Сулейменов Пиримбек Муханбетович


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата16.10.2023
өлшемі1,89 Mb.
#116642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
 
1. Тұлғаның қалыптасуы және дамуын көрсетіңіз. 
2. Тұлғаның дамуының тарихи-әлеуметтік аспектілерін анықтаңыз.
3. Қоғамның тарихи дамуын философиялық тұрғыдан талдаңыз. 
4. Қоғам мен тұлғаның арақатынасы мәселесін сипаттаңыз. 
5. Әлеуметтік философиядағы тұлғаның мәні мәселесін ашып беріңіз. 
6. Тұлға жеке адамның диалектикалық байланысын зерделеңіз. 


2.3.ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР САЛТТЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Қоғамдардың және олардың өркениеттерінің ең маңызды сапалық 
сипаттамасы- адамдардың, таптардың, халықтардың және жалпы қоғамның 
өмір салты болып табылады. Өмір салты тұтастай қоғамды адамдар 
биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде тұтынушылық және тәжірибелік 
мақсаттарға ие формациялық құрылым ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Адамдардың өмір салты ұзақ уақыт бойы философиялық, әлеуметтік, 
социологиялық және тарихи талдау нысанасы болып саналған. Дегенмен, тек 
60-шы жылдардың басында АҚШ-та капитализм жүйесінің, ал Кеңес Одағында 
социалистік жүйенің істен шығуына байланысты, өмір салты мәселесі күн 
тәртібіндегі мәселеге айналды. Екі әлемдік қарама-қарсы формациялық 
жүйелердің бейбіт қатар өмір сүру мәселесі басты назарға алынды, аталмыш 
мәселе ресми түрде 1975 жылы Хельсинкиде бейбіт қатар өмір сүру туралы 
Хартияға қол қоюмен өз шешімін тапты. Буржуазиялық идеологтар 
капиталистік және социалистік қоғамдардағы адамдардың өмір сүру сапасын 
салыстыру мәселесін алға қойды. Олар кеңестік социализмге қарағанда 
марксистік капитализмнің орнын басқан демократиялық капитализмде 
адамдардың өмір сүру сапасы әлдеқайда жақсы екенін дәлелдеді. Бұл 
Д.Гелбрейттің "Общество изобилия" еңбегінде тұжырымдалған. 
Кеңестік идеологтар бұған жауап ретінде «халықтың өмір салты» 
ұғымының мазмұнын ашатын және социалистік өмір салтын капиталистік өмір 
сүру жолындағы артықшылығын дәлелдейтін көптеген жұмыстар жариялады. 
Осы тұста, олар әлеуметтік теңсіздік, нәсілдік кемсітушілік, кедейлік, 
дараландыру (индивидуализм), жеке бас пайдасына ұмтылу, келер күнге 
сенімсіздік және т.б. көптеген фактілерге назар аударды. Сонымен бірге, 
кеңестік идеологтар демократиялық капитализмнің қауіпсіз, демократиялық 
тұрмыс құруға қабілетті екендігін мойындады, бірақ бәріне емес, тек үстем тап 
өкілдері үшін ғана, ал бұл жетістіктің төлемі – адамдардың рухани құлдырауы. 
Қазір түсінікті болғанындай, бұл кеңестік насихаттау ғана болып шықпады. 
Адамдардың өмір салты мәселесі бойынша пікірталастар нәтижесінде, 
оған назар аудару капиталистік және социалистік жүйелердің қақтығысының 
нәтижесінде ғана емес, капиталистік және социалистік елдердегі ғылыми-
техникалық прогрестің теріс салдарынан, экологиялық дағдарыстың ушығуы 
және жаһанданудың салдарынан болғаны анықталды. 
Адамдардың өмір салты түсінігінің көптеген анықтамалары бар. 
Негізінен, қиындықтар бұл анықтамаға “адамдардың тіршілік әрекеті 
жағдайларын енгізу немесе енгізбеу, сондай-ақ, “өмір салтының” әлеуметтік 
кауымдастықтар, халықтар, қоғамдарға қатыстылығын анықтау мәселелеріне 
қатысты туындаған болатын. Осы тұста, біз А.П.Бутенконың анықтамасымен 
келісеміз, әлеуметтік субъектінің өмір салты дегеніміз тұрмыс деңгейі, табиғи-
географиялық және қоғамдық-тарихи жағдайлармен, сондай-ақ құңдылықтар 
арқылы анықталатын, оның тіршілік ету тәсілі. 
Өмір салты күрделі құрылымға ие. Ең алдымен, субъектінің өмір салтына 
белгілі бір қажеттіліктер, мүдделер, мақсаттар жатады, олардың жүзеге 


асырылуы оның, яғни субъектінің, тіршілік етуінің алғышарты болып 
табылады. Бұл қажеттіліктер тұтынушылық (материалдық), тәжірибелік 
(экономикалық, саяси), рухани деп жіктеледі. Қажеттіліктер өмір сүру сапасын 
анықтауыш критерийлер рөлін атқарады. 
Одан әрі, өмір салтына сәйкес қажеттіліктер нәтижесінде туындайтын 
тіршілік әрекетінің түрлері жатады: тұрмыстық, экономикалық, саяси, рухани 
және т.б. Тіршілік әрекетінің бұл түрлері субъекттің құрал-жабдықтарын
жағдайларын, қабілеттерін және амал-әрекеттерін қамтиды. 
Ақыр соңында, әлеуметтік субъекттің өмір салтына материалдық, 
экономикалық, саяси, рухани және т.б. игіліктер және өзге әлеуметтік 
субъекттермен қарым-қатынастары