құндылығына ие гипотезалар болып табылады. Мысалы, тарихи материализм
социалистік қоғамда, ал тарихи идеализм буржуазиялық қоғамда басым болды.
Қазір адамзат та, әлеуметтік философия да әлеуметтік танымның жаңа
сатысына көтерілуде. Әлеуметтік философия адамзатты өзара қарым-
қатынастағы жергілікті (жеке) қоғамдардың жиынтығы ретінде зерттейді. Бұл
жағдайда «адамзат» және «қоғам» ұғымдары әр түрлі болады. Қоғам көптеген
салалық жүйелерден: географиялық, демографиялық, экономикалық және т.б.
тұратын тұтас жүйе болып табылады. Бұл әлеуметтік жүйелер әлеуметтік
ағзалардың құрамдас бөліктері мен функциялары жағынан талданады.
Әлеуметтік философияның осы бөлігін зерттеуден-ақ, қоғамның қандай
күрделі екендігі және біз бұл туралы қаншалықты аз білетініміз анық болады.
Әлеуметтік философия мәселелерінің бірі қоғам мен адамзат дамуының үдерісі
болып табылады. Мұнда әлеуметтік дамудың негізгі субъектілері (жеке
тұлғалар, элиталар, таптар мен ұлттар); әлеуметтік даму түрлері (циклдік,
сызықтық,
спиральдік);
әлеуметтік
даму
үдерісінің
ерекшеліктері
(эволюциялық, революциялық, коэволюциялық); барлық күрделілігіндегі
әлеуметтік прогресс (критерийлер, қажеттілік, баға және т.б.), қозғалыс күштері
мен әлеуметтік прогрестің жетістіктері, әлеуметтік дамудың саналы және
өздігінен қатынасы талданады.
Әлеуметтік философияның маңызды мәселесі – әлеуметтік организмнің
негізгі салалары арасындағы байланыс нысандарын зерттеу, яғни, әлеуметтік
болмыс элементтерін біріктіру жолдарын зерттеу. Біріктірудің мұндай түрлері –
өзіндік
метажүйе
ретінде
әрекет
ететін
қоғамдардың
(әлеуметтік
құрылымдардың) қалыптасуы болып табылады. Осындай метажүйелердің үш
түрі ажыратылады: саяси, экономикалық, аралас. Оларға дәл сондай қоғамдар
сәйкес келеді. Қоғамдардың осындай қалыптасуы шеңберінде, оларға сәйкес
келетін әлеуметтік сананың түрлері пайда болып, онда экономикалық, саяси
және аралас болмыс танылады. Әлеуметтік философия мәдениет пен
өркениеттің ұғымымен байланысты қоғамдар мен адамзаттың дамуындағы
сапалы кезеңдер мәселесімен ұзақ жылдар бойы айналысады. Мәдениеттануда
мәдениет мәселесі адамзат қоғамы мен адамның жеке сипаты ретінде
толығырақ зерттеледі. Әлеуметтік философия аясында, мәдениет қоғамның,
мәдениет даму сатылары өркениеттің сапалық сипаты ретінде қарастырылады.
Өркениет дамуының бұл жағында жергілікті қауымдар (Мысырлық, Батыс
Еуропалық, Қытай,т.б.) сипаты да, адамзат дамуының сатылары да
(индустриялдыға дейінгі, индустриялды, постиндустриялды) зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: