ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
1. Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жалғанады: мұғалім-ге, пленум-да.
2. Тырнақшаға алынған сөздерге жалғанатын қосымшалар тырнықшаның ішіне жазылады. Мысалы: «Абай жолын» оқыдым.
Шылау сөздер төмендегіше жазылды:
1. Шылаулар, негізінде, бөлек жазылады: сабақтан кейін.
2. Ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис арқылы жазылады: сен-ақ, шамалы-ақ, барыпты-мыс.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Қос сөздер қалай жазылады?
2. Қосымшалардың жазылуына байланысты қандай өзгерістер бар?
3. Орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар қалай қосылады?
4. Шылау сөздер қалай жазылады?
Әдебиет:
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы: Рауан, 1996.
Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002
Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Павлодар, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |