Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қоғамның қалыптасуы және дамуын тарқатып айтып беріңіз.
2. Қоғам дамуының тарихи-әлеуметтік аспектілерін анықтаңыз.
3. Қоғамның тарихи дамуын философиялық тұрғыдан талдаңыз.
4. Қоғам мен адамның арақатынасы мәселесін сипаттаңыз.
5. Әлеуметтік философиядағы адамның мәні мәселесін ашып беріңіз.
6. Қоғам дамуындағы әлеуметтік кеңістік мәселесін зерделеңіз.
7. Қоғамтанудың теориясы мен методологиясын көрсетіңіз.
2.2.ТҰЛҒА ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ,
ТАРИХИ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ
Әлеуметтік философияның маңызды мәселелерінің бірі – ондағы адам
мен қоғам рөлі мәселесі. Тұлға нақты жеке сипатта келтірілген әр адамның
әлеуметтік бейнесі ретінде жүреді.
Тұлғаның қоғамдағы рөлінің ең терең бастаулары оның қоғамдық
табиғатында болып келеді. Бұл адамның қоғамдық, әлеуметтік болмысын
мойындау дегенді білдіреді ме? Бұл дегеніміз қоғамның барлық мәселелері,
оның объективті қажеттіліктері, даму мүмкіндіктері, болашағы, мақсаттары
ақыр соңында дерексіз тәуелсіздікте емес, әр тұлғаның шынайы жеке әрі нақты
қажеттіліктер, қызығушылықтары ретінде қызмет атқарады.
Тұлғаның
тарихтағы
рөлінің
бастауы
оның
әлеуметтік
қауымдастықтармен, әлеуметтік қатынастармен үзіліссіз байланысында.
Тұлғалардың қандай да бір қауымдастық түріне қатысты болуы әр тұлғаның,
әр адамның тіршілік әрекетінің белгілі бір импульсі (түрткі) болып келеді. Осы
тұста, өзінің кіші ортасының нақты жағдайларында, қайталанбас мүмкіндіктері
мен тенденциялары бар өзінің жеке өмірін сүріп, тұлға әлеуметтік
белсенділігін, тіршілік салтын шарттайтын жеткілікті импульстерді
қабылдайды.
Бір сөзбен айтқанда, әр тұлға өзінің тіршілік әрекеттеріне, әлеуметтік
белсенділігіне қатысты көптеген импульстер жиынтығына ие, осы жиынтық
шығу тегі қоғамдық болып келетін кең көлемді факторлармен қатар әр адамның
жеке дара өміріне қатысты қайталанбас жайттардан тұрады. Осындай көптеген
импульстерден қуат алып, әр тұлға қоғамда белсенде өмір сүріп, оның
қозғаушы күші ретінде тіршілік етеді. Қоғамдық өмір, адамзат тарихы жеке
индивидтердің сан алуан шексіз қызметтерінің сан қилы үдерісі болып келеді.
Осы орайда марксизм-ленинизм іліміндегі тұлға теориясы туындаған болатын.
Тарихтың қозғаушы күштері ретінде тұлғалардың ерекшелігі неде, олардың
әлеуметтік өмірдің субъектілер жиынтығында алатын орны қандай?
Ең алдымен, тарихтағы халықтар, халықтық топтар және басқа да
әлеуметтік қауымдастықтар өздерінің рөлдерінің іске асуы мен аспауын
тұлғалардан, олардың әрекеттерінен табатындығын ескеру қажет. Бұл мәселеде
ерекше көңіл бөлуіміз – өте маңызды болып табылады. Себебі, халық, топтар
мен ұлттар өз алдына әлеуметтік қауымдастық ретінде саналмайды. Олардың
ешқандай әрекеттері, қатынастары, еш күрестері жеке индивидтер мен жеке
тұлғалардан тыс жүруі мүмкін емес. Бұл мойындаусыз әлеуметтік
қауымдастықтардың рөлі азайтылған болып, қоғам тарихының фаталистік,
тылсым түсініктері туындау мүмкіндіктері пайда болуына әкеледі.
Мәселе тарихтың қозғаушы күші ретінде тұлға тек басқа қауымдастықтар
мен топтардың рөлін анықтап, аяқтауында ғана емес, сонымен қатар тарихтың
қозғаушы күші ретінде тұлға ешбір қауымдастықтарда, әрекеттер
жиынтығында жойылып кетпейтін өзінің жеке мағыналық құрамына ие.
Қоғамдық өмірдің қайталанбас бейнесі, бірегейлігі әсіресе осы тұлғаларға,
олардың әрекеттері мен қызметіне тікелей байланысты болып келеді.
Атап көрсетілген түсініктемелердің барлығы тарихтың қозғаушы күші
ретінде тұлғаның рөлі – қауымдастық рөліне жалғанатын «қосымша» емес,
басқа да әлеуметтік күштердің әрекеттерінің атауы да емес екендігін көрсетті.
Бұл рөл тарихтың өзіндік маңызды қозғалтқышы болып саналады. Тарихтың
қозғаушы күші ретінде тұлғаның рөлі жалпыға ортақ және абсолютті келеді.
Демек, қоғамда, оның тарихының барлық кезеңдерінде тұлғалар қоғамдық
дамудың қозғаушы күштері ретінде саналды дегенді білдіреді. Ары қарай
тарихтың қозғаушы күші болып қандай да бір алып тастаулар мен айыруларсыз
әр тұлға саналады. Бұлай саналуы, тарихтың қозғаушы күшіне ие болу қасиеті –
адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі. Егер адам, қоғамдық жаратылыс болса,
демек ол – тарихтың қозғаушы күші.
Егер бізге толық түрде қоғамдық өмірдің, тарихтың қоғаушы күштерінің
қиын механизмін зерттеу қажет болса, онда бұл түсінікте тарихтың қоғаушы
күштері тұлғалардың сипаты ретінде өзінің заңды орнын алуы тиіс. Онсыз
қоғамның материалистік түсінігі толық болмайды. Тарихтың қоғаушы күштері
ретінде тұлғаларды мойындау оның болмыстық сипатын белгілейді. Бұл
болмыс тұлға рөлінің біркелкі, бірқалыпты екенін, дамыған, тарихи және басқа
да модификацияларының жоқтығын білдірмейді.
Тұлғаның қоғамдағы рөлінің кейбір нақты аспектілеріне тоқтала кетейік.
Тарихи үдерістердің ерекшелігі мен тұлға рөлінің өсуі туралы айтар болсақ, біз
тарихтағы тұлға рөлі тарихи үдерістердің өрбу ерекшеліктерімен байланысты
деп болжаймыз. Осылайша, жалпылама айтқанда тарихи үдерістерді
эволюциялық-функционалды және революциялық, және экстремалды деп екі
топқа жіктеуге болады. Біріншілер, сапалы әрі тұрақты құрылым аясында
қызмет ететін үдерістер деп қарасақ, екіншілері – қоғамдағы өзіндік
бетбұрысты жағдайлар, яғни олардың құрамына қоғамдық күштерді
максималды түрде жұмылдырып, талпыныстарын бір арнаға шоғырландыратын
тұрақты қоғамдық өмірдің революциялық кезеңдері, соғыс сипатты
экстремалды жағдайлар кіреді. Біздің ойымызша, екі үдерістердің тағы бір
айырмашылықтарының бірі жеке-дара тұлғалардың, индивидтердің рөлін толық
анықтау үшін түрлі жағдайлар жасалынатындығы. Демек, қоғам дамуының
эволюциялық функционалды кезеңдері тұлғалардың жеке бастарына қатысты
қасиеттерді анықтауда қолайсыз немесе бұл қасиеттер қоғамдық резонанстың
аз мөлшерімен бірге жүзеге асады. Ал, революциялық және экстремалды
үдерістерге келер болсақ, олардың жалпы мазмұны мен құрамы келесідей бұл
жердегі қандай да бір, тіпті жергілікті, қоғамдық өмірдің бір ғана нүктесіне
қадалған өзгерістердің маңызы және олардың тарихты болашақта өзгертуге
деген ықпалы мен күші тарихи уақыттың бір сәтінде-ақ лезде арта түседі.
Бұндай жағдайда тағдыры осындай өзгерістер мен түрленулерге тікелей
қатысты индивидтер мен жеке тұлғалардың рөлі ашылады. Бұндай кезеңдер
сахна төріне күні кеше ел білмейтін есімдерді алып шығады. Осылайша,
Спартак, Жанна Дарк, соғыс қаһармандары – Иван Сусанин, Александр
Матросов және басқа да тұлғалар есімі тарихқа енді.
Сондықтан, тарихтағы тұлға қасиеттері мен рөлін ашып-анықтауда
тарихи үдерістердің сипаты аса маңызды деп ойлаймыз. Экстремалды
жағдайларда ол еселене түседі. Жалпылама және тарих пен ондағы өзгерістерге
орай, революциялық жағдайлардың санына байланысты қоғам дамуының
қозғаушы күші ретінде тұлға рөлі неғұрлым толығырақ, әлдеқайда сан қырынан
ашылады.
Тарихтағы тұлға рөлінің ерекшеліктері қоғамдық қауымдастықтар мен
олардың
қатынастарымен
байланысты
келеді.
Жоғарыда
айтылған
баяндамаларға сәйкес, тарихтағы тұлға рөлі әлеуметтік қауымдастықтар мен
олардың қарым-қатынастарына тәуелді. Әлеуметтік қауымдастықтар тұлға
түрлері мен олардың сипаттамасын анықтайды. Сонымен қоса, егер әр
қауымдастық өз алдына тұлғалардың жеке ерекшеліктерін анықтап, жүзеге
асыратын белгілі бір кұрал болса, онда әр қауымдастықтың көмекші құралдары
бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі болады. Мүмкін, бір қауымдастықтар тұлғаның
жеке ерекшеліктеріне немқұрайлы келеді немесе тіпті оларды басып тастайды,
ал екінші бір қауымдастықтар, керісінше, осы ерекшеліктерді анықтауға
атсалысып, оларды дамытуға септіктерін тигізеді.
Әлеуметтік қауымдастық диалектісі мен тұлғалардың жеке қасиеттері
бұл аспектіде өте аз зерттелген. Бұл жерде әлеуметтік қауымдастықтардың
нақты тарихи сараптамасы қажет екені айдан анық. Егер еңбектенуші және
үстем тап өкілдерінің поляризациялануын айтсақ, онда үстем тап өкілдерінде
әлеуметтік тұрғыдан тұлғалардың жеке қаситеттері мен бастамаларын ашуда
әлдеқайда қолайлы жағдайлар болғандығы белгілі. Бұл осы таптардың
әрекеттері мен қызметтерінің (басқару, рухани басымдық) сипатына,
әлеуметтік мүмкіндіктер жиынтығына, әлдеқайда жоғары мәдениет пен білімге
және олардың аз сандығына байланысты. Осындай жағдайда үстем тап өкілдері
арасынан жеке қасиеттері басым көптеген тұлғалар ерекшелене түсті. Ал,
жұмысшы тап өкілдеріне келсек, олардың өмір сүру жағдайы, көбіне еңбек пен
қара жұмыс астында басылып қалғандығы, әлеуметтік мүмкіндіктерден таса
қалғандығы және т.б. осының барлығы жеке индивидті бастамалардың пайда
болуына кедергі келтірді. Әрине, әңгіме қасиеттердің жоғалып кетуі жайында
емес, тек кедергілер мен шектеулер жайында айтылып отыр.
Бәлкім, жеке индивидтік бастамалардың көрсетілуі қоғамдағы физикалық
және ақыл-ой еңбегіндегі әлеуметтік бөлініспен бірге күшейе түсті. Осындай
әлеуметтік жіктелу аймағында ақыл-ой еңбегімен айналысатын, әлеуметтік
топтардағы жеке индивидтік бастамалардың күшеюі байқалады.
Қарастырылып отырған мәселенің ерекше аймағын қоғамның
микроәлеуметтік құрылымы мен тұлға рөлі алып отыр. Шағын әлеуметтік
бірігулердің жергіліктілігі, бұл жердегі олардың тұлғалық жеке индивидтік
қасиеттерді анықтап, дамытудағы талпыныс-күштерінің жұмылдырылу
ерекшеліктері өте орында. Үлкен әлеуметтік қауымдастықтар әлеміне
қарағанда, микроәлеуметтік қауымдастықтар әлемінде тұлғалық жеке
бастамалар рөлі әлдеқайда жоғары деген тұжырым жасауға болады.
Микроәлеуметтік қауымдастықтар дамудың, тұлғалық жеке қасиеттерді
анықтайтын жалпы ошағы, бұндай қасиеттер осы аймақта ерекше бағаланады.
Адамзат тарихындағы шағын әлеуметтік қауымдастықтар рөлі әр кезеңде
әртүрлі келеді. Бұл формалардың шарықтаған кезеңдері өндірістің цехтық
ұйымдасуы, шаруалық өмір сипаты бар феодализм, ірі әлеуметтік поляризация
кезеңдерінде шағын әлеуметтік қауымдастықтар рөлі көлеңкеде болған
кезеңдер де бар. Осындай шағын әлеуметтік қауымдастықтар рөлінің
тұрақсыздығымен байланысты тарихта осы қауымдастықтарға қатысты
тұлғалық жеке бастамаларды дамыту мүмкіндіктері біресе артып, біресе кеміді.
Сонымен, тарихтағы тұлға рөлі өзіндік бір жалпы болмыстық бірігу мен
ерекше құрамдылығымен белгілі. Жалпы болмыстық деген – бұл жағдайда
адамдардың барлығы, тұлғалар, индивидтер адамзат тарихының кез келген
кезеңінде, кез келген қоғамдық өзгерістерде тарихтың белсенді субъектісі,
оның қозғаушы күші болып қала беруі. Ерекшелік дегеніміз, бұл қасиет сан
алуан әлеуметтік топтар, түрлі тарихи кезеңдер, қоғамдық өмірдің түрлі
салалары, қоғамның әртүрлі күйіне қатысты ұзақ уақыт жаңа түрге өзгереді,
түрленеді, дамиды. Тарихтың қозғаушы күші ретінде тұлға рөлі теориялық
тұрғыдан өзінің жалпы болмыстық және ерекше құрамымен бірге бай әрі ауыр
өзара әрекет жағдайында байыпталып, нақтыланған.
Біздің әлеуметтік философиялық әдебиетімізде бізге тарихтың қозғаушы
күші ретінде тұлға рөлін дұрыс бағаламау бар екендігі белгілі. Тұлға, оның
қоғаммен, топтармен байланысы, оның құрылу заңдылықтары мен дамуы
жайлы көптеген адамдар жазып жүр. Әрине, бұл зерттеулердің жағымды
тұстары өте көп. Алайда, тұлға әрі нақты тұлға тарихтың жасаушысы, оның
қазіргі қозғаушы күші екендігі туралы тарқатыла, кеңінен айтылып жүрген жоқ.
Тұлғаның рөлін түсінудегі деформациялар (пішіннің өзгеруі) қоғамның
объективті заңдылықтарын шығарып, оларды адам әрекеттерімен қарама-қарсы
қойып, салыстырумен байланысты. Осы тұста, ең алдымен жеке тұлға зардап
шекті. Халықтар, топтар, ұжымдар мен тұлғалардың арақатынасын түсіну және
деформациялау. Ондаған жылдар бойы біз өзімізді және өзгелерді тұлға
алдында топтар, халықтар, ұжымдар, қауымдастықтар бірдей дәрежеде
екендігін үйреткен болатынбыз. Байқаусызда, осы ғылыми-идеологиялық
жұмыс тұлғаны мүлдем солқылдақ, кішкентай шама ретінде санауға әкеп
соқты. Ақыр соңында, тұлға рөлінің бағасы тарихи танымал тұлғалардың рөлін
ерекшелеумен төмендеді. Тарихи тұлғалардың жанында қарапайым адам рөлі
жоғалып кетті, яғни көпшілік тұлғаға айналды. В.С.Соловьев бұл үрдіске
былайша қарсы шыққан болатын: «Адамзат өмірінде тек қоғамның көпшілік
қауымын көріп, тұлғаны қоғамның болмашы, өзіндік құқықтары жоқ
элементіне теңейді, онымен ортақ мүдде үшін санасу міндетті емес» (Соловьев
B.C. Соч.: В 2 т М 1988. Т. 1.С. 283).
Әрине, біз қоғамның объективті даму заңдылықтарын зерттеу
қажеттілігін жоққа шығармаймыз, әлеуметтік қауымдастықтар маңызын,
тарихи тұлғалардың рөлін зерттеу қажеттілігін мойындаймыз. Бірақ, бар мәселе
шарада, бір шындықты қорғап, еріксіз жаңа адасуларды өрбіту керек емес.
Шараны осылайша бұзу орын алды, оның нәтижесі айқын түрде тұлғаның рөлін
дұрыс бағаламау, оны тарихтың қозғаушы күші ретінде мойындамау болып
отыр. Осындай шаралар жайлы сөз қозғау бүгінгі таңда қоғам бастан кешіп
отырған жағдай барысында өте маңызды. Қоғамымыздың кең етек жайған
дағдарысы адамдарды, нақты тұлғаларды дұрыс бағаламаудан тұрады. Осы
бірлік экономикалық өмірден, саяси құрылымдардан, рухани мәселелерден
сырт қалып отыр. Ал біздің қайта құрулар мен өзгерістердің өзегі болып, әр
адам, әр жеке тұлға біздің қоғамның мүдделі жасампазы болатындай жағдай
саналады.
Қалыптасқан тұлға дағдарысында және олардың тарихтағы рөлінде
жалғыз философтарды кінәлау дұрыс емес. Бірақ олардың кінәсі бар, ол – факт.
Ол кінә ондаған жылдар бойында, көптеген философтар тұлғадан, адамнан тек
таптық бөлшекті, халық бөлігін, коллектив мүшесін көрген болатын, және тек
осы тұстан оның рөлі қарастырылған болатын. Ал оның жеке мүдделеріне
келетін болсақ, оның қайталанбастығы, жеке идеялары, терең, өзіне ғана
қатысты белсенділігі жайлы аз ойланыппыз. Сонымен қоса, тұлғалық
бастамаларды
тереңірек
зерттеу
талпыныстарына
үлкен
күмәнмен
қарайтынбыз. Жалпы айтқанда, біздің барлық қоғамдық ғылым, әлеуметтік
философия ең әуелі өзіндік бір үлкен теорялық әлеуметтік ұжым. Қоғамдағы
тұлғалық бастаулар жоғалған кезде біз дабыл қақпадық, сонымен қоса оны
әлеуметтік прогресс шыңы деп қабылдадық. Десек те, бұл мүлдем прогресс
болмай шықты. Сондықтан, осы жағдайды түзету, толық түрде тұлға рөлінің
маңызын сөз ету, оны дұрыс бағалау, қоғамдағы әр адамның культін
қалыптастыру біздің теориялық, идеологиялық, адамгершілік парызымыз.
Танымал тарихи тұлғалардың әрекеттерінің объективті шарттары мен
индивидуалды ерекшеліктер диалектикасы. Тарихтағы танымал тұлға рөлі
тұлғаның тарихтағы, қоғамдық өмірдегі рөлінің өзіндік бір модификациясы
болып табылады. Осылайша, тарихтағы тұлға рөлінен танымал тұлға, оның
танымал рөлі пайда болуының ықтималды мүмкіндігі туындайды.
Философиялық теориядағы танымал тарихи тұлға рөлі туралы сұрақ пен
оның рөлі өте тыңғылықты қарастырылған. Біз бұл көлемді мәселенің тек бір
жағына тоқталып өтеміз, дәлірек айтқанда танымал тұлғалардың таланттары
мен қабілеттерінің әлеуметтік шарттары мен индивидтік ерекшеліктер
диалектикасына тоқталып өтеміз.
Тарихи тұлға, оның рөлі екі қосындының нәтижесі екені айдан анық:
әлеуметтік шарттар, қоғамдық қажеттіліктер, бір жағынан осылар болса, екінші
жақтан нақты тұлғалық қасиеттер. Әрине, осы қосындылар жиынтығында
шешуші күш әлеуметтік шарттарға тиесілі, ол күштер сан түрлі басқа да
жағдайларға, революциялық қайта құрулар мен өзгерістерге, таптық күрес
өршуімен, ірі саяси өзгерістер қажеттілігімен, қоғамдық мәдениеттің түрлі
саласында пайда болған өзгерістермен, экстремалды жағдайларен байланысты.
Сондықтан, танымал тұлғаның рөлін түсіну мен түсіндірудің бірінші
алғышарты тұлғаның кімнің әлеуметтік мүддесін қорғайтындығы, өмірге
қандай қоғамдық шарттар әкелгендігін түсінумен анықталады. Осындай
әлеуметтік шарттар жиынтығы қоғамның әлеуметтік тапсырысы іспетті.
Қоғамдық өмір, кез келген саланың қажеттілігі белгілі міндеттерді шешетін,
басшылыққа келетін, көшбасшыны талап етеді. Өздігінен бұл тарихи тұлға мен
оның уақыты арасындағы байланысты Гегель айтып кеткен болатын: «Әлемдік
рухтың намысын құрайтын түп негізгі элементті жеке мақсаттары бар адамдар
тарихтағы ұлы адамдар болып саналады. Оларды қаһарман деуге әбден болады,
себебі олар өздерінің мақсаттары мен әуестіктерін тұрақты, тыныш жүйелі
заттардан емес, мазмұны мен құрамы жасырылған және соңына дейін
дамымыған бастаудан, әлі жер астында шоғырланып, сыртқа ұмтылып, оның
қабаттарын тесіп шығатын ішкі рухтардан алады, бұндай рухтар ерекше өзек
болып табылады. Сондықтан, қаһармандар өздерін өзі жасайтындай көрінеді,
олардың әрекеттері әлемде бір күй мен бір қарым-қатынас жасады, бұлар
әлемде тек олардың ісі мен олардың ғана туындысы болып саналады» (Гегель
Г. Соч. Т. 8. С. 29).
Тарихи тұлғаның қоғамдық қажеттілігі – бұл сондай тұлғаның пайда
болуы емес. Себебі, бұндай қажеттілік жай ғана адамды меңземейді, тарих әлі
адами тапшылықты бастан кешірген емес, ол жеке қасиеттер жиынтығына ие
тұлға болуы керек. Қоғамдық қажеттілік еш уақытта тарихи тұлға
талаптарының нақты көрсеткішіне айналған емес (ондай көрсеткіші тіпті болуы
мүмкін емес), бірақ дегенмен кейбір жеке қасиеттердің ортақ жинақ қажеттілігі
объективті түрде байқалатын. Әлеуметтік қайта құруларға саясаткерлік
қасиеттері бар адам қажет екені белгілі, әскери қызметке арналған жоспар
нышандары байқалатын әскери адам, таптық тактика мен стратегия басқару
үшін көпшілік қауыммен тығыз байланыстағы адам керек. Осыдан, қоғамда
адамдарға қажетті индивидуалдық қасиеттерге дағдылайтын қоғамдық
механизм болуы керек, біртуар қабілеттерге ие тұлға қалыптасуы қажет.
Біртуар танымал тұлға өзіндік қоғамдық қажеттіліктің байланысы, белгілі
әлеуметтік күштер мен дамудың өсуімен, біртуар индивидуалды жеке
қасиеттердің тәрбиесімен қалыптасады. Өз қызметінде тұлға осы екі
қосындының әрекеттерін қосады. Бір жағынан, біртуар танымал тұлға басқарып
отырғандардың әлеуметтік күшін өзіне жинақтайды, себебі ол белгілі бір
мағынада әлеуметтік күштің соңына дейін жетуі, іске асыру мен көрінісі болып
табылады. Басқа жағынан, көпшілік қауымның әлеуметтік энергиясын өзінің
біртуар көрнекті қасиеттерімен біріктіре отырып, тұлға бұл энергияны
көбейтеді, оған қосалқы қуатты шабыт сыйлайды. Осы екі бөлшектердің
қосындысы көпшіліктің әлеуметтік энергиясы мен индивидуалды біртуар жеке
қасиеттері тарихи тұлғаның тарихтағы танымал рөлін анықтайды.
Кез келген тарихи тұлғаның рөлін бағалаған кезде, массалар мен
топтардың қызметіне не тәуелді, тарихи тұлғаға не нәрсе қатысты екендігін
ажырата білу қажет. Әйтпесе, Г.В.Плехановтың айтуынша, өзіндік «оптикалық
алдау» туындауы мүмкін. Толық тұрғыдан, осы нұсқаулықты ескере отырып,
тұлғаның рөлін дұрыс бағаламауда басқа да ауыр күйге түсіп кетпеу керек.
Себебі, егер тұлға масса мен топсыз белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмаса,
онда сәйкесінше көбінесе білікті тұлғасыз топтар нәтижеге қол жеткізе
алмайды немесе әлдеқайда ауыр әрі қымбат жолмен жетеді (Плеханов Г.В.
Избр. филос. произв. М., 1966. Т. 2. С. 327).
Атап өтетін жайт, тарихи тұлға рөлі тек оның белгілі әлеуметтік
күштердің мүдделерін орындап, оларды жағымды түрде сипаттаумен
шектелмейді. Бұндай жағдайда біртуар тұлғаның үлесін қанша мақтағанымен,
ол жоққа шығарылады, себебі ол өзінің емес, басқа қасиеттердің, басқа
әрекеттердің қабаты ретінде шығады. Шын мәнісінде, біртуар индивидуалды
қасиеттері, өзінің бірегейлігі есебінен тарихи тұлға тек білдірмейді, ол өзі
қайталанбас индивидуалды тұлға ретінде тарихта өз ізін қалдырып, қоғамға өз
үлесін қосады. Тұлға ретінде көшбасшы неғұрлым ауқымды әрі әйгілі болса, ол
соғұрлым тарихқа, оның қайталанбастығы мен бірегейлігіне әсер ете алады.
Тағы айта кететін жайт, әлеуметтік шаралар мен көшбасшының
индивидуалды жеке қасиеттері арасында бір мағыналы сәйкестік жоқ. Тарихта
әлеуметтік қайта құрулар көлеміне тарихи тұлғаның индивидтік қасиеттері сай
емес жағдайлар жиі байқалады. Осы тұста, К.Маркстың Луи Бонапартқа
қатысты тұжырымдары өте орынды, Франциядағы 1852 жылғы төңкерісте
К.Маркс бұл рөлдің екі түсінігін ұсынған болатын. Біріншінің авторы, В.Гюго –
төңкерістің барлығын бір адамның әрекеті ретінде санады. Екіншінің авторы,
П.Прудон – керісінше, алдыңғы тарихи дамудың ерекше рөлін атап өтті.
В.Гюго мен П.Прудон екеуі де, Луи Бонапартты тұлға ретінде ұлықтау шегінен
шықпады, оны тек түрлі тараптардан дәріптеген болатын. К.Маркстың
көзқарасы бұл екі түсініктен ерекше келеді. «Мен, керісінше, қарапайым және
күлкілі тұлғаға қаһарман рөлін иемдену үшін Франциядағы таптық күрес
қаншалықты қолайлы шаралар мен мүмкіндіктер тудырғанын көрсетемін».
К.Маркстың жағдайының мәні тек Луи Бонапарт сияқты кейіпкердің
рөлін бағалаумен, Франция тарихындағы бір ғана эпизодты бағалаумен
сарқылмайды. Оның әдістемелік мағынасы әлдеқайда терең және ол тарих
диалектикасын ашудан, «шарттар мен жағдайлар» айрықша тіркесі жеке
тұлғаларға көлемі жағынан индивид ретіне сәйкес келмейтін маңызды рөл
ойнауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл тек Луи Бонапартқа ғана қатысты емес.
Мәселен, Ресей тарихындағы Распутин сияқты тұлғаның пайда болуын
«шарттар» мен «жағдайлар» айрықша тіркесімен байланыстырмаймыз ба?
Әрине, байланысты. Осы жерден, тарихи тұлға тек талант пен қабілеттер
концентрациясын көрсететін фигура емес екендігін айтып өту керек. Жоқ,
көшбасшылыққа нышансыздық пен қыстырылып кіру мүмкін. Алайда, олар
тарихи тұлғалар арасында ұсталынып тұрады, онда таптық-саяси және басқа да
шарттар мен жағдайлардың қолайлы тоғысуы өте қолайлы ортамен қамтамасыз
етеді. Осы жағдайлар жалғасқанға дейінгі белгілі уақыт мөлшерінде – олар
қаһарман.
Айтылғанның барлығы, объективті әлеуметтік шарттар мен тарихи
тұлғаның жеке индивидуалды қасиеттерінің ара-қатынасының біркелкі емес
және ауыр екендігін білдіреді. Бұл диалектиканы тереңірек зерттеу қоғамдық
ғылымның, әлеуметтік философияның маңызды міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |