Студенттерге дұрыс тамақтану мен ұйқының жетіспеушілігі
Орындаған:
Күзембаева Мейіргүл
Аушенова Аружан
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті КЕАҚ
Кіріспе
Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтатын болсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажетті компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасыз азық-түліктерді пайдалану және т.б.
Студент денсаулығы – оның болашағының негізі. Оқу кезеңі барысында тамақтануды дұрыс ұйымдастыру денсаулықты сақтаудағы маңызды факторларға жатады. Студенттердің тамақтануға қарым-қатынасын жақсарту, ұтымды тамақтану арқылы өз денсаулығын қалыптастыруға, оқу және өмір сапасының жоғарылауына, алиментарлық-тәуелді аурулардың төмендеуіне алып келеді.
Өзектілігі Студенттер арасында тамақтанумен байланысты алиментарлық аурулардың, асқазан-ішек жолдарының аурулардың жоғарылауы жұмыстың өзектілігін арттыруда.
Мақсаты Студенттердің тамақтану шарттары мен ережелерін, студенттер арасында тамақтанумен байланысты алиментарлық аурулардың алдын алуын талдау. Студенттердің өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Жоғары оқу орнының студенттері еліміздің еңбек және интеллектуалды әлеуетінің маңызды резерві болып табылады және олардың денсаулығын сақтау – мемлекеттің негізгі стратегиялық міндетіне кіреді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар: 1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
3) тамақтану режимін сақтау қажет.
1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.