Студенттерге арналған пән силлабусы пән туралы ақпарат


«Когнитивтік лингвистика»



бет2/5
Дата14.03.2023
өлшемі55,47 Kb.
#74304
1   2   3   4   5
«Когнитивтік лингвистика» пәні тіл білімі танымдық парадигмаларын меңгеруге, оның ішінде антропоцентристік парадигманың ішіндегі лингвокогнитология, концептология, тіл мен ойлау, ұғым мен мағына салаларының мақсат-міндеттерін, зерттеу нысандарымен танысады. Аталмыш аспектіде зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК
Пәннің мақсаты: тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика саласының мақсат-міндеттерін, пәннің қалыптасуы мен тарихын, зерттеу нысаны мен ұғымдары, құрылымдық жүйесін (концепт, фрейм, ойбейне, ақиқат дүние), зерттеу әдістерін, концептілік талдау тәсілдерін меңгерту.
Пәннің негізгі міндеті:
- Когнитивтік лингвистика – антропоцентристік парадигманың саласының тілі екенін игерту. Тілдік экстралингвистикалық факторлардан туындаған жаңа бағыт екенін түсіндіру;
- Тіл білімінің ғылыми бағыттарымен таныстыру. Антропоцентристік бағытта қалыптасқан жаңа тіл салаларының мақсат-міндеттерін түсіндіру;
- Когнитивтік лингвистика парадигмасының кезеңдерін меңгерту. Когнитивтік лингвистика ғылымының қалыптасуы мен тарихын игерту;
- Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуін түсіндіру;
- Қазақ тіл біліміндегі ғылыми бағыттар. Құрылымдық лингвистика, мектептер, өкілдері, зерттеу барысы мен бағыттарын түсіндіру; Антропоцентристік тіл білімі ғылымының зерттелу тарихын меңгерту;
- Тіл біліміндегі антропоцентристік парадигманың бөлімдері - когнитивтік лингвистикадағы концепциялық мәселе, концептілік жүйе және оның құрылымы: фрейм, ойбейне, схема, гештальт ұғымдарының міндеттерін түсіндіру.
6B02301 – филология мамандығы білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады
ОН - 6. Сандық технологияның дамуымен байланысты көпфункциональды ақпараттар легімен жұмыс істейді, өзгерістерге тез бейімделеді, тіл үйренуге бейім, ынтымақтастық жағдайында топта жұмыс істейді және сыни ойлай алады.
ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады.
ОН - 11. Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, тәжірибеде орынды қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет