Студенттің Өзіндік жұмысы иондаушы сәулелердің ас қорыту ағзаларына әсері



бет4/5
Дата28.11.2022
өлшемі27,61 Kb.
#53231
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дүйсенәлі Рамазан ВМ 405

Қарын асты безі. Әсер еткен дозаға байланысты қарын асты безінің қызметі мен құрылымы өзгереді. Доза төмен болса, фермент түзеу күшейеді, ал жоғары доза амилаза, липаза, трипсин активтілігін, инсулиннің түзелуін, ұйқы безі сөлінің шығуын нашарлатады. Сонымен қатар ұлпа бездерінде қан құйылу, құрылымдардың бұзылуы, шіру т.б. өзгерістер ұдайы жүріп жатады.
Бауыр. Радиацияға бауырдың сезімталдығы өте төмен, бірақ орташа өлім ӨД 50/30 дозасы түскенде жануарлар бауырындағы биохимиялық реакциялар бірсыпыра өзгерістерге ұшырайды. Каталазаның активтілігі төмендеп, сілтілік фосфотазаның активтілігі жоғарылап, ет түзеу нашарлап, мүшенің негізгі ұлпаларындағы холестериннің алмасуы төмендеп, еттің сапасы, құрамы өзгеріп ішекке өтуі қиындайды. Белок, май, көміртекті бауырдағы алмасу өзгереді. Бауырда шіру, қан құйылған, ұлпалар, азған участоктар пайда болады да, мұның аяғы бауырдың бүрісуіне әкеп соғады. Иондаушы сәулелердің аса бір көрнекті белгісі, ол өт қабығының қабырғаларындағы қан құйылу, өттің қою созылмалы, жасыл түске ауысуы.

Қорытынды
Ағзаға радии, стронции түскен кезде ұсақ дисперсті барии сульфатын 50,0 г, натрии алгинатын 10-12 г/тәу. 200 мл сумен ішке қабылдайды. Радиоактивті йодтағы сәуленің күшін азайту үшін үлкен адамға 7-14 күн бойы 250-300 мг тұрақты йод немесе калий йодидті қолдану керек.

Полонии ағзаға түскен кезде анықталған тізбек бойынша шұғыл 5% ертінді түрінде оксатиолды тағайындаймыз. Алғашқы 4 тәулікте препаратты 50 мг/кг есебімен 2 рет, содан соң 2 күн үзілістен кейін дозасын 40 мг/кг төмендетемізде 3 күн қатар алады, ал 12 күннен бастап осындай үзілістен соң — 35 мг/кг дейін төмендетеміз(3 күн). Препаратты баяу, тамшылатып енгіземіз. Жанама әсерлеріне жүрек айну, қан қысымының төмендеуі жатады, осы кезде кофеин, супрастин, пипольфен тағайындалады.

Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы. Дәрігерлік еңбек сараптамасының сұрақтары жалпы статусымен, бұрынғы және қазіргі кездегі жұмыс қабілетіне, сонымен қатар жалпы соматикалық және кәсіптік аурулар кезіндегі тексерілулерге және медидициналық қарауларға байланысты. ССА бойынша мүгедектікке ауыстыру көрсеткіштері өте шектелген.

Аурудың қалыптасуы кезіндегі тексерілулер кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, ал қорытындысында уақытша (3-6 ай) басқа жұмысқа ауыстыру шешіледі. Шешімді стационарлық немесе поликлиникалық емдеу орындарындағы ДБК қабылдайды.

Барлық жағдайларда 4 ай емнен кейін және еңбек қабілетін төмендететін сәулелі зақымданулардың айқын белгілері болған кезде науқасты ДЕСК жолдайды.

Жұмыс қабілетін тұрақты төмендетеді: 1) тіндер мен ағзалардағы терең трофикалық және склеротикалық жергілікті өзгерістер, көру қабілетінің төмендеулерімен катаракта, ампутациялық дефектілір және контрактура: 2) айқын астенизация, орталық жүйке жүйесімен тамырлардың органикалық зақымданулары: 3) анемия, қан түзудің компенсирленбеген гипоплазиясы.

Мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілеті сақталған кезде 3 топтың мүгедектігі беріледі.

Алдын алу. ССА алдын алу шараларына қатаң түрде жұмыс ережелері мен нормативтерді сақтау жатады. иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істейтін адамдар міндетті түрде дәрігерлік бақылауында болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет