Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені


Дəріс № 11 Тақырып: Престеуге арналған жабдықтар



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8063
1   2   3   4   5   6

Дəріс № 11

Тақырып: Престеуге арналған жабдықтар.

Престеу деген металды қалыпты күйінде, металдың шығу тесігінде, цилиндрлі ауызда

сығымдау процесі. Престеу түсті металдарды жəне сирек болатты өңдеу үшін қолданылады.

30-сурет. Престеу əдісінің сұлбасы:

а) түзу; б) қайыра; 1-матрица; 2-құйма; 3-жүкқорап; 4-пуансон;

5-пресс тығырық; 6-беріктеу шығырығы (шайбасы).

Металды престеудің екі əдісі бар. Түзу жəне кері.

Түзу престеу əдісіне (30 а-сурет) жүкқорапқа салынған құймаларды пуансон арқылы

түсіреді, металдың  қалып  тесігі  арқылы  пуансонға  бағытталған  қозғалыста  сығымдайды.

Осы операцияның соңында жүкқорапта металдың аздаған бөлігі қалады. Оны пресс қалдығы

деп атайды (18–20% дайындама массасы).



Кері престеу əдісінде (40 б-сурет) металл пуансон қозғалысы қарсысына жылжығанда

сығымдалады. Осы  əдіспен  престегенде  пресс  қалдығы  кішірейеді (5–6% дайындық

массасы).

Түзу престеу əдісінде престің көтерілуі жоғарылап оның кері оралуындағы престеуге

аз күш жұмсалады.

Металды  плунжердің  орналасуына  қарай  гидравликалық  престің  күшімен  көлбеу

немесе тік престеуге болады.

Металды престеу – ол алдынғы дайындаманың металын пуансон арқасында ығыстыру,

контейнерде  орналасқан  матрицаның  тесігі  арқылы  жүргізіледі. Бұл  пластикалық  өңдеу

тəсілі    өте  кең  таралған  -  металдарды  ыстық  жəне    суық  күйде  деформациялау  кезінде,

сонымен қатар металды  жəне металемес ұнтақтарды өңдеу кезінде қолданады.

Престеумен  диаметрі 3...250 мм  шыбықшаларды  əзірлейді, диаметрі 20...400 мм

құбырларды, қуыс  профилдерді  дайындайды. Машина  бөлшектерінде, конструкцияларда,

басқада бұйымдарда қолданатын  престеу тəсілімен алынған профилдері экономикалы болып

келеді  прокаттау  немесе  құюмен  алынған  профильдерге  қарағанда. Престеумен  тағыда

күрделі бұйымдарды алуға болады, басқа тəсілдермен алуға болмайтын жағдайда.

Металды престеудің артықшылығы  ол  пластикалық өңдеуді жақсартады; пластикалық

қасиеті  шамалы  болатын  метал  мен  қортпалардың  пластикалық  қасиетін  арттырады;

бұйымның  əр  түрлі  көлденен  қимасын  алуға  болады; бұймдардың  кен  сотраментін  алуға

болады.


Престеу  мен  алынатын  бұйымның  кемшіліктері: металдын  бір  бөлігіне  металдын

шығыны  көбірек; бұйымның  ұзындығы  бойынша  механикалық  жəне  басқа  қасиеттердін

тегісеместігі; пресс жабдығынын құны қымбаттырақ.

Престеу  процессі  металды  жан-жақты  қысу  арқылы  өтеді, бұл  оның  пластикалық

қасиетіне жақсы əсер тұғызады. Сондықтан престеумен пластикалық қасиеті төмен металдар


35

мен  қорытпаларды  өңдеуге  болады. Бірақ  үш  ості  қысу  процессі  өндеу  кезінде  біраз  күш

кетіреді.  Сондықтан престеу кезінде деформацияланатын бірлік дене көлеміне, энергияның

көп шығынының талап етеді.

Престеу  кезінде  контейнердің  матрицаға  өтетін  жерінде  өлген  бұрыштар  пайда

болады, яғни  серпімді  деформациясы  бар  аймақтар. Өлген  аймақтарда  металдың  ағуы

болмайды, пресс-қалдықтын  өлщемі  азаймағанша. Осы  өлген  аймақтар, ұзын

шыбықшаларды  престеу  кезінде  жақсы  роль  атқарады, өйткені  фильтрация  өтеді: өлген

аймақтарда  əр  түрлі  ластанулар  кіреді, бұл  бұйымның  бет  қабатының  бөтен  қоспалардын

сақтайды. Прес-қалдықтын  өлшемі  дұрыс  емес  таңдаған  кезде  ластанған  өлен  бұрыштар

бұйымға  кіруі  мүмкін, бұл  сапасын  төмендетеді. Престеу  технологиялық  процессі  кезінде

осының  бəрін  еске  алу  қажет. Тəжрибе  бойынша, бұйымның  престеудің  жақсы  жағдай

болған кезінде прес-қалдықтын биіктігі  0,10...0,30 диаметрін құрайды.

Престеудің  күш  жағдайлары  деформацияға  ұшыраған  металдың  қасиетімен

анықталады, температура  режимімен, дайындаманың  өлшемімен, деформацияның

жылдамдық пен дəрежесімен, ұйкелістің мағынасымен, аспап геометриясымен жəне т.б.

Əдебиет: 4 негізгі [178-184], 1 қос [175-178]

Бақылау сұрақтары:

1. Түзу жəне кері престеу жүйесі.

2. Престеу процесі.

3. Еркін соғу.

4. Көлемді штамповка.

5. Шекіме.Штамптардың типтері

Дəріс № 12

Тақырып:. Штамптау мен еркін соғу үшін жабдықтар. Еркін соғу

Штамптау мен еркін соғу үшін жабдықтар. Еркін соғу. Металды балға, сом балға

соққысымен əрекет етіп соққылау процесі еркін соққылау деп аталады.

Еркін  соққылаумен  əртүрлі  салмақтағы  бірнеше  грамнан, бірнеше  тоннаға  дейінгі

орамдарды  дайындауға  болады.  Еркін  соққы  негізінен  жекелей  не  көп  сериялы  өндірісте

қолданылады.

Еркін  соғу қол  жəне машина  арқылы  атқарылады. Қолмен  атқарылатын  соққылауда

шағын  дайындамалар  өңделіп, оларды жеңіл  немесе  сом  балғалармен  соққылайды. Қолмен

атқарылатын соққылау колхоз бен совхоздың шеберханаларында кеңінен қолданылады.

Балғамен  преспен  еркін  соққылау. Қазіргі кезде еркін соққылауға жетекші  балға мен

престі  пайдаланады. Бұл  еңбек  өнімділігін  арттырып, ірі  дайындама  бұйымдарын  өңдеп

жасауға  əсер  етеді. Балға  мен пресс арқылы  болатын  соққының негізі қолмен  атқарылатын

балғаның жұмысындай.

Преспен  балғаға  қолданылатын  құрал, қолмен  атқарылатын  соққылау  құралдарына

қарағанда  анағұрлым  артық  жəне  бөлекше. Мысалы  кесу  мен  шабуда  ұста  балтасын

қолданады. Ол сындырып жəне тесуге арналған. Сонымен қатар еркін соғуда əртүрлі қысуға,

домалатуға  келе  береді. Бұған  қоса  онымен  ауыр  дайындамаларды  ығыстырып  итеруге,

ауыстыруға қолдануға болады.

Соққы  балғасы  жетекті  жəне  бу-əуелі  боп  екіге  бөлінеді. Жетекті  балға  өз  кезегінде

серіппелі тетікті пневматикалы жəне фрикционды  келеді. Бу-əуелі балға бір не  екі əрекетті

істі  атқарады. Балғаның  бір  бөлігі  дайындамаға  тірек  қызметін  атқарып  етіп  шой  балға

аталады. Шой  балғаның  төменгі  жағының  соққы  кезінде  дайындамаға  тиіп  тұруын  тоқпақ

деп атайды. Балғаның ауыр салмақпен түсуі оның биіктігі мен жылдамдығына байланысты.

Осы сəттерде оның соққысы ауыр болады.

Балғаның  негізгі  сипаттамасы  оның  құлау  массасын  бөліктерінде  білдіреді. Мұның

салмағы түсу кезінде 150 км-нан, 16 тоннаға дейінгі салмақты қамтиды.



Пневматикалық балға (31-сурет) екі паралель цилиндрі болады. Жұмыс атқарушы (4)

жəне  компрессор (5). Жұмыс  атқаратын цилиндрге  поршень  жылжыйды (3). Ол  шой  балға



36

тоқпағымен  байланысқан (2). Поршень (8) кривошипті – шатун  механизмін  қозғалысқа

түсіреді (9). Ол  сору  цилиндріндегі  компресс  арқылы  ауаның  ықпалымен  жоғары, төменгі

көтеріліп, түсе  ауаны  кезегімен  цилиндр  жолымен (6) іске  қосып, ерсілі-қарсылы  соққы

жасайды. Цилиндрден шығарылатын ауаға  шүмек (7) қойылады. Бұл  арнайы  педальмен (1)

басқарылады. Пневматикалық  балға  жекелеген  соққыларды  автоматты  түрде  беріп  шой

балғаны  жоғары  көтеріп  тұрады. Сондай-ақ, дайындамаға  жабысып  тұра  береді.

