Студенттің өзіндік жұмысы №7 Сенсорлық жүйелердің физиологиясы мен гигиенасы Жоспар: Ағзаның сенсорлық жүйесі;
Талдағыштардың қызметі, қасиеттері;
Көру талдағыштары;
Есту талдағышы.
Ағзаның сенсорлық жүйесі.Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
1. Визуалдық (В). Бұл біздің нені көретініміз. Бейнелер (образдар), суреттер, кино. Визуалдық жүйе сыртқы сигналдарды (сіз қазір мониторға қарап және сөздер мен әріптерді көресіз), сондай-ақ ішкі бейнелерді (сіз өзіңіздің көз алдыңызға үлкен пілді келтіре аласыз) де өңдей алатындығына назар аударуға болады. Визуалдық жүйе бір қатар қайталамас сипаттамалар мен қасиеттерді иеленеді. Біріншіден, ол өте жылдам. Сіз енді бұл сөйлем қатарын аяғына дейін оқып үлгірмейсіз. Сонымен қатар баста әр түрлі суреттердің орасан мол саны жылт етіп көрінеді, мысалы, сол піл, пілдің балалары, жираф және тағы бірдеме. Екіншіден, бейнелерді қабылдау параллельді (бір мезгілде) жүруі мүмкін. Сіз өзіңізге жайлы түрде өзіңізге алманы да, алмұртты да, жүзімді де, шарап бөтелкесін де және тағы бірдеңені бір мезетте көз алдыңызға келтіре аласыз. Бұл екі қасиет нәтижесінде визуалдық жүйе ақпараттың үлкен көлемін өңдей алады.
Үшіншіден, визуалдық жүйе құрастырмалы (конструктивті), яғни біз тіпті бұрын көрмеген суреттерді де көре аламыз. Мысалы, симультивті тринклюкатор қандай болуы мүмкін? Оны елестеттіңіз бе? Ал күлгін теңбілдері, көгілдір құлақтары және құйрығында жасыл бантигі бар қызғылт піл ше? Визуалдық жүйенің тағы бір ерекшелігі бар – диссоциацияға бейімділік. Бұл жөнінде біз сізбен өткен шығарылымда әңгімелестік. Сіз бір кездері америкалық төбешіктерде сырғанадыңыз ба? Немесе төбелеске қатыстыңыз ба? Эмоциялар қандай? Көп пе? Бұл ақпаратты, оның ішінде көру ақпаратын ассоцирленген (тікелей) қабылдау. Ал енді америкалық төбешіктерді сырғанағандарды немесе төбелескендерді сыртынан қарап тұрсыз деп елестетіңіз. Енді эмоцияларға не болды? Аз ба? Ал мүмкін мүлдем жоқ шығар? Бұл диссоциация дегеніміздің нақ өзі.