суды төгу үшін бақырдың бар екендігіне көз жеткізу керек. Қайыққа отырғызуды төсеніштің ортасына басып сақтықпен жүргізу керек. Арқалыққа (орындыққа) біркелкі отыру керек. Ешқашанда қайықтың шетіне отыруға, бір орыннан бір орынға ауысуға, сонымен қатар бір қайықтан бір қайыққа өтуге, қайықты шайқалақтатуға және одан сүңгуге болмайды.
Суда жүзе білмесең үрілген матраспен немесе
балонмен алысқа жүзуге болмайды
16 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің қарауынсыз қайық тебуге, қайықтың осы түрі үшін белгіленген мөлшерден жоғары жүк салуға, моторлы кемелердің жүрісін кесіп өтуге, оларға жақын болуға және кеме жүрісі бойынша жүруге тыйым салынады. Егер қайық төңкеріліп қалса, онда біріншіден көмекті қажет ететіндерге көмектесу керек. Ең жақсысы барлық жолаушылар бірге қайықтан ұстап және барлық күшпен оны жағаға немесе таяз жерге итеру керек. Жүзе алмайтындар және нашар жүзетіндер үшін аса қауіпті болып әртүрлі жүзу құралдары: камералар, белдіктер, резеңке матрастар және т.б. табылады. Зардап шеккен адамды бір минутқа да қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген сәтте оның жүрегі тоқтап қалуы немесе миының және өкпесінің қабынуы өршіп кетуі мүмкін.
Таныс емес жердегі суға секірмеңіз, су астында
қауіпті заттардың болуы ықтимал