10-тақырып. ҚОС НҮКТЕ. НҮКТЕЛІ ҮТІР МЕН КӨП НҮКТЕ
Дәріс мақсаты: Қос нүкте, нүктелі үтір мен көп нүктенің қойылатын орындарымен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қос нүктенің қойылатын орындары
2. Нүктелі үтір, қойылатын орындары.
3. Көп нүкте, қойылатын орындары.
4. Жай сөйлемде қойылатын орындары.
5. Құрмалас сөйлемде қойылатын орындары.
ҚОС НҮКТЕ
Қос нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына байланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі – сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.
НҮКТЕЛІ ҮТІР
Нүктелі үтір, негізінен, жай сөйлемдердің (хабарлы) арасына қойылатын тыныс белгі. Бұл аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар, талдап, санамалап, пунктпен баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қойылады.
Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өз ара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады.
КӨП НҮКТЕ
Көп нүкте мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгісі. Көп нүкте түрлі себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |