Сулейманова Меруерт кял 20-3 Лингвистикалық мектептер



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі20,26 Kb.
#136886
1   2   3
Байланысты:
Жтб бөж

Эстетизм. ХХ ғасырдың бас кезінде Батыс
Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта
пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі
эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны
қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің
профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері
К.Фосслердің "Тіл - біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму»
(1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика - оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен
аяқталады деп санайды.
Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік
неофилология деп те аталады.
К. Фосслердың зерттеулерінің көпшілігі әдебиеттану ғылымына жатады. Солармен бірге тіл мәселелеріне
арналған "Лингвистикадағы позитивизм мен
идеализм" деп аталатын еңбегінде Фосслер позитивистер деп жас грамматистерді атайды да, идеалистер тобына өзін және өзінің жолын қуушыларды жатқызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет