Мысты электролиттік рафинирлеудің мәні:
құйма анодтарды (отты рафинирленген мыстан құйылған) және катодтарды электролитпен толтырылған
электролиттік ваннаға кезекпен іледі де, осы жүйе арқылы тұрақты тоқ өткізеді. Электролиттік рафинирлеуде екі
негізгі мәселелер шешіледі:
мыстың қоспалардан терең тазалануы жүреді;
ілеспе бағалы компоненттерді шығарып алады.
Электролиттік рафинирлеу нәтижесінде мыс жоғары тазалықта (99,90…99,99 % Cu) болады.
МЕСТ бойынша жоғары маркалы электролиттік мыста 0,04% -тен аспайтын қоспа болуы керек.
Алғашқы мыста бағалы металдар мөлшері жоғары болған сайын, электролиттік мыстың өздік құны төмен
болатынын атаған жөн. Мысты электролиттік рафинирлеу үшін отты рафинирленгеннен соң алынған анодты күкірт
қышқылымен толтырылған электролиздік ваннаға іледі. Ванналарда анодтар арасында жұқа мыс қаңылтырлардан
жасалған – катодтар ілінеді.
Электролит – мыс сульфатының сулы ерітіндісі (160…200г/л) және күкірт қышқылы (135…200г/л), оларға
коллоидты қоспалар қосады, сонда бұл электролит 50…60 г/т Cu мыс алуға жетеді. Коллоидты қоспа ретінде көбінесе
ағаш желімдейтін желім
және тиомочевина алынады. Оларды қосу катодқа қонатын тұнбаның сапасын (структурасын)
жақсартады. Электролиттің жұмысшы температурасы − 50…55
0
С. Мыс электролизі жүрген кезде тоқ тығыздығы көбінесе
240-300А/м
2
болады.
Ванналарды тұрақты тоқ көзіне қосқанда анодта мыстың электрохимиялық еруі жүреді, катиондар электролиттер
арқылы тасымалданып, катодтың бетіне шөгеді. Мыс қоспалары шламмен (ванналар түбіне шөккен тұнба) электроит
арасында таралады. 9-суретте электролиттік рафинирлеу процесінің схемасы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: