Астмоидты тынысы бар балаға небулайзерді қолданып, көмек көрсету.
1
Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, баланың аты-жөнін, жасын, бақыланатын емдеу мекемесін сұрады. Баланың сеніміне кірді. Баланың алғашқы немесе кезекті қаралуы ма екендігін сұрады.
2
Анасынан балада бар проблемаларды сұрастырып, аурудың себебіне талдау жасады. / аллергиялық күй, тұқымқуалау факторы, жиі аурушаңдық/Анамнез жинау барысында асматоидты тыныс алудың бұрын орын алғандығы, бронхолитиктердің көмегі болғандығы, демікпе диагнозының қойылған –қойылмағандығын сұрап анықтады.
3
Пациенттің жалпы жағдайын бағалады. Баланың физикалық күйіне баға беру мақсатында антропометриялық көрсеткіштері алынды, дене қызуын өлшеді. Жалпы қауіп белгілері бар – жоғын тексерді: - Бала сұйықтық іше ала ма немесе емшек еме ала ма?