«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет15/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
366442 3

Бақылау сұрақтары:
1. Күріштің суғару мезгілі және оған сәйкес келетін ауыл шауашылық дақылы.
2. Күрішті суғару техникасы. Күрішті суландыру желісінің негізгі элементтері.
3. Күріш суландыру жүйесіндегі коллекторлы кәрізді жобалау.
Тақырып 6. Су ресурстарын басқару элементі ретінде қалпына келтіру
19-дәріс. Су экожүйелерін қалпына келтіру тұжырымдамасы: теориялық негіздер, мақсаттар, міндеттер, қағидаттар, қол жеткізудің бағдарламасы мен құралдары, қалпына келтіру әдіснамасы.
20-дәріс. Экологиялық оңалту және қалпына келтіру әдістерін таңдаудағы экологиялық жағдай көрсеткіштерінің мәні.


Дәрістік сабақты өткiзу формасы: ақпараттық.

Суды канал, өзен немесе жол астынан өткізу үшін қолданылатын арынды құбыр желісін дюкер деп атайды. Оны каналдағы су деңгейі жолда кездесетін кедергілермен бір бір деңгейде болған жағдайда қарастырады. Технико-экономикалык салыстыруда, дюкер акведук тұрғызудан арзан және тиімді болғанда, әсіресе биік тіреулер қажет кезде, аңғар (жыра) баурайы мен оның терең түбі арқылы су жүргізу үшін дюкер салынады. Қолданылатын материал бойынша дюкер бетонды, темірбетонды, металды, ағашты немесе құрама. болуы мүмкін. Бетон дюкерді 30— 50 м арында, ал алдын ала кернеуленген темірбетон дюкерді 100 м арынға дейін қолданады. Металл дюкердің қолданылуы арынмен шектелмеген. Бағасы қымбат болу салдарынақ ол көп тарамаған, бірақ арнайы негізделген кезде қолданады. Дюкер құбырларын темірбетонды, армоцементті, асбестцементті заводта дайындалған белгілі үзындықты бөліктерден тұрғызады. Айнымалы дымқылдануға (сулануға,) шыдамайтын болғандыктан, ағаш дюкерлер өте сирек қолданылады. Дюкерлер бірқұбырлы (көзду және көпқұбырлы (көзді) болып бөлікеді. Дюкерлер жер астымен де, жер үстімен де жүруі мүмкін. Дюкерлерді кұдык тәрізді және қисық-сызықты деп бөледі. Дюкерлер құрылымына қойылатын талаптар: а) пайдалану кезінде жүйелі түрде қарауға, жөндеуге және тазалауға мүмкіндік; б) құбыр бөліктері және құбыр мен басқысы кіріс беріс бөлік арасындағы жіктердің су өткізбеуі қажет; в) жөндеу көзінде судан толық босатуды қамтамасыз ету; г) сүзіду суларын ғимарат маңынан алып кету. Дюкерді қысқа гидравликалық құбырдар төрізді барлығы арын шығындарын (кіруде, бұрылыста, дағарда, ұзындықта) ескеріп есептейді. Басақы белігінде гидравликалық ырғыжның тууын тексереді.


Дюкер — гидротехникалық құрылыс; канал немесе басқа су жүргізетін құрылыстар (құбыр) өзен арнасын, сайды, каналды, теміржолды кесіп өткенде су құбырын олардың астымен өткізу амалы. Дюкер қимасы сегіз қырлы, немесе дөңгелек болады.
Дюкер құрылымы темірбетонды звенолық құбырлардан тұрады. Звенолар тораптары жылжымалы темірбетонды муфтамен тығыздалады. Муфта мен құбыр арасындағы саңылауды шайырлы жіппен бітейді. Құбырлар салмағының топыраққа біркелкі таралуы үшін, оның үстіндегі үйілген топырақ салмағы мен су салмағын ескеретін 70 маркалы қалыңдығы 10 см болатын салынды қарастырылады.
Өнеркәсіпте сарқынды сулардың әртүрлі болуы атомдық электростанцияларымен жылулық сулардың дайындалуына байланысты. Ірі құрылыстардың салынуынан (ЖЭЦ. ҒЭС және АЭС), су жинайтын құрылымдардан ластанған ағытылған жылы сулармен суғару топырақты жылытудың көзі болуы мүмкін. Судың температурасының көтерілуі су қоймаларындағы гидробиологиялық алмасуды төмендетеді, көк-жасыл балдырлардың дамуын күшейтеді, құрылыстарды тазалау жұмыстарын бәсеңдетеді, сумен жүзуді қиындатады.
Жылулық суларды суғаруға пайдаланғанда өнім алуға кететін судың үлесі көбейеді және жылуды қалайтын дақылдардың өнімі 14. ..20%-ке артады, тамыр жүйесі 1,5. ..2 есеге артады, дақылдардың ерте пісу мерзімі 6-10 тәулікке өседі жылу суларды ауыл шаруашылық дақылдарын суғару үшін пайдаланғанда жер бетімен, топырақ астымен және жаңбырлатып суғару тәсілдері қабылданады. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарындағы жылуды жақсы қабылдайтындарға жататындар: қияр, бұрыш, көкорам, мақта, күріш, жүзім т.б. Жер бетімен суғаруда ең қолайлы тәсіл жер бетінен жүйекпен суғару. Жаңбырлатқыш машиналармен суғаруда мыналар қолданылады: ДДН-70, ДДН-100, ДДА-100МА әсіресе, жаңбырлатқыш машинамен жылу сулармен суғару жер температурасы салқындағанда(-2°С) қолданылады. Жылы сулардың алмасуымен суғаруда ең тиімді тәсіл топырақ астымен суғару, онда топырақтың жылуы мен суғару мезгілі бір мезетте орындалады. Жылу сулар, жылу алатын шаруашылықта жабық топырақты суғару үшін қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет