15-тақырып. ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР МЕН ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Дәріс мақсаты: Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге байланысты тыныс белгілерін жан-жақты сипаттау.
Сұрақтар:
Айқындауыш мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілер.
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
Құрмалас сөйлемге байланысты тыныс белгілер
Айқындауыш мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілер
1. Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Олар:
а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:
Еліміздің шығысында, Орал мен Сибирьде, жаңа көмір-металлургия базалары жасалды.
ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша, айтқанда, көбінесе, оның ішінде, тіпті сөздерімен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса, оңашаланған мүше болады. Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |