Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар


Талдағыштардың қызметі, қасиеттері



бет22/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

2.Талдағыштардың қызметі, қасиеттері. Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам организімі мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
3. Көру талдағыштары. Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.
4. Есту талдағышы. Организмнің есті функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің төрбелмелі қозғалыстары болып табылады. Бұл тербелістер талқын түрінде ауада, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауамың периодты тербелістерін қабылдап, олардың механикалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды – қабылданудың субъективі; түрі –есті түйсігі.
Анализатордың шеткі бөлімі – құлақ, ол сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы құлақты – құлақ қалғаны мен сыртқы есету жолы (түтігі құрайды). Құлак қалқаны арқылы ұсталған дыбыс толқындары сыртқы есту жолымен (ұзымдыны – 21-27 мм, диаметрі – 6-8 мм) өтіп, дабыл жарғағына жететі. Дабыл жарғағы қалындығы 0,1 мм, тамшықтардан тоқылған, сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан (дабыл қуысынан) бөліп тұратын қалңа. Пішіні ішке қарай иілген воронка тәрізді. Ол артқы есту жолы арқылыл жеткен дыбыс тербелістерінің әсерінен тербеліске келеді.
Ортаңғы құлақ қуысы ауамен толып тұрады. Онда өзара байланысқан үш сүйектен тұратын тәзбен бар: балғашық, төс және үзеңгі. Бұлар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлақ қарай откізеді. Балғашықтың тұтқа жағы дабыл жарғағамен, ал екінші жағы төскен байланысқан. Төске ішкі құлақ жағынан үзңгі сүйек келіп байланысады. Үзеңгіге оның алдынадағы сүйектер арқылы амплитудасы келіген, бірақ күні өскен тербелістер келеді. Қеңсі табаны ішкі құлақты ортаңғы құлықтан бөліп тұрған сопақша терезе жарғағына жалғасады. Сонаңша терезе мембранасына жететін дыбыс толқындарының қысымы 22 ел өседі. Бұл жағдайдың маңызы ерекше. Осының арқасында дабыл жарғанына әсер мембранасының кедергісін жеңіл ұлу түтіктегі сұйықтың бағаның қозғалысқа келтіре алады.
Ішкі құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы қабырғада сопақша терезеден басқа, мембранамен қапталған дөңгелек терезе болады. Сонақша терезе арқылы туған ұлу түтіктегі сүйықтың тербелісі әлсіремей (өшусіз) доңгелен терезеге жетеді. Егер осы терезедегі мембрана болмаса, сүйықтықтың сығылмайтындығынан оның тербелісі бөлмас еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет