Шырышты субөнімдерді өңдеу. Шырышты субөнімдерді өңдеу майсыздандыру, ластардан және шрышты қабықтан ажыратудан тұрады.Күйіс қайыратын малдардың (сиыр, қой) асқазандарын ажыратқан соң және ветериналық тексерден өткен соң үш бөлікке бөледі: қарын (қарын мен шілтер тұтас), жалбыршақ, ұлтабар.
Шырышты субөнімдерді өңдеу. Шырышты субөнімдерді өңдеу майсыздандыру, ластардан және шрышты қабықтан ажыратудан тұрады.Күйіс қайыратын малдардың (сиыр, қой) асқазандарын ажыратқан соң және ветериналық тексерден өткен соң үш бөлікке бөледі: қарын (қарын мен шілтер тұтас), жалбыршақ, ұлтабар.
Сиыр және қой қарындарды субөнімдер цехында алдын-ала майсыздандыру, ішіндегісінен босату және жуудан соң түседі. Оларды ілінген күйде өңдеу ұсынылады. Қарынды ашу және ішіндегісінен босату процесінде сумен шайып, мұқият жуады және щеткамен ішін және сыртын 3-4 мин аралығында тазалайды.
Ірі ет комбинаттарында қарындарды механикаландырылған желілерде өңдейді. Ағын сумен келіп түскен қарындарды, жайылған күйде конвейер ілгіштеріне іледі, біржолата майсыздандырады және майсыздандырады чанына 65-68 С-та 5-8 мин жиіту үшін, содан соң МОС-3С центрифугасында тазалау үшін жібереді. Жидіту мақсаты –шырышты қабат пен шырышты қабаттың тіркесу күшін және соңғысының механикалық беріктілігін төмендету. Жидуге жетпеу және аса жиду өңдеу ұзақтылығының ұзартылуана және сапаның төмендігіне әкеліп соғады. Жидітуге арналған аппараттар терморегуляторлармен қамтамасыз етілген. Тазаланған қарындарды ағынды сумен ваннада және ілгіші бар рамкаларда суы сорғығанша ұстайды.
Жалбыршақтар субөнімдер цехында алдын-ала майсыздандырылу, ішіндегісінен босату және жуудан соң түседі. Оларды қосымша ваннада ағынды сумен немесе центрмфугада жуады, содан соң температурсы 65-68 Ссумен 5 мин аралығында жидіту чанында немесе центрифугада жидітеді және центрифугада шырышты қабықтан тазалайды. Арықара ұлтабарды қайта жуады және ваннада сумен салқындатады, шырышты қабық қалдықтарынан тазартады, 20-30 мин суын сорғытуға қалдырады.
Ленинград ет комбинатына ағынды механикаландырылған ірі қара мал жалбыршағын өңдеу линиясы орналастырылған. Оларды шынжырлы тасымалдағышпен бағыстағыш астына береді немесе белгілі бір жағдайда пышақпен келіп тексеріледі, содан соң бункер-үлестіргішке беріледі, одан центрифугаға бірнеше қайтара жуылуға және тазалануға, жуу барабанында және таратқыш құрылғы арқылы екі секциялы центрифугаға беріледі. Центрифугаға тиеу, өнімдерді өңдеу және центрифуганың бір аймағынан басқа аймағына көшіру, центрифугада салқындату және түсіру процесстері афтоматты түрде берілген программа бойынша жүргізіледі. Ағынды механикаландырылған линияда өндірілген жалбыршақтардың сапасы жоғары және оларды тағамдық мақсатқа қолдануға мүмкіндік береді.