3-тақырып. Ежелгі алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия. Географиялық орта, халық. Месопотамиядағы мемлекеттің қалыптасуы. Б.з.д. ІІІ мыңж.Месопотамияның негізгі тарихи даму процестері. Ұлы өзендер: Тигр және Евфрат. Месопотамияда ирригациялық егіншіліктің даму жағдайы.
Ежелгі Месопотамия тарихының кезеңдері. Ежелгі Месопотамия тарихының маңызды деректері және тарихнамасы.
Месопотамияны қоныстану процесі. Шумер – б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың І-ші жартысындағы елдегі экономикалық, саяси және мәдени даму орталығы. Ертеәулеттік дәуірдегі шумерлік қала-мемлекеттердің саяси тарихы. Лагаш, оның өркендеуі мен құлдырау тарихы. Аккад билігіндегі Месопотамия. Кутилердің басқыншылығы және Аккадтың құлдырауы. Аморейлер мен эламдықтардың шабуылы және Шумер-Аккад патшалығының құлауы.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Месопотамия. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Месопотамияның саяси бытыраңқытылығы. Вавилонның күшейуі. Касситтік әулет тұсындағы Вавилон. Митания мемлекеті. Митания мемлекетін ассириялықтардың талқандауы. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың –ші жартысындағы Ассирия қоғамы мен мемлекеті. Арамей тайпаларының басып кіруі және Ассирия мемлекетінің құлдырауы.
Ассириялық және жаңававилондық державалар. Жаңаассириялық кезеңдегі Ассирияның экономикалық және әскери-саяси өсуі. Б.з.д. ІХ ғасырдағы Ассирияның жаулап алулары. ІІІ Тиглатпаласар реформалары және Ассирияның қайта өрлеуі. Б.з.д. І мыңжылдықтағы Ассирия державасының әлеуметтік-экономикалық құрылысы және саяси ұйымдастырылуы. Ассирияның құлау себептері. Вавилонда Ассирия билігінің орнығуы. Набонид және елді парсылардың жаулап алуы. Парсылық саяси жүйе шеңберіндегі Вавилония. Б.з.д. VII-IV ғасырлардағы Вавилонияның экономикасы мен қоғамы. Ауыл шаруашылығы және аграрлық қатынастары. Храмдық шаруашылықтар. Қолөнер мен сауда. Өсімқорлық. Кейінгі Вавилония қоғамының құрылымы.
Ежелгі Месопотамия халықтарының мәдениеті. Діни түсініктері және негізгі нанымдары. Месопотамия халықтарының мифтері. Месопотамиядағы жазу. Сына жазуы. Ежелгі Месопотамия әдебиетінің даму сатылары. Гильгамеш туралы эпос. Білім беру жүйесі. Мектептер, мұрағаттар, кітапханалар. Ғылыми-тәжірибелік білімнің қалыптасуы.