Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет19/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

4. Ес, сана, ұйқы, гипноз. Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі.
Ұйқы – адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Оның қалыпты ұйқы және терең ұйқы түрлері болады.
Гипноз (лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы (Гипноз сеансының мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту). Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін. 

5.Түс көру. Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет