Балдырларға ілініп қалғанда күрт қимыл және серпіліс жасамаңыз. Арқаға жатып, ақырын, асықпай қимылмен қай жақтан келсең сол жаққа жүзіп шығыңыз. Егерде өсімдіктен шығу мүмкін болмаса, қолды босатып, аяқты көтеріп, қолдың көмегімен өсімдіктен ұқыптылықпен арылу керек. Келе жатқан кемелерге, катерлерге толқынында тербелу үшін жақындап жүзуге болмайды. Жақында келе жатқан теплоходтан ескіш винтіне тартып әкететін ағыс пайда болады. Таныс емес жерде суға секіруге (сүңгуге) қауіпті – баспен грунтқа, тырбиған ағашқа, қадаға және т.б. соғылуы, мойын омыртқасын сындыруы, есінен тануы және қайтыс болуы мүмкін.
Суда бөренеге отырып немесе қолдан
жасалған тақтайшалармен жүзуге болмайды
Суда жүзе білмесең үрілген матраспен немесе
балонмен алысқа жүзуге болмайды
Катерлердің, қайықтардың, кемежайдың және басқа жүзетін құрылыстардың салдарынан сүңгу де қауіпсіз емес. Су астында бөренелер, бағаналар, рельстер, темірбетондар және басқалар болуы мүмкін. Сүңгуге арнайы жабдықталған жерде ғана сүңгу керек. Суға құламалы, құлама және өсімдікпен өскен жағаларда түсуге болмайды. Мұнда су түбі тамырлар мен өсімдік басқан болуы мүмкін. Кейде құмды түп те тұрақсыз болады, ол жүзе алмайтындарға өте қауіпті. Судағы қауіпсіздіктің негізгі шарты қайықты тепкенде ережені қатаң сақтау болып табылады. Суға түсуге барғанда дұрыс жөнделмеген және толығымен жабдықталмаған қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа отырардың алдында оны қарап және ескектің, меңгеріктің, ескек тұтқаның, құтқарушы доңғалақтың, жолаушылар санымен құтқарушы жилеткалардың және