6-тақырып. ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ. ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
Дәріс мақсаты: Қос сөздердің жазылуын сипаттау. Қосымшалардың жазылу ережелері, ондағы өзгерістер жайлы толық мағлұмат беру. Шылау сөздердің жазылу ережелерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қос сөздердің емлесі
2. Қосымшалардың жазылуына байланысты өзгерістер
3. Орыс тілінен енген сөздерге қосымшалардың қосылуы
4. Шылау сөздердің жазылуы
ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
Қос сөздердің барлық түрі дефис арқылы жазылады. Мыс: дүркін-дүркін, үлкен-кіші. Араларына да, де, та, те шылауын салып, етістіктің бұйрық рай тұлғасынан жасалған сипаттама тіркестер қос сөздер сияқты дефиспен жазылады. Шылау сөз бірінші сыңарға қосылып беріледі: уда-шу, келде-кет, аста-төк.
Достарыңызбен бөлісу: |