Студенттерге арналған пән бағдарламасы


Б.з.д. VI-IV-ші ғасырлардағы “әлемдік” Парсы державасы



бет7/15
Дата08.12.2023
өлшемі322 Kb.
#134918
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Б.з.д. VI-IV-ші ғасырлардағы “әлемдік” Парсы державасы. Б.з.д. І мыңжылдық басындағы парсы тайпалары. І-ші Дарийдің билікті басып алуы және Персия державасының бүтіндігінің қалпына келтірілуі. Персияның діні мен мәдениеті. Мүсін өнері, рельеф, бояулы суреттер.
Б.з.д. ІІІ-І- мыңжылдықтар межесіндегі Орта Азия. Қоғамның мүліктің және әлеуметтік жіктелуі және мемлекеттің қалыптасу процесі. Ерте Бактрия мемлекеті. Көшпелі сақтардың тайпалық одақтары. Орта Азиядағы Парсы үстемдігіне қарсы көтеріліс.
Кушан державасы және Парфия. Орта Азия Селевкилер мемлекетінің құрамында.Грек-Бактрия патшалығының құрылуы.Грек-Бактрия патшалығының қиратылуы.Парфия патшалығының пайда болуы: әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысы. Парфия мемлекетінің және оның мәдениетінің тарихи маңызы.
7-тақырып. Ежелдегі Оңтүстік Азия.
Ертедегі оңтүстік Азия. Ерте дәуірдегі оңтүстік Азияның территориясы,табиғаты мен халқы. Ең көне (Инд) өркениеті. Ең көне (Инд) өркениетінің пайда болуы. Мохенджо-Даро және Хараппа. Инд өркениеті орталықтарының ауыл шаруашылығы, қолөнері мен саудасы. Қаланың бейнесі мен қалалықтар тұрмысы. Ганг жазығындағы алғашқы мемлекеттер (б.з.д. ІІ мыңж. Соңы - І мыңжылдықтың бірінші жартысы).
Арий мәселесі. Арийлердің экономикасы және әлеуметтік қатынастары. Ганг жазығының игерілуі. Темірді қолдану. Қоғамдық және саяси құрылысы. Әлеуметтік жіктеліс. Абыздар мен әскери ақсүйектердің рөлі. Варналар жүйесі. Брахмандық дін. Саяси құрылымдар – Солтүстік Индияның монархиялары мен республикалары.
Жалпы индиялық державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. І мыңж.ІІ-ші жартысы). Индияға грек-македондықтардың басып кіруі және олармен күрес. Маурилер империясы және оның гүлденуі. Ашоканың сыртқы, ішкі және діни саясаты. Буддизмнің таралуы.
Грек-Бактрия патшалығымен қақтығыс. Жалпы индиялық империяның әлсіреуі. Оның өмір сүруінің тарихи маңызы. Маурилер әулетінің ауысуы. Таптар, варналар, касталар және олардың қатынастары. Тәуелсіздік пен қанау формалары. Құлдық. Жалдамалы еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет