Сулейменов Пиримбек Муханбетович


ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................134



Pdf көрінісі
бет3/44
Дата16.10.2023
өлшемі1,89 Mb.
#116642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

ҚОРЫТЫНДЫ
......................................................................................................134 
 
Әлеуметтік философия пәні бойынша тест сұрақтары
:……..........136
 


 
ӘДЕБИЕТТЕР
.....................................................................................................156 
 
КІРІСПЕ 
 
Қарама-қайшы әлемнің заманауи динамикалық үдерістері әрбір адамды 
әлеуметтік өмірдің қиын жағдайына әкеліп тірейді. Үшінші мыңжылдықта 
басталған құндылық бағдарларының өзгеруіне байланысты өсіп келе жатқан 
шиеленісті шешу, қазіргі мәселелерді шешудің жолдарын, әдістерін және 
тәсілдерін табудың қажеттілігін, адамның және оның ішкі әлемінің, 
дүниетанымының мәдениетін сақтау мен дамыту адамзаттың проблемалары 
болып табылады. Қазіргі заманғы жастардың пікірі мен ой-санасы, кейде 
қайшылықты оқиғалар мен өткен тарих, әртүрлі тарихи құбылыстарға бай 
оқиғалар, ойлар мен көзқарастарға қайта баға беру арқылы, немесе 
плюрализмдік пайымдауларға, әлемнің пайда болуы және қоғамдық өмірдегі әр 
алуан проблемалар мен көзқарастарға қарай қалыптасады. Жастар жаңа 
әлеуметтік процестерден адасып жүрмеу үшін, дер кезінде дұрыс іс-әрекет 
жасап, өмір сүрудің мән-мағынасын ұғындыру үшін, жас ұрпаққа білімнің 
дүниетанымдық бөлшегі болып табылатын – әлеуметтік философия сияқты 
рухани негіз-тірек керек. Әлеуметтік философия кең мағынада қоғамның 
сапалы ерекшелігін (табиғаттан айырмашылық, мемлекетке, дінге, моральға, 
рухани мәдениетке деген қөзқарас), оның мақсаттарына (әлеуметтік 
идеалдарына), әлеуметтік тарихтың пайда болуы мен дамуына, жетістіктеріне 
назар аударуды қоса алғанда, философияның білім салаларының бірі болып 
саналады. Егер тар мағынада қарастыратын болсақ, саяси-экономика, 
антропология, психология, мәдениеттану және т.б. білім салаларымен шектесе 
отырып, әлеуметтанудың теориялықкатегориялары арқылы қоғам дамуының 
проблемаларын зерттеуге арналған философияның әлеуметтік философия атты 
бөлімінің бір бөлшегі болып табылады. Әлеуметтік философия философия 
ғылымымен қатар дамыды. Адамдар әр кезде әлемдегі барлық нәрселерден 
жасқанады, бірақ оған қарамастан мәңгі өмір сүретіндей, әлемдегі барлық 
нәрселерге қол жеткізіп, көзі ашық болуға тырысады. Бірақ қоғам және онымен 
бірге адам да үнемі өзгеріп, жаңа және өзгеше кейіпке ие болады. Әдетте, өмір 
сүру үшін көп нәрсе қажет: нан, тұрғын үй, тұрақты жұмыс, адами және табиғи-
тұрмыстық, әлеуметтік жағдайлар, азаматтық, саяси-әлеуметтік құрылым және 
мәдениет керек. Әлемдегі, қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалар, адам 
өміріндегі өзгерістер – әлеуметтік философияның мақсаты болып табылады. Ал 
қоғам мен адамды тану – өте қиын және қарама-қайшылыққа толы үдеріс. 
Әлеуметтік философия қоғамды, адамды зерттей тұрып, оқиғалардың жалпы 
адамдық мазмұнын, құбылыстарды белгілей отырып, өмір мен қоғамдағы 
өзгерістерді, адамның даму заңдылықтарын анықтап, болашаққа көз жүгіртуге 
мүмкіндік береді. Өмірлік факторларды анықтаудың нақты тарихи сипаты 
көптеген философиялық түсініктерге ие. Адамдардың іс-әрекеттері қандай да 
пішінге ие болса да, оларды тек әлеуметтік бірлік пен келісімділік жағдайында
ғана, жоғары деңгейге көтеріліп, жұмысының ең биік тиімділігіне жетті деп 


айта аламыз. Және де бұл кездейсоқ нәрсе емес. Еңбек тек бейбітшілік, 
азаматтық бірліктің үйлесімділігі мен әлеуметтік үйлесімділік жағдайында 
тиімді болып табылады. Азаматтық бірлік пен қоғамдық үдерістің жалпы 
өркениеттік негіздерін іздестіру, бізге танымның жаңа – әлеуметтік әдісін ашып 
берді. Жалпы әлеуметтанудың бағыттарының бірі қалыптаса отырып, 
философияның белгілі бір білім саласына айналған әлеуметтік философия да 
жетіле бастады. XIX ғасырдың басында әлеуметтік философияның осындай 
бағыттарының негізін қалаған философтар Анри Сен-Симон, Огюст Конт, Карл 
Маркс, Фридрих Энгельс және т.б. болды. Бірақ батыс әлеуметтануында 
әлеуметтік-философиялық бағыт тек неомарксизм бағытымен ХХ ғасырда 
дами түсіп, өзіне әлеуметтік ғылымның психологиялық және философиялық-
антропологиялық 
тәсілдерін 
қосарлаған 
түсініктер 
мен 
талдау 
категорияларының әлеуметтік тәсілдерін біріктірді. Неомарксисттер Теодор 
Адорно мен Макс Хоркхеймер әлеуметтік философия тұжырымдамасының 
қысқаша анықтамасына сүйенетін болсақ, әлеуметтік теорияның көрінісі – 
өзіндік әлеуметтік уағдаластықпен түсіндіріледі, бұл теорияға шын мәнінде 
сыни баға береді. Бұл идея әлеуметтанудағы неогегельдік-антропологиялық 
бағдарлар өкілдерімен де тұжырымдалған, содан кейін әлеуметтік философия 
радикалдық әлеуметтануда, сондай-ақ постиндустриализмде де дами түседі. 
Заманауи әлеуметтік философия әртүрлі амал-тәсілдерді, теориялық 
құрылымдарды қамтып, қоғамдағы барлық құбылыстар мен оқиғаларды, адам 
өмірінің өзгеруін плюралистік, толерантты түрде көрсету жолдарын табуға 
бағытталған. Баяндау логикасы қоғамның, адамзат дамуының тарихи жолын 
мұқият зерделеп, қоғамды күрделі өзін-өзі дамытушы жүйе ретінде түсініп, 
әлеуметтік қатынастардың жиынтығы арқылы көптеген жауаптарды сөзсіз 
табуға болады деп болжайды.
Адам және қоғам әлеуметтік өмірдің маңызды құрамдас бөлігі – 
мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл оқу құралыда мадениеттанудың 
теориялық 
мәселелері 
қарастырлып, 
адамның 
әлеуметтік-мәдени 
континиумдағы өзара қатар өмір сүруі мен байланысы дәлелденеді. Адамзаттың 
болашақ проблемалардың тарихы мен теориясы ғана емес, сондай-ақ заманауи 
өркениеттің ақпараттық дәуірге шығу жетістіктері, әлеуметтік өмірге 
бағдарланған адамгершілік-демократиялық қоғам қалыптастыру мәселелері де 
талданып зерттеледі.
Адам – іс-әрекетке бейім жан, оны табиғатпен, өмір сүретін қоғаммен 
мыңдаған ағындар байланыстырады. Өмір сүре тұра адам айналасындағы 
әлемге әсер етіп, оны қайта қалпына келтіруге, өз қажеттіліктеріне жауап 
беретіндей өзгертуге тырысады. Оқу құралыдаадам өз қабілеттерін жақсарта 
отырыпдамып, өзін-өзі өзгертеді деген пікірлер жан- жақты талданған. 
Адамның әлемге практикалық-трансформациялық қатынасы негізінде оның 
санасы, рухани белсенділігі дамиды. Оның арқасында, материалдық және 
рухани мәдениет әлемінің жаңа шындығы пайда болады. Бұл оқу құралында 
сонымен қатар, адамның ақыл-есті жаратылыс ретінде пайда болуымен 
байланысты көптеген мәселелер қарастырылып, антропогенездің, адам сана-
сезімі, шығармашылық белсенділігі, қарым-қатынасы және өзіндік сана-сезімі 


туралы толқытатын түйткілді сұрақтарға жауап беріледі. Қоғам дамуының 
қазіргі кезеңінде ақпараттық саланы қалыптастыруға назар аударылып, мәдени 
жадыларды белгілеудің жаңа әдістері белгіленеді, жаңа тарихи-мәдени 
құндылықтардың пайда болуы байқалады. Мәдени-тарихи гуманистік бағыттар 
да қалпына келтірілуде. Қоғам өнеркәсіптік қоғамда басым болатын 
технократтық рационалдылықты жеңуге қабілетті, шығармашылық ойлауға 
және іс-әрекетке дайын, мәдениетті, білімді тұлғалардың қалыптасу жағына 
қарай күшейе түсуде. Бұл еңбек қазіргі заманғы жастардың адам өмірінің, 
қоғамның ең қызықты және күрделі мәселелерін ойландыруды мақсат етеді.
Бұл оқу құралыақиқаттың жиынтығы емес, тек әлеуметтік философияда 
қалыптасқан ақиқаттың мәнін түсіндіруге арналған тәсілдеме. Ақиқаттың өзін 
болса, құбылыстарды, қоғамдағы әлеуметтік оқиғаларды және де адамның 
оларға қатысуын мұқият әрі тыңғылықты зерттеу арқылы білуге болады. 
Әлеуметтік философия атты оқу құралы тарихи, жалпы мәдени деректер, 
фактілер, қолданыстағы теориялар мен әртүрлі әлеуметтік құбылыстардың 
мәнін ашатын оқиғалар мен жоғарғы оқу орындары жастарын өз көзқарасын 
білдіруге және қорғауға үйретуді үндейді

Философиялық білімдердің 
негіздерін меңгеру студентке белгілі бір салада тар маман ғана емес, өз бетімен 
ойлануға және әрекет етуге қабілетті маманға айналуға көмектеседі. Бұл 
функцияны орындау барысында, әлеуметтік философия адамға қоғам туралы 
білім беріп, әмбебап ғылыми философиялық теорияның пайда болуымен қатар, 
өзінің тиімділігін танытады.
Әлеуметтік философия тек қоғамның философиялық теориясы ғана емес, 
сонымен қатар, басқа да: тарих философиясы, әлеуметтану, құқық 
философиясы, саясаттану және т.б. әлеуметтік ғылымдарды зерттеудің 
әдістемесі болып табылады. Әлеуметтік философияның екі негізгі бағыты әлі 
күнге дейін идеалистік және материалистік (марксисттік) болып табылады. 
Марксистік әлеуметтік философияға негізделген кеңестік қоғамның құлдырауы 
оның жаңашыл еместігінің тікелей дәлеліне айналды.Әлеуметтік-философия 
реализмнің әдістемелік негізі бір жағынан детерминистік және позитивистік 
синтез болса, екінші жағынан,бұрын марксизм мен идеализм арасындағы 
бөлінген ортақ мәдени және рухани-құндылықтық парадигмалар болып 
табылады. 
Бұл оқу құралында әлеуметтік философия сұрақтарының идеалистік, 
марксисттік және реалистік түсініктері айқын анықталған. Әлеуметтік ортаның 
барлық негізгі салалары мұқият талданады, оларға: географиялық, демо-
әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани орталар қарастырылады.Қоғамдық 
ағзаның метасистемасы ретінде әлеуметтік қалыптастыру туралы жаңа түсінік 
ұсынылды. Ол әлеуметтік қалыптастырудың үш негізгі түріне негізделген: 
экономикалық, саяси, аралас типтер бөлініп шығарылды. Бұл өз ретінде, 
әлеуметтік ағзалардың күрделілігі мен алуан түрлі болатынын көрсетуге 
мүмкіндік береді.Әлеуметтік өркениеттің ұғымы, қоғамның өзіндік рухани 
қалыптасу 
тұжырымдамалары 
құрастырылды. 
Ол 
адамның 
денесін 
толықтырғандай, әлеуметтік құрылымды да ұлғайтады. Онда әлеуметтік 
ағзалар рухани деңгейге дейін өсіп қалыптасады. Әлеуметтік өркениеттің 


негізгі түрлері анықталып, әлеуметтік формацияның тиісті түрлерімен 
салыстырылады.Мұның бәрі адамзат қоғамы дамуының өркениеттік кезеңдерін 
талдауға мүмкіндік берді: өнеркәсіптік, индустриялдық кезеңге дейінгі, 
индустриялдық, 
индустриялдық 
кезеңнен 
кейінгі, 
тиісті 
әлеуметтік 
құрылымдар мен өркениеттердің бірлігін білдіреді.
Оқу құралында тарихи үдерістің негізгі түрлері мен субъектілері, сондай-
ақ оның ие болған пішін түрлері көрсетіледі, мысалы: қоғамның саяси жүйесі, 
қоғамның саяси механизмдері, әлеуметтік эволюция, әлеуметтік төңкеріс, 
әлеуметтік жаңғырту.Әлеуметтік даму – күрделі, қарама-қайшы, нақты болжал 
жасалына бермейтін үдеріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет