4-тақырып. Ежелгі Кіші Азия және Закавказье. Кіші Азия: территориясы және халқы. Тарихының ежелгі кезеңі. Кіші Азияның ежелгі тарихы туралы деректер.
Хетт патшалығы. Ежелгі Хетт мемлекетінің қалыптасуы. Хетт патшалығының Жаңахеттік кезеңдегі қайта өрлеуі. Жерорта теңізінің шығыс жағалауы және алдыңғы Азияда үстемдік ету үшін күрес. “Теңіз” халықтарының шабуылы және Хетт державасының құлауы. Хеттер экономикасы. Хетт мәдениеті.
Урарту және Закавказье мемлекеттері. Урарту мемлекеті – Ван патшалығының пайда болуы. Урартудың Ассириямен күресі. Урарту мемлекетінің құлдырауы және құлауы. Закавказьедегі Урартудан кейінгі кезең.
5-тақырып. Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Ежелдегі Сирия, Финикия, Палестина, Карфаген. Б.з.д. І-ші мыңжылдықтағы Финикия мен Сирияның өркендеуі. Палестина территориясына ежелгі еврей тайпаларының басып кіруі. Б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтар аралығында Израиль-Иудей патшалығының құрылуы. Оның екі патшалыққа: Израиль және Иудейге бөлінуі. Б.з.д. І-ші мыңжылдықтағы Палестинадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Пайғамбарлық қозғалыс.
Шығыс Жерорта теңізі жағалауы Ассирия, Жаңа Вавилон, Парсы державаларының билігінде. Шығыс Жерорта теңізі жағалауы халықтарының материалдық мәдениет дамуындағы жетістіктері. Дін және мифология.
Солтүстік Африкадағы Карфаген және басқа да финикиялық колониялар негізінің қалануы. Қолданбалы ғылымдар: агрономия, математика, астрономия, география, фортификацияның ерекше дамуы.
6-тақырып.Ежелгі Иран мен Орта Азия. Элам және Мидия-Иран территориясындағы ең ежелгі мемлекеттері. Ежелгі Иран мен Орта Азияның табиғаты және халқы. Иран мен Орта Азияның географиялық орналасуы және табиғи жағдайы. Иранның ежелгі тарихы жөніндегі деректер және тарихнама. Киелі кітаптар жинағы «Авеста». Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың ІІ-ші жартысы-б.з.д. ІІ мыңжылдықтың І-ші жартысындағы Элам. Б.з.д. ІІІ-І-ші мыңжылдықтағы Мидия территориясындағы ежелгі тұрақтар. Иран тілдес тайпалардың енуі және таралуы. Мидия тайпалық одағы. Мидияға Ассирия шабуылы. Мидия қоғамы, мемлекеттік құрылымы және мәдениеті.