Пневматикалық  балғаның  түсу  салмағы 50-ден 1000 кг  дейін  болады. Бу-əуе  балғасы  жай

жəне  қосақты  əрекетте  қызмет  атқарады. Олар  қозғалысқа  буменен  не  сығылған  ауамен

келеді. Оның қысымы 0,4–0,8 Мн/м

2

 (4–8 кГ/см



2

). Балғаның жай əрекетіне бу шой балғаны

көтеру  үшін  қолданылады. Шой  балғаның  дайындамаға  əрекеті  салмақ  ауырлығымен

байланысты. Қос  əрекетті  іске  бу  шой  балғаны  көтеріп  қана  қоймайды, ол  соққы  күшін

үдетуге əсер етеді. Бу-əуе балғасының массалы соққысы 16 т. дейін болады.

Гидравликалық  соққылау  пресі  құймалардан  ауыр  шыңдалған  бұйымды  алуға

қолданылады. Оның  массасы 250 г  дейін  жетеді.  Сондай-ақ  бұл  штамптау  өндірісіне  де

пайдаланылады. Пресс  металдың  тепе-тең  деформациясын  сақтайды. Ол  қымбат  негізді

құрылымды  қажет  етпейді  əрі  қарапайым  басқарылып, қатты  дыбыс  шығармайды.

Гидравликалық престің қысымы 70000 т. дейін болады.

31-сурет. Пневматикалық балға:

а-жалпы көрінісі; б-сұлбасы

Көлемді  штамптау. Штамптауда  арнайы  құралдар  көмегімен  бұйымдарды  қысым

арқылы əзірлейді. Оның жұмыс көлемін дайындаманың өңделмек түрінде анықтайды.

Штамптау  əдісімен  алынған  шыңдалған  бұйым  өзінің  көлемі  мен  пішіні  жағынан

дайын  детальдарға  жуықтайды. Бұл  металл  кесетін  станоктарда  оның  механикалық  өңделу

көлемін азайтады.

Штампталған  бұйымның  механикалық  қасиеті  еркін  соғумен  алынған  бұйымнан

əлдеқайда  жоғары. Демек, штамптауда  металдың  талшықтары  деталдың  механикалық

қасиетін жақсартып, жұмыс барысында түскен салмаққа шыдамды келеді.

Штамптау көлемді жəне жайма түрінде болады. Көлемді ыстық штамптау.

Металдың пластикалығын арттыру үшін оны шөміш температурасында қыздырады.

Штамптауды ашық жəне жабық қалыпта жүргізеді. Штамптар жылғалы болат тоқпақ

тəрізді, оның көрінісі  дайындалған бұйымның конфигурациясына сай  болатындай көрінеді.

Олар  екі  бөліктен  тұрады. Жоғарғысы 1 (32-сурет) преске  немесе  шой  балғаға  бекітілген

болса, төменгі  жағы  штампты  ұстағышқа  орнатылған. Штамптың  төменгі  қуысына  ыстық

дайындаманы  салады  да, оны  жоғарғы  штамппен  соққылайды. Қорытындысында  металл

барлық қуысты (3) толтырып артығы арнайы өзекшемен (4) ағып түседі.



37

Штамптар бір құймалы не көп құймалы келеді. Көп құймалы штамптарда бірден алу

мүмкін  емес  күрделі  конфигурациялы  бұйымдар  өңделеді. Сол  үшінде, маңызына  қарай

дайындау, штамптау жəне кесу түріне бөлінеді.

Дайындау  түрінде  алғашқы  дайындама  қамтамасыз  етіліп  штампталған  бұйым

алынады. Штамптың аумағы бұйымды оңай алуға ыңғайластырылып көлбеулеу жасалынған.

Штамптау  ашық  түрінде  кенерікпен  байланыстырылады 4 (42-сурет). Дайындаманы

таңдағанда металдың қосымша көлеміне назар салу қажет. Кенерлікті кескіш штамппен кесіп

тастайды.

Кенерліктің  негізгі  міндеті  штампқа  металдың  жеткілікті  баруын  белгілейді  де

дайындаманың  көлеміне  қарай  бұйымның  да  бірдей  болып  шығуына  ықпал  етеді. Жабық

штампта (кенеріксіз) штамптау жасауды көлденең-созу машинасы жасайды. Процестің мəні

мынаған  тірелді, дайындама  штамптың  бір  бөлігіндегі  қуысында  шығатын  екінші  басқа

бөлігіне  бағытталған  болып  деформацияланады. Мұндай  жағдайда  қуыстан  штамп  еркін

шығып кете алмайды. Бұл үшін оны итеріп жіберетін түйін орнатады. Жабық штамптауда ең

қажеттісі дайындаманың көлемін дəл, нақ есептеп алу. Ыстық штамптауда штампты арнайы

болат маркасынан жасайды. 3×В8, 5×НМ, 5×НТ, 7×3, 5×ГС, У7.

Штамптайтын  балға  өзінің  құрылысы  жағынан  соғу  балғасына  ұқсас. Тек  қана

айырмашылығы оның  тұғыры  іргетасқа  табанға (шаботқа) бекітілген. Ал, соғу  балғасының

тұғыры іргетасқа орнатылып, бекітіледі.

32-сурет. Көлденең-созғыш машинасының жұмыс сұлбасы

1-сурет. Ашық штамп сұлбасы. 2-сурет. Жабық штамп сұлбасы. 3-сурет. Бу-əуе бесшабот

балғасы сұлбасы. 4-сурет. Көлденең-созғыш машинасының жұмыс сұлбасы.

Тұғырық  пен  табанның  сəйкес  келіп  орнатылуы  жоғарғы  штамптың  төменгіні

соққанда  көлемі  мен  пішіні  жағынан  штампты  бұйымның  дəлдікпен  алынуын  қамтамасыз

етеді.

3-суретте (32-сурет) булы-əуе бесшабот (табансыз) балға көрсетілген. Оның табаны



төменгі  екінші  шой  балға  мен (6) ауыстырылған  ал, жоғарғы  шой  балға (4) механикалық

немесе  басқалай  байланысқан. Балғаны  басқарып  тұру  саппен (7) жүзеге  асады. Жоғарғы

шой балға (4) лентамен (5), блоктар (2) арқылы төменгі шой балғаға (6) қозғалысты білдіреді.

Содан кейін барып екі балғаның соғылуы болады. Қылыштəріздес рычаг (3) золотниктің (1)

орта нысанда тұруын қадағалауға арналған.

Көлденең-созғыш  машинасы  негізінен  кривошипті  көлденең  пресі. Көлденең-созғыш

машинасы  штампының  негізгі  айырмашылығы  оның  қолма-қолдығы. 32-суретте  көлденең-



38

созғыш  машинасының  жұмыс  жүйесі  көрсетілген. Алғашқы  престе  пуансон (1) жəне

матрицалар (3 жəне 5) жазылған күйінде тұрады (32 а-сурет). Метал шыбығы (4) матрицаның

қозғалмайтын бөлігіне, түбіне (2) дейін салынады. Одан кейін матрицаның қозғалмалы бөлігі

(5)  шыбықты  қысады.  Ал,  тиянақ  (2)  кейін  жылжиды    (32  б-сурет)  да  пуансон  шыбықтың

ұзын  жинағын  түсіреді. Осыдан  барып  дайындама  қуыс  пішінін  алады (32 в-сурет). Бұдан

кейін пуансон (1) жəне матрицаның жылжымалы бөлігі (5) кетіп, шыңдалғанды жояды.

Суық көлемді штамптау. Өндірісте  металды  штамптау суық күйінде  де жүргізіледі.

Суық  штамптау  тегіс  жəне  көлемді  калибрлі, суық  сығымдау, суықтай  шығару  жəне  кесу

болып бөлінеді.

33-сурет Шатунды калибрлеу:

а) тегіс; б) көлемді

Тегіс 

калибрлікке 

дəл 


өлшемдегі 

екі 


жазықтықтың 

арасы 


алынады

(33 а-сурет). Көлемді  калибрлікке  шыңдаудың  үстіңгі  бөлігін  өңдеудің  барлық  өлшемдері

бірдей болу үшін қолданады (33 б-сурет). Тегіс жəне көлемді калибрлеуді шарнирлі-рычагты

пресс орындайды.



Суық сығымдау престелген  сықылды  түзу жəне кері тəсілмен  атқарылады. Негізінде

түсті металл мен балқымаларды осы əдіспен өңдейді.



Суықтай шығару өндірісте майда бұйымдарға кеңінен қолданылады. Мысалы; гайка,

бұранда, шұрыптар, шеген, шеге жəне тағы  басқалар. Суықтай  шығару жоғары  өнімділікке

жеткізеді. Мұнда металл қалдығы аз болады. Аса дəлдікпен алынған бұйымдар 0,03–0,04 мм,

жоғары сапада атқарылады.



Шекіме – процесіндегі  дайын  детальдар  томпақтау-иілген  күйінде  болады. Оған

мысал ретінде мыналар жатады; тиын, белгілер, медальдар жəне басқалары.

Əдебиет: 2 негізгі [178-184], 1 негізгі [175-178]

Бақылау сұрақтары:

1.Түзу жəне кері престеу жүйесі.

2.Престеу процесі.

3.Еркін соғу.

4.Көлемді штамповка.

5.Шекіме.Штамптардың типтері

Дəріс № 13

Тақырып: Жайма штамптау үшін жабдықтар. Пісіру үшін жабдықтар.

Металдарды  өңдеудегі  үдемелі  əдіспен  қысым  арқылы  штамтау  көмегімен  престеу,

жайма штамптауға жатады.

Жайма  штамптаумен  автомобиль, трактор  жəне  басқа  ауыл-шаруашылығы

машиналарына  қажетті  детальдарды  дайындайды. (Шанақ, қанат, қалқан, радиатор  деталі,

фарлар, дөңгелек дискілері жəне басқалар).

Жайма штамптау ыстық жəне суық болып бөлінеді. Жайма металдың қалыңдығы 10

мм-ден  асса  ыстық  штамптауға  жатады. 10 мм-ден  төмен  болса  суық  жаймаға  жатады.

Жайма  штамптау  операциясынан  оның  жеке  бөлшектері  немесе  жайма  бөлігі, бүтін

жаймадан бөлініп тұрады.

Жайма  штамптаудың  операциясы  технологиялық  негізінде  бөлектеу  жəне  пішін

өзгертуші болып екіге бөлінеді.



39

Бөлектеу операциясына: 1) жаймадан кесу арқылы алғашқы дайындамадан алынатын

(жайма немесе тілімдер) бөлігінің контурлары; 2) жаймадан бөлек деталдарды бүтіндей бөліп

алу; 3) тура тесу тесігі; 4) тесіп өту – əр түрлі пішінде дайындаманы дайындау металдарды,

қалдықтан бөлу.

34-сурет. Жайманы штамптау операциясы

а) иілгіш; б) тарту; в) пісіріп немесе тойтарып жабыстыру (отбортовка);

 г) қысым; д) қалыптау.

Пішінді өзгертуге мынадай операциялар жатады (44-сурет): 1) иілу – берілген контур

бойынша  дайындамаға  иілген  пішін  түрінде (44 а); тартып  алу – тегіс  дайындамадан

диаметрі D берілген пішіннен размері d жəне h (44-сурет б), тойтарып жабыстыру – бұрынғы

тесілген тесікті кеңейту жолымен (34-суерт в) берілген борт пішіннің пайда болуы (диаметрі

d, биіктігі h); қысу – дайындаманың  шеткі  бөлігінің  кішірейту  операциясы. D

дай.

  диаметрі



d

бұй.


 (34-сурет г); 5) қалып – дайындама  пішінін  өзгерту  операциясы (34-сур., д) жергілікті

деформациялап созу (қатты қырын дайындау).

Жайма штампқа бір тіреулі не екі тіреулі кривошипті престі қолданады. Кривошипті

престің қарапайым қозғалысы кинематикалық жүйеде жайма штамптың көлемдісін жасайды.

Соққылау мен штамптау.

Металды  соққылау  мен  штамптау  процессіне  бұйымды  соққылау  мен, көлемді  ыстық

штамптаумен жəне беттік, шыбықша материалдарды суық күйінде штамптау.

Соққылау  кезінде  дайындаманын  деформациясы  бойка  аспабымен  өтеді. Бойка

көбінесе жалпақ болады, бірақ кеспелі немесе домаланған бойкаларды қолданады. Астынғы

бойка  тұрақты,  ал  үстінгісі  жылжымалы. Осы  аспаптын  үздіксіз  əсерінен  дайындаманың

керекті пішіні мен өлшемі шығады.

Осындай  əдіспен  металдан, пластмасаддан  жəне  басқа  материалдардан  жасалған  əр

түрлі дайындамаларды алуға болады. Сондықтан соққылау-штамптау өндірісі машинажасау,

жабдықжасау  жəнеде  басқа  өндірісте  кең  таралған. Соққылау  мен  штамптаумен  өндірілген

бұйымдарды  дайындаманың  алғаш  пішінен  дайын  бұйымнын  өлшемдерін  алуға  көп

мүмкіндік  береді. Бұл  жағдай  қымбат  тұратын  операциялардын  метал  жонқаларын

болдырмаун жасайды.

Əдебиет: 6 нег [184-186], 6 нег [192-210]

Бақылау сұрақтары:

1. Жайма штамптау жəне созу

2. Пішін өзгерту операциясы

3. Соққылау кезінде қандай порцесстер өтеді?

4. Штамптау кезінде қандай процесстер өтеді?


40

Дəріс № 14

Тақырып: Пісіру үшін жабдықтар.

Пісіру үшін жабдықтар. Пісіру процесі деп атомдардың өзара əрекетінің арқасында

бөлінбейтін бірлігін, тұтастығын айтады. Пісіру тəсілінің көптеген түрін екі топқа бөледі.

1) балқытып пісіру (сұйық фазада пісіру), 2) қысым арқылы пісіру (қатты фазада пісіру).



Балқытып пісіргенде металдың қосылған жері балқытылып өзінен-өзі бір бүтін болып

қосылады  да  қатқан  кезде  дəнекерленіп  бірігу  пайда  болады. Қысым  арқылы  дəнекерлеуде

қыздырылмай  немесе  металды  пластикалық  дəрежесіне  дейін  балқытып  қосылатын  жерін

біріктіре қысу дəрежесімен іске асады.

Бүгінгі күндері өнеркəсіптің барлық түрінде пісіру технологиялық процестердің негізі

болып  саналады. Пісірусіз  машина  жасап  шығару  мүмкін  емес. Тəжірибе  жүзінде  жөндеу

жұмыстарының барлығында пісіру қолданылып, алдыңғы орын алады. Өнеркəсіпте, жөндеу

жұмыстарында ең кең қолданылатыны газбенен жəне электрдоғалы дəнекерлеу.



Газбенен пісіру жəне кесу процесіне қажетті материалдар. Газбен пісіруде металды

балқытып немесе оны пластикалық дəрежеге дейін жеткізу үшін жылу қолданылады. Осыдан

оттегі қоспасы бар ыстық газ жанып пайда болады. Демек, өндірісте газбенен пісіріп не кесу

үшін ең қажетті жанатын газ, оттегі, отырғызатын не жапсыратын материалдар, қождамалар

керек. Газбен  пісіруде  жəне  кескенде  жанатын  газ  үшін  қолданылатыны ацетилен, сутегі,

табиғи газ, бензин буы жəне керосин жəне т.б.

Оттегі қалыпты температурада газ секілді түссіз, иіссіз болады. Ол  ауадан  біршама

ауыр келеді. Таза оттегінде газдың жануы өте тез болады. Техникалық оттегін су электролизі

арқылы  немесе  атмосфералық  ауадан  алады. Сұйық  металға  қосатын  материал  металмен

пісіру  кезінде  пайда  болатын  сұйық  былауды  балқытуда  металмен  толтыру  үшін  қажет.

Əдетте сұйық металға қосылатын материал (присадка) үшін сым диаметрі 1 мм-ден 6 мм-ге

дейінгі  сымды  пайдаланады. Ол  дəнекерленетін  металға  құрамы  жағынан  ұқсас  келеді.

Сымның  жоғары (үстіңгі) жағы  таза, қабыршықсыз, тотсыз, майсыз  жəне  басқалай  кір

болмауы  қажет. Егер  де  сым  болмай  қалатындай  жағдай  болса, түсті  металдың  дəнекеріне

сол маркалы металдың жаймасынан кесіп алып пісіруге болады.

Қождарды  балқыған  металдың тотығып  немесе  дəнекерленген  жердің  тігісі  тотығып

кетпеуі  үшін  пайдаланылады. Қождың  құрамында  дəнекерленетін  металдың  құрамына

байланысты  іріктеп  алады. Қож  металдан  бұрын  балқып  тігіске  жақсы  барып, металдың

тігістеріне  зияндық  əрекет  жасамауы  қажет. Көміртекті  болат  қождарын  қолданбайды.

Себебі, пісіру  жалыны  балқыған  металды  тотығудан  сақтап  тұрады. Шойынға  жоғары

легірленген болатқа мыс пен оның қоспаларына, алюминий жəне оның қоспаларына, магний

қоспаларына  дəнекерленетін  металдың  тотын  шығару  үшін  қожды  қолдануға  болады.

Сондай-ақ қожды легірленген жікке де пайдалануға болады.

Газбен  пісіру  үшін  жабдықтар  жəне  құрылымдар. Газбен  пісіруді  ұйымдастыру

үшін  мынандай  жабдықтар  мен  құрылымдар  аса  қажетті. Ацетиленді  генератор (немесе

ацетеллинді  баллон), оттегі  баллоны, оттегі  редукторы (ацетиллинді  баллонға  ацетеллинді

редуктор қолданылады), дəнекер жанарғысы (газбен кескенде – ацетелинді – оттекті кескіш),

оттегі мен ацетелин жүретін түтік.

Ацетилен генераторлары. Ацетиленді генератор – карбид кальциінен газ алып қызмет

ететін  аппарат. Қысыммен  жасалған  ацетиленге  байланысты  генератор  екі  топқа (ГОСТ

5190–67) бөлінеді; төменгі  қысымды – 0,1 мн/м

2

  (1  кг/см



2

) дейін; орташа  қысымды – 0,1–

1,5мн/м

2

 (1–15 кг/см



2

  дейін). Жөндеу  шеберханаларында  ацетиленді  генераторлар  кеңінен

қолданылады. Олардың төменгі қысымдағысы АНВ-1-66 жəне орташа қысымдағысы АСМ-

1,25-3. АНВ-1-66 генераторының  өнімділігі 1,25м

3

/с  жəне  жұмыс  барысындағы  қысымы



0,025–0,03 мн/м

3

 (0,25–0,3 кг/см



2

). Карбидтің ажырауы мен газдың шығуы автоматты түрде

реттеліп  тұрады. Бұл  да  генератордан  ацетиленнің  іріктелуіне  байланысты. Генератор  қыс

айында  тоңазымай 25°С  температураға  дейін  жұмыс  істей  береді. Себебі, оның  су  жүйесі

корпустың ішкі жағына орналасқанда, əрі жылу реакциясының арқасында қызып тұрады.


41

Дəнекерлеу  жанарғысынан  шыққан  жалын  қайыра  соққанда  генераторды  жарып

жібермеу үшін оған  сулы қақпақ  орнатылған. Жарылу қауіпі тек  газ шығар  тесіктің бітеліп

қалуынан болады. Егер де мундштук бітеліп қалса, жанарғының қызуы қоспалардың жануын

ұлғайтып ондағы оттегін ұлғайтып жібереді.

Баллондар.  Баллондар  сығылған  газға  арналған. Ол  цилиндр  тəзірді  болат  ыдыс.

Жоғарғы  ауыз  жағы  жіңішкелеу  келіп, түп  жағы  шығыңқы  болады. Мойны  аузында

винтельді  тығын  бар. Оттегі  баллоны (35-сурет) 15 мн/м

2

 (150 кг/см



2

) қысымға  есептелген

жəне 22 мн/м

2

 (220 кг/см



2

)  гидравликалық  сынақ  қысымына  шыдайды.  Оттегі  баллонын

көгілдір  түспен  бояп, қара  бояулы  əріппен «оттегі» деп  жазып  қояды. Баллондар  əрбір  бес

жылда  сынақтан  өтеді.  Баллондағы оттегінің  есебін  білу  үшін  оның нақты  сыйымдылығын

(литрмен) атмосфералық  қысымына  көбейтеді. Оттегі  баллоны  өте  сақтықты  қажет  етеді.

Жарылу  қаупінен  сақтану  үшін  металды  затқа  соқтықпауын, жанып  тұрған оттың  қасында

болмауын қадағалау керек.

Ацетилинге  арналған  баллонды  арнайы  активтендірілген  көмірмен  немесе  көмір

қоспаларымен  кеуектаспен  не  инфузорлы  топырақпен  толтырады. Осы  массаларды

ацетонмен  қанықтырып  алады. Ацетилен  жақсы  еріп  жарылмау  қауіпін  сақтайды.

Баллондағы ацетиллин қысымы 1,5–1,6 мн/м

2

 (15–16 кг/см



2

).

35-сурет. Оттегі баллоны:



1-қақпақ, 2-вентиль, 3-мойны, 4-шығыршық, 5-түбі, 6-башпақ.

Ацетиллин баллонында оттегі баллоны тəріздес келеді. Оның сыртын ақ түспен бояп

қызыл бояулы əріптермен «Ацетиллин» деп жазып қояды.

Редукторлар.  Редукторлар  баллонға  толтырылған  газ  қысымын  бəсеңдету  үшін

қолданылады. Екінші  жағынан  осы  қысымды  балллондағы  газдың  қысымына  қарамастан

тұрақты  ұстап  тұрады. Оттегіне  арналған  редуктор  қысымды 0,1-ден 1,5 мн/м

2

  (1-ден  15



кг/см

2

) дейін, ацетилендісі – 0,02-ден 0,15 мн/м



2

 (0,2-ден 1,5 кг/см

2

) дейін ұстап тұра алады.



Оттекті редукторлар бір сатылы (ДКП-1-65) не екі сатылы (РКД-8-11) болып  келеді.

Екі сатылы редуктор екі белдікті келіп, ол газдың үзбей үзіліссіз шығып тұруын қамтамасыз

етеді.

Түтікшелер. Түтікшелер газдың жанарғысына немесе кескішіне газды жеткізіп тұруға

қызмет етеді. Олар барлық жағынан мықты, мерік, икемді келіп дəнекерлеушінің қимылына

кедергі  келтірмейді. Оны  ысталған  резинадан  бір  не  екі  қабатты  кендірмен  немесе  қағазды

матамен қаптап жасайды. Қолданылу ретіне қарай түтікшелер үш түрлі келеді. 1–ацетиленге

жəне  қала  газдарының  жұмыс  істеу 0,6 мн/м

2

  (6  кг/см



2

) қысымына  қарай; 2–сұйық  отынға

(бензин, керосин) 0,6 мн/м

2

 (6 кг/см



2

) қысымынан артық емес болса; 3–оттегі үшін, жұмыс

істеу қысымы 1,5 мн/м

2

 (15 кг/см



2

) осыдан артық болмаса. Барлық түтікшелердің сырты түсті

болып  келеді.  Оттегі  үшін  –көк,  ацетилен  үшін  –  қызыл,  сұйық  отын  үшін  –  сары.


42

Дəнекерлеуші  еркін  жұмыс  жасауы  үшін  түтікшелердің  ұзындығы 8-ден 20 метрге  дейін

келеді.

Пісіру жанарғысы. Пісіру жанарғысы оттегімен жанатын газды араластырып, тұрақты

жалынды қалыптастырады, дəнекерленетін металды қыздырып жəне балқытуға қызмет етеді.

Пісіру  жанарғысы  өзінің  əрекетіне  қарай инжекторлы  жəне  инжекторсыз  болады.

Инжекторлы  жанарғыда (36-сурет) оттегі  құйылымы  ацетиленнің  берілуімен  сорылып,

инжектордың тесігімен үлкен жылдамдықпен ағады. Инжекторлы жанарғы ГС-2 жəне ГС-3

ацетиленнің орташа жəне төменгі қысымында пайдаланылады. Жанарғыға ауысымды ұштық

жинақтамасы болады. Онымен əртүрлі қалыңдықтағы металдарды пісіруге бола береді.

Инжекторлы жанарғының жақсы, тиімді жұмыс істеуі үшін оттегінің қысымын 0,3–0,4

мн/м

2

 (3–4 кг/см



2

), ацетиленнің  қысымын 0,001–0,02 мн/м

2

 (0,01–0,2 кг/см



2

)  етіп  алуға

болады. Жанарғыға газды оттегі мен ацетиленді реттейтін вентиль (қақпақша) реттеп тұрады.

Ацетилен – оттегі кескіші (Пламя-62), «РУ-1-66» металды кесуге арналған. Кескіштің

конструкциялы  бөлігіндегі  араласқан  қоспалар  дəнекер  инжекторының  жанарғысынан

артықшылығы  жоқ,  бірақ  кескішке  (37-сурет)  кесетін  оттегін  беру  үшін  қосымша  құбыр

орнатылған.

36-сурет. Инжектор жанарғысының сұлбасы:

1-ацетилен жүргізетін ниппель; 2-оттегін жүргізетін ниппель; 3-ацетилен беретін вентиль;

4-оттегін беретін вентиль; 5-инжектордың соплосы; 6-жапқыш бұранда;

7-араластыратын камера; 8-ұштық; 9-мундштук

37-сурет. УР газды кескіш сұлбасы:

1-кескіштің басы; 2-кесетін оттегінің каналы; 3,4,5-вентильдер (қақпақшалар).

Мундштуктерді  шеңберленген  қыздырғыш  жалын  жəне  көпұшқынды  пайдаланады.

Шеңберлі  мундштуктар  ішкі  жəне  сыртқы  мундштуктан  тұрады. Олар  кескіштің  басын

дөңгелентіп  тұрады. Шеңбердің  айналасындағы  саңылауларынан  ыстық  қоспа  ағылып  кесу

кезінде  ыстық  жалын  пайда  болады. Мундштуктың  ішкі  орталық  каналынан  кесетін  жерге

таза оттегі түседі де металды жандырады. Көпұшқынды ұштық анық емес, олардың диаметрі

(0,7–1 мм) каналдары орталық каналдың айналасына орналасқан. Көпұшқынды мундштуктар

табиғи  мұнаймен, коксті  газ  арқылы  жану  жылдамдығы  төмен  қолданылатын  жұмысқа

қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет