның шырқау биігінен енжар көз сайын көңілді құлазытқанша, жапанда жалғыз жолаушы сан-саққа жүйткір мазасыз ойдан өзге серік таппай сандалып, ат басын іркер межелі жердің қарасы танылғанша жоқ іздеген ала көңіл жанның кебін киер де, қарлы дала жалтақ-жалтақ қаратар (А.Смаилов).
2. Ол жігітті мен айтайын саған, бірақ зорлық қылмайтын болсаң... Осы уақытқа дейін Торсықбай тойғызды деп айтқан кедейді көргенім жок, қу моланың түбіне көміп қойған бірдемең болмаса (Ж.Шанин). 3. Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, құшағын күнге жайып, шаттана ұмтылмақ (С.Талжанов).
3. Жол үстінде іштей бір байламға келген жігіт ел жатқанша екі-үш кісіні жан-жаққа шаптырып, бас-аяғы бір күннің ішінде игі жақсыларды жиып алды. Бұл сөзді жүрегіне кек алған ашаң неміс қасындағы солдаттарын немісшелеп, дауысын көтере сөйлеп, бірдеңені айтып жатты. Мен Ленинградқа пойызбен келіп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Біз Торонтодан шығып, АҚШ-пен шекаралықтағы ұлы көлдерге жол тарттық. Дүниежүзіне жексұрын қараниетті, қанқұмар деген атынан АҚШ империалистері ат-тонын ала қашуға тырысқан.
Кешке жұмыстан кеп, ас-суын ішкесін атасының қасына отырды. Сарықұм ауылы егіннен өзге тіршілігі жоқ. Өңкей жатақтар бола тұрса да, сәнді ауылдың бірі болатын. Ол шетке кеткен сол туғандары екен. Қасындағы Көкбайдан жабыса сұрап, әр өлеңнің әнінің мәнін, жөнін ұғынып отыр. Енді қоныстың жақындаған шағында, Абай не қылса да сөйлесіп, арнаған сәлемін Базаралы мен Келденге айтып жібермек болса, сол жөнінде хат мөрлеп, қол-аяғын буғандай етіп, өз әміріне әкеліп береміз!-депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет