Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет67/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа – риторикалық айшықтау түрлері, сөздің әсерлілігін, бейнелілігін арттыру үшін қолданылатын стильдік тіркестер, шешендік тәсілдер.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін ? (Асанқайғы)
Немесе:
Айтшы, қайың,
Айналайын,
Еркетайым қайда екен? (Б. Күлеев)
Ал қаратпалар адамға да, жансыз заттарға да айтылады. Олар көбіне эпитеттермен, одағайлармен келеді, сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын құбылта түсу үшін жұмсалады.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін! (Ақтамберді)
«Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың. Өзіңді өзің күң қыласың» (Ж.Аймауытов).


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:



  1. Сөз образы. Образдылықтың түрлері, күрделі категория екендігі.

  2. Троптар мәні мен түрлері. Эпитет. Теңеу. Метафора. Метонимия. Синекдоха. Гипербола мен литота. Ирония. Сарказм. Аллегория. Ассонанс. Перифраза.

  3. Стилистикалық фигуралар. Стилистикалық фигуралардың ежелгі антик дәуіріндегі сипаты. Анафора. Эпифора. Параллелизм. Антитеза. Градация. Инверсия. Эллипсис. Риторикалық қаратпа. Риторикалық сұрақ.



СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР


1-тапсырма. Берілген мәтіндерді әдеби тіл стильдерінің түріне қарай ажыратып талдаңыздар.
а) Ақ ниетпен күткен әке-шеше арманы орындалды. Оң жағына біздің тұмағадай ақ отауымыз қонды. Ауыл көркі де жаңа отаумен, қаладан оқып қайтқан азаматымен өзінше сәнденген тәрізді. Өз әлінше қонақ-қопсы, ойын күлкі де бар. Бірақ, осылардың бәрі уақытша, бір желпіну тәрізді. Өйткені менің алдымда ілгері оқуға ұмтылған талап бар. Жар көңілінде жан анасынан айрылған, туып-өскен ауылынан аттанып бөгде босағаға бағынған именшектік бар.
ә) Сөз тіркесі құрылысына қарай жай және күрделі болады. Жай сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден: басыңқы және бағыныңқы сыңардан, өз алдына дербес мағынасы, өздеріне тән морфологиялық өзгерісі және синтаксистік қызметі бар сөздерден құралады. Мысалы: екі бала, оқыған жігіт, оқып айтты, қаладан қайтты т. б.
б) Шіркін, тәуелсіздік, не деген қымбат, не деген қадірлі едің біздің халқымыз үшін! Не деген асқақ едің, не деген арманды едің! Халық сені ғасырлар бойы аңсады да, армандады да ғой. Сен үшін тарықты да, зарықты да ғой. Сонда да саған деген сенімін жоғалтпады, алға үмітті сеніммен қарады.
в) Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара-жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау май мұрыңды, қоңыр өңді кісі. Сол кезде Боржабайдың үйінде жүз елудей қой, жиырмадан астам жылқы, қырық-елуге жақын сиыр бар. Оның үстіне жұрт Боржабайды ақшалы да деседі.
г) Мамырдың 30-31-і аралығында Қарағанды қаласында ұлт-аспаптар шеберлерінің «Үкілі домбыра» сайысы өткізіледі. Қазылардың қанша талабы өз алдына: ең бастысы, ою-өрнекті домбыраның саусақ тимей «сөйлеп тұруы» – шарт. Және осы домбырамен ән салып, күй төгіп беруің қажет.
Сайысқа қабылданған домбыралар соңынан Балалар үйлерінде құрылатын ұлт-аспаптар оркестріне беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет