Студенттерге арналған пән бағдарламасы



бет2/15
Дата08.12.2023
өлшемі322 Kb.
#134918
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ПӘНДІК БАҒДАРЛАМА


Оқытушылар туралы мәліметтер:
Батталов Қайрат Қанатұлы – тарих, археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (дәріс, тәжірибелік сабақтары)
тел. 673685 ішкі. 1326.
Консультация уақыты: жұма 11.00 – 13.00 № ауд. 431, ОУК
«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша типтік бағдарлама МЖБС сәйкес мәдениеттану бөлімінің студенттеріне арналып, кредиттік білім беру технологиясы негізінде құрастырылған..
Барлық сағат саны – 135 (3 кредит). Оның ішінде: дәріс – 30 с., тәж. – 15 с. СӨЖ – 90с.
Бақылау түрі –емтихан


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Ежелгі дүние тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір бөлігі және IV мыңжылдықтың соңында Ніл мен Евфрат аңғарларындағы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдардың пайда болуынан басталып біздің заманымыздың V-ші ғасырының екінші жартысына дейінгі кезеңді қамтып, негізінен құлиеленушілік қоғам тарихын зерттейді.
Бұл пәнді оқу барысында студенттерде алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы, дамуы мен құлауы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру керек. Бұл уақытта экономикалық қатынастардың, әлеуметтік және сословиелік құрылымның, мемлекеттік ұйымның, идеалогиялық және діни өмірдің жаңа формалары қалыптысып жатты, адамзат қоғамының кейінгі дамуы үшін бастама жасаған мәдени құндылықтар пайда болды. Сондықтан да ежелгі дүние тарихын оқу қазіргі заманғы жоғарғы тарихи білім берудің міндетті бөлігі болып табылады.


1.1 Пәнді оқыту мақсаты:
«Ежелгі дүние тарихы» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы тарихи құбылыстарды түсінуге, теориялық көзқарасты маман ретінде қалыптастыруға, ежелгі дүние тарихының жалпы тарихи процесстегі маңызын және ролін көрсетуге, студенттерді ежелгі дүние кезеңі қоғамының, адамның және адам қоғамының негізгі кезеңдерінің даму ерекшеліктерімен таныстырып отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру, құлиеленушілік қоғам формациясын оқып үйрену негізінде студенттердің тарихи ойлау қабілеттерін арттыру көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет