Бақылау сұрақтары: 1. Астау каналдары мен құбыр желілерін пайдалану.
2. Суғармалау каналының конструкциясы.
3. Каналдарды орналастыру, олардың гидравликалық есебі.
Тақырып 4. Антропогендік әсер және оның су экожүйелеріне әсері. Экологиялық сыйымдылығы және өздігімен тазару процестері. Су экожүйелерінің нормасы, патологиясы және тұрақтылығы. 13-дәріс. Су объектілеріне антропогендік әсер және олардың салдары. Сандық сарқылу, ластану, ұтымсыз пайдалану. Әсер ету салдары. 13.1 Геохимиялық, геофизикалық және биологиялық сыйымдылық. 13.2 Өзін-өзі тазартудың физикалық, химиялық және биологиялық процестері, көрсеткіштері, әсер етуші факторлары.
14-дәріс.Су экожүйелерінің экологиялық сыйымдылығын және өзін-өзі тазарту қабілетін бағалау.
Дәрістік сабақты өткiзу формасы: миға шабуыл.
Бетон бөгет - өзенсуының деңгейін көтеру, имарат орнатылатын жерде арынды шоғырландыру үшін немесе су қоймасын жасау үшін өзенді (не басқадай ағын суды) бөгейтін гидротехникалық имарат. Бөгеттер технологиялық пайдаланылу мақсатына қарай төменгі бъефте су қашыртқысы болмайтын тұйық және өзінен төменгі бъефке су асыратын су қашыртқылы болып бөлінеді. Ысыру күшін тежеу сипатына қарай гравитациялық, аркалық және контрфорсты бөгеттер болады. Биіктігіне қатысты бетон бөгеттер төмен арынды (10 метрге дейін), орташа арынды (10 м-ден , 50 м-ге дейін) және жоғары арынды (50 м- ден артық) болып сараланады. Бөгет денесі мен табанынан су сүзілуге қарсы жүргізілетін шаралар: 1) сүзілуге қарсы жасалатын инъекциялы перде; 2) жұқа қабырға түріндегі перде; 3) шпунттар; 4) понурлар; , 5) табанын көріздеу.
Суғарылтын танап-суды суғару және оны территорияларға бөлу үшін жеке бөлу жүзеге асырылатын суландыру желісінің негізгі бөлігі. Оны орналастыратын жерді, формасын, онда суландыру және кәріз желілерін орналастыруды дұрыс таңдауға топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуі және мелиоративтік жағдайы, түпкі есепте суландыру желісіндегі жерді пайдалану пәрменділігіне байланысты болады.
Суғарылатын танап суландыралытан алқаптардың тұрақты жармалармен, жолдармен және ағаш көшеттерімен шектелтен бір бөлігі түрінде болады. Суғаруды, әдетте бір тұрақты суландыру жармасынан жүргізеді. Суғарылатын танап ішінде тұрақты жармалар желісі болмайды. Суғарым үшін су уақытша жармалар бойымен немесе жабық құбыр желілерімен беріледі.
Суғармалау жүйелеріндегі суғарылатын танаптары жақтарының қатынасы. Мүмкіндігінше 1:2 тікбұрыш түрінде болғаны жөн. Олардың ауқымы ауыспалы егіс типіне, ондағы егіс танаптарының ауқымына, суғару әдісі мен техникасына, топырақтың су сіңімділігіне байланысты болады да, 20-ден 100 гектарға дейін ауытқып тұрады. Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылық техникасының өнімділігі төмендемес үшін суғарылатын танаптың ұзындығы 400м кем болмауы керек (тиімдісі 600...1000м). Суғарылатын танаптың ауқымы негізі агрегаттар мен механимздердің ауысым өнімділігіне еселі болуы тиіс.
Әдетте суғарылатын танаптың ауқымы ауыспалы егіс танабының ауқымына тең 1-деп белгінеді. Суғарылатын танаптағы суландыру суы өз ағысымен және мехникалық жолмен беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Суды механикалық жолмен беруде негізінен Фрегат, Волжанка, Днепр кең альімды жаңбырлатқыш машииаларын қолданады. Кубань, ДДА-100МА, ДДН-70, ДДН-100 жаңбырлатқыш машиналармен суғару кезінде су алатын жерде тегеруін болуы талап етілмейді. Су өз ағысымен тұрақты жармаларға немесе уақытша суландырғыштарға беріліп, олардан жаңбырлатқыш машинадардың көмегімен алынады. Жер бетінен суғару кезінде суғарылатын танап, жүйектер мен жолақтар арқылы уақытша суландырғыштан басқа, тарататын және суғаратын жүйектер жыртады немесе суғару жолақтары шекарасының бойымен біліктер орнатады.
Уақытша жүйенің орналасу үлгісі. Уақытша суландырғыштарды екі үлгі бойынша: ұзына бойы және көлденең орналастырылады, ұзына бойы үлгі кезінде уақытша суландырғыштарды жолақтар немесе жүйектер бойымен, ал шығаратын жүйектерді суғару жүйектері немесе жолақтарына көлденең (көкжиектерге үшкір бұрыш жасап) орналастырады.
Уақытша желі жармаларының жиектері шашылып кетпес үшін ұзына бойы үлгі енісі 0,004-тен аспайтын танаптарды қолданады. Уақытша суғарғыштардың ұзындығын 400...1200м м аралығында белгілейді. Олардың арақашықтығын біржақты басқаруда 80...200м деп, ал су шығаратын жүйектердің арақашықтығын суғарылатын жүйектер мен жолақтардың ұзындығына тең етіп алады. Қатаралық өңдеуді қажет ететін дақылдарды суғарғанда уақытша суғарғыштардың арақашықтығын (В1) суғарғыштың тәулік ішінде жұмыс жағдайын байланысты алады.
тәулігіне қарай анықтайды, Qвр-уақытша суғарғыштың шығыны, л/с, m-суғару мөлшері, м3/га, і-суғарғыштың ұзындығы, м, n-суғарғыштың пайдалы жұмыс коэффициенті, ұзын жүйектер бойымен суғарғанда уақытша суғарғыштың жұмыс уақытын екі тәуліктен аспауы керек. Көлденең үлдегі (21 сурет) уақытша суғарғыштарды суғару жүйектерге немесе жолақтарға көлденең етіп 0,001...0,003 егістікпен егіледі. Су таратқыштар, сол арқылы су суғарғыш жүйектерге немесе жолақтарға беріледі. Көлденең үлгісі егістігі 0,004-тен жоғары танаптарға жобалайды. Бұл үлгі кезінде уақытша суландырғыштардың арақашыктығын суғарғыш жүйектер немесе жолақтардың су сіңірімділігіне карай, 400-ден 1200м дейін деп алады. Бедердің күрделілігі және топырақтын жоғары су сіңірімділігі жағдайын уақытша суландырғыштың ұзындығын 400 м дейін қысқартады. Суғару жүйектерді немесе жолақтары 400м ұзын болғанда көлденең үлгі жағдайында уақытша суландырғыштардың орнына 100-ден 250 л/с су шығыны өткізуге арналған тұрақты жармалар жүргізеді.
Ашық желіден жаңбырлатып суғарғанда суғарылатын танаптардың өлшемдерін жаңбырлатқыш машиналардың қамту енімен байланыстырады. Танаптың қысқасы 400м, ұзыны 1200м. Танаптың ені 400м жоғары және машинаның қамту еніне еселі болуы тиіс.
ДДА-100М(МА) агрегатымен суғарғанда уақытша суландырғыштар-дың арақашыктығы 120м ДДН-70 және ДДН-100 бен суғарғанда танап ені осы машиналардың қамту еніне еселі болу керек.
Қазіргі суғармалау жүйелері су таратқыш және суды алушы бөліктерді және каналдар жүйесін қосады немесе суғармалы алқапты көздерін су қабылдайтын байланысы бар құбырларды біріктіреді. Барлық суландыратын каналдар мен құбырлар және суды жинайтын кәріздер желілері қажетті құрылыстармен жабдықталады. Оның құрамына кіретін құрылымдар жалпы жүйедегі технологиялық процесстердің қозғалысын реттейді және олардың жеке бөліктерінің құрылысын ескеріп отырады.
Әрбір суландыратын жүйелер төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: суғармалы жердің су көздері, су бөлетін торап, магистральды канал (құбырлар), танаптық су бөлгіш, шаруашылық, шаруашылық аралық құрылыстар, құлақ арықтар және су ағытатын кәріздер желісі, екпе ағаштар. байланыс құралдары, гидрометриялық, гидромелиоративтік және жолдар желісі, автоматты құрылым қондырғысы, акпараттармен басқару жүйелерінің жұмысына мәлімет беретіндер.
Суғармалау жүйелері элементтерінің құрамы, олардың орналасуы, суғармалы алқаптың табиғи-шаруашылық жағдайлары мен желідегі конструкцияларға, су көздерінің сипаттамасына, суғармалы жердің ауданы мен оның орналасу жағдайына және жергілікті жердің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
Суғармалау жүйелердің жобалау үлгісінің незгі алқаптың геоморфологиялық жағдайымен анықталады.
Көбінесе, суландыратын магистральды каналдар жайылымды суландыру каналдарымен қатар, ауылдық жерлерді, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кажеттіктерін сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Суғармалау жүйесі аудандардың геоморфологиялық жағдайына байланысты тау етегіндегі, аңғарлык және сағалық болып жіктеледі.
Суғармалау жүйесі ауыл шаруашылығының мақсаты үшін, астық, мал-азықтық, жеміс-көкөністі, мақталы және күрішті болып бөлінеді. Ең көп тараған түрі -мақталы жүйе. Орта Азия мен Закавказье жерлерінде орналасқан. Күріш суландыру жүйесі негізінен Волганың, Кубанның, Дунайдың төменгі ойыстарында және сондай-ақ үлкен өзендері бар Қазақстан, Украина, Төменгі Повольжья, Қиыр Шығыс далаларында орналасқан. Астықтық мал-азықтық суландыру жүйелері кеіпілдіктегі өнім беретін Солтүстік Кавказ, Поволжье, Оңтүстік Украина, Қазақстан республикаларында орналасқан.
Суды алу тәсілдеріне байланысты суғармалау жүйелері өздігінен ағатын және суды механикалық көтеру түрлеріне бөлінеді.
Суғармалау жүйесі өзінің күрделілігіне байланысты, жаңбырлатқыш машиналарды қолданылуына қарай жекелеген элементтері тұрақты (стационарлы), жартылай тұрақты және қозғалмалы болып келеді.
Суғармалау жүйесі жеке бір шаруашылыққа қызмет етсе, онда ішкі шаруашылық тобына жатады. Шаруашылық аралық жүйелер екі немесе одан көп шаруашылыққа қызмет етеді.