4. Жамбас бұлшық еті сіңірі тартылғанда сирақтағы жіліншіктен төмен аяқты сырт жағынан ұстап (алқымнан), тізені бүгіп, қолмен арқаға қарай күшпен тарту керек. 5. Қандай болсын қолда бар үшкір затпен (түйреуіш, ине және т.б.) шанышқылау керек. 6. Шаршаған жүзуші суда дем алу үшін "арқаға жатып жүзу" қалпы ең жақсы тәсіл екенін ұмытпағаны дұрыс.
Суға түсіп жүріп, ойнап “Батып барамын!” –
деп, өтірік айқайлауға болмайды
Тыныс алу жолдарына кірген және дем алуға кедергі келтіретін суды шығару үшін, тез арада тоқтап, аяқ және қол қатты қимылдарымен су бетінде ұстанып тұрып, басты неғұрлым жоғары көтеріп қатты жөтелу керек. Суда қақалып қалмас үшін, жүзуші тыныс ырғағын дұрыс сақтау керек. Толқында жүзгенде толқындардың есу арасында болғанда тыныс алу үшін мұқият болу керек. Толқынға қарсы жүзгенде толқынға еппен көтеріліп және одан сырғып түсу керек. Егер ескен толқын келе жатса, онда есуден төменірек оның астымен сүңгіген дұрыс. Қатты ағысқа түскенде оған қарсы жүзуге болмайды, тыныс алуды бұзбай жағаға ағыс бойымен жүзу керек. Иірімге түскенде, бойды үрей алдырмау, сабырлылық сезімін жоғалтпау керек. Өкпеге неғұрлым көбірек ауа толтырып, суға кіріп, ағыс жаққа қарай қатты серпіліс жасап су бетіне шығу керек.