1.3. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ОНЫМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ҒЫЛЫМДАР
Әлеуметтік философия пәнін талдай келе, оның басқа ғылымдармен,
бірінші кезекте тарих философиясымен байланысын айтуға болады. Тарих
философиясы шынайы тарихтағы субъективті күштер мен объективті
жағдайлар, қажеттіліктер мен кездейсоқтықтар және т.б. өзара әрекеттесуі
тұрғысынан адамзат тарихын түсіну болып табылады. Тарих философиясы
адамзат тарихында, қоғам дамуы тәуелді болатын қандай да бір түпкі мақсатты
ашуға ұмтылады. Осындай мақсаттың мысалы ретінде гегельдік әлемдік
рухтың
пруссиялық
мемлекетке,
материалдық-өндірістік
күштердің
коммунистік қоғамға ұмтылысы және т.б. айтуға болады. Осылайша,
тарих
философиясы және әлеуметтік философия пәндері тығыз байланыста болады.
Тарих философиясымен салыстырғанда, әлеуметтік философия адам мен
қоғамның өзара байланысын тарихи тұрғыда айқындап қарастырады.
Әлеуметтік философия мәселелеріне мыналар да жатады: тарихи үдерістің
детерминизмі, оның қозғаушы күштері, тарихи үдерістегі табиғи және
әлеуметтіктің бірлігі, оның дәуірленуі, тарихи үдерістің бірлігі мен әртүрлілігі
және т.б. Тарих философиясында әлеуметтік және философиялық мәселелер
белгілі бір нақтылыққа, шынайы тарихи үдерісті жақындастыруға ие болады
деп айтуға болады. Әлеуметтік философия тарихпен байланысты. Тарих тар
мағынада, белгілі бір түрде тарихшылармен түсіндірілетін адамзаттың өткені
туралы ғылым. Қоғамдар мен адамзат тарихы белгілі бір кеңістіктік және
уақыттық қатынаста болатын нақты және әртүрлі
оқиғалар жиынтығы болып
табылады. Тарих ғылым ретінде бұл оқиғаларды уақыттық және логикалық
ретпен зерттейді. Сол себепті, В.О.Ключевский тарихты ғылым ретінде
жазған.Ғылыми тілде «тарих» сөзі екі жақты мағынада қолданылады:
1) уақыт бойымен (адамдар, қоғамдар, адамзат) қозғалысы, процесс ретінде;
2) процесті тану ретінде.
Сондықтан, уақытта орын алатын барлық нәрсенің өз тарихы бар. Тарих
мазмұны болып тарихи процесс танылады, яғни адамзат қоғамының даму
үрдісі, жағдайы мен жетістіктері немесе оның дамуындағы және нәтижесіндегі
адамзаттың өмірі.
Тарих – бұл нақты (эмпирикалық) және теориялық фактологиялық
ғылым. Тарихи білімдердің бірінші кезеңі әлеуметтік фактілерді (оқиғаларды),
олардың хронологиясын, шыққан жерін нақты сипаттау мен білуді қамтиды.
Тарихи (әлеуметтік) фактілерді жинау тарих ғылымның негізі (эмпирикалық)
болып табылады. Тарихи танымның келесі теориялық кезеңі жиналған тарихи
фактілерді жүйелендіру және жинақтау. Ол тарихшыда,
қоғам құрылымы,
қозғаушы күштері, адамзат қоғамдарының өзара әрекеттесуін және т.б.
қамтитын, адамзат тарихының белгілі бір әлеуметтік-философиялық
гипотезаның болуын болжайды. Осылайша, тарихтың теориялық компонентінің
әдіснамалық негізін қалыптастырып, тарихи фактілерді біріктіретін әлеуметтік
философия тарих құрылымының бір бөлігі болып табылады. Бұны келесі
иерархиялық бірізділікпен бейнелеуге болады: тарихи фактілер, халықтар
тарихы, адамзат тарихы, әлеуметтік философия.
Әлеуметтік философия әлеуметтанумен де тығыз байланысты.
Әлеуметтану бұл адамдардың, әлеуметтік топтардың, мекемелер қызметінің
нәтижесі деп танылатын қоғам туралы ғылым.
Әлеуметтану да қоғамды
зерттейді, бірақ қоғамдық сана мен қоғамдық болмыс байланысы жағынан емес,
қоғамның кейбір құрылымдық элементтері, олардың қызметі мен арасындағы
қарым-қатынас тұрғысынан зерттейді. Осыған байланысты кейбір социологтар
(Э.Дюргейм және басқалар) әлеуметтану пәні деп әлеуметтік фактілерді
(ұжымдық қызметтің нәтижесі), басқалары (М. Вебер және т.б.), әлеуметтік
мінез-құлықты (оның мүдделері мен ниеттері) және басқалары (марксисттер)
тұтас экономикалық жүйе (формация) ретінде қоғамның дамуы менқызмет
етуін қарастырады.
Әлеуметтану ғылымында зерттеудің үш деңгейін бөлуге болады: 1)
әлеуметтік фактілер мен эмпирикалық қорытындыларды алуға бағытталған
эмпирикалық (нақты-социологиялық зерттеулер); 2) ортақ деңгейдегі
социологиялық теорияларды білдіретін салалық (еңбек социологиясы, отбасы
социологиясы, білім беру социология және т.б.); 3) теориялық (теориялық
социология), онда қоғам өзіне тән әрекет ету
және даму заңдылықтарына ие
әлеуметтік ағза ретінде қарастырылады. Соңғы деңгей әлеуметтік-
философиялық деп танылады, ол әлеуметтік философияны тұтастай емес, оның
бір бөлігін ғана білдіреді. Әлеуметтік философия соңғысының құрылымына
кіретін теориялық социологияның бөлігінен әлдеқайда кеңірек және тереңірек
болып табылады. Әлеуметтанумен салыстырғанда, тарих өз құрамына тарихи
зерттеудің методологиялық (сыртқы) негізі ғана болатын әлеуметтік
философияны қоспайды. Сонымен қатар, әлеуметтік философия әлеуметтік-
тарихи антропологиямен тығыз байланысты. «Антропология» сөзі адамның
зерттелуін дәлелдейді, «әлеуметтік-тарихи», тарихтың социологиялық жағынан
зерттелуін айтады.
Жалпы алғанда, әлеуметтік-тарихи антропология нақты бір
тарихи қоғамда туып-өскен, әлеуметтенген, жұмыс істейтін, дамып келе жатқан
адам туралы ғылым болып табылады.
Бұл ғылымда адам белгілі бір тарихи қоғамда туылып, және білім мен
тәрбие үрдісінде алдына келетін қоғам нормалары, дәстүрлері, мекемелерін
шындық ретінде қабылдайды. Нәтижесінде, ол осы қоғамның өкілі болады,
мысалы, кеңес қызметкерлері, мұғалім, партократ және т.б. Алайда, олар өз
қызметі
барысында, жетілген күйде, өздерінің көрнекті өкілдері түрінде,
адамдар жаңа нормаларды, дәстүрлерді, мекемелерді жетілдіріп, сол арқылы
басқа ұрпақтарын қалыптастырудың нақты тарихи жағдайларын өзгертеді.
Тарихтағы көрнекті тұлғалардың рөлі мәселесі мен таптар, ұлттар және
т.б. әрекетіндегі объективті факторлар рөлі мәселесі зерттелген тарихи
идеализм және тарихи материализмде сирек қолданылған әлеуметтік-тарихи
антропологиясыз қоғамға философиялық талдау жасай алмаймыз. Бірақ
көрнекті тұлғалар басқа әлеуметтік топтардың (жастық, экономикалық,
саяси
және т.б.) қолдауынсыз ештеңе жасай алмайды. Сонымен бірге, адамдардың
қалыптасуы мен өмір сүруіне тек объективті факторлар әсер етпейді. Осы
тұрғыдан алғанда, әлеуметтік философия – бұл философиялық тұрғыдан
қоғамды адамдар үшін жайлылық пен ұзақ өмір сүруге арналған қоныстану
орны ретінде зерттейтін ғылым. Және бұл үдерісте әлеуметтік орта мен жеке
адам,
әлеуметтік
қоғамдастық
түрінде
болатын
әлеуметтік-тарихи
антропологияда қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың рөлі маңызды.
Осылайша, әлеуметтік философия, бір жағынан, өзінің эмпирикалық
құрамында тарих пен социологиядан алынған әлеуметтік фактілерді қолданады,
ал екінші жағынан, ол өз кезегінде тарих
пен социологияның теориялық
деңгейінің бір бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: