Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 71,2%-ы фаст фуд өнімдерін сирек 27,3% жиі тұтынады және 36,4% асқазан ішек ауруы кездеседі, 45,5% адамның ұйқысы уақытылы емес,43,9% на ұйқыдан ояну жиі қиындық туғызады, ал 40,9%студенттердің ұйқыдан оянуы үнемі қиындық тудырады.
Сіз ыстық тамақты күніне неше рет қабылдайсыз?
Фастфуд өнімдерін жиі қолданасызба?
Тойына тамақтану адам денсаулығына созылмалы ауруларға алып келеді, осыған орай, студенттердің 43,9 % күніне 1 рет ыстық тамақ тұтынады , ал 25,8 % таңғы асты ішпейтіні белгілі болды.
Тойына тамақтану адам денсаулығына созылмалы ауруларға алып келеді, осыған орай, студенттердің 43,9 % күніне 1 рет ыстық тамақ тұтынады , ал 25,8 % таңғы асты ішпейтіні белгілі болды.
Сізде асқазан ішек жолы аурулары бар ма?
Энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігі физикалық белсенділікке байланысты дифференцияланады. Ал, ой еңбегімен айналысатындар үшін көбінесе калориясы аз азық-түлік қажет етіледі.
Мектеп оқушылары мен студенттер арасында жиі кездесетін мәселе – ұйқының дұрыс болмауы. Оған себеп үйге берілген тапсырманың көптігінде болуы мүмкін. Алайда тапсырманы орындап, жақсы баға алғанымен, денсаулығына зардап келтіретін жастар баршылық.
Дұрыс ұйқы – бір күннің өнімді өтуіне басты себепшінің бірі. Бірақ әр адамның организмі әртүрлі болғандықтан, өзіңе ыңғайлы уақытты таңдап алғаның абзал.
Мәселен, кейде 8 сағаттың өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал кейбір адамдарға 6 сағаттық ұйқы да жетеді. Сондықтан бұл адамның ағзасына байланысты.
Ұйқы: Қосымша жұмыс, қыдырыс пен оқу. Бәрін бір күн тәртібіне сыйдыруға қиынға соғатындықтан бір нәрседен бас тартуға тура келеді. Көбіне студенттер оқуға бармауды жөн санайды. Оны білім деңгейінің нашарлығымен және талаптың әлсіздігімен байланыстырады. Дегенмен, студент – болашақ маман екенін ескере келе, оқудан бас тартпауға кеңес береміз.
Қанша жерден жетіспеушілік болып жатса да, жұмыс жасауға студенттік шақпен қош айтысқаннан кейін де үлгеретініңізді ескергеніңіз дұрыс.
Ұйқының болмауының көпшілікке әйгілі салдарының бірі болып табылады ұмытшақтық. Ұйқы кезінде, күн ішінде алынған ақпарат пен әсерлер мидың әртүрлі бөліктерінде сақталады. Бұл ұйқының барлық кезеңдерін қажет етеді. Мәселен, шет тілін үйрену кезінде жаңа сөздер бір фазада жатталып қалады, ал екіншісінде айтылым болады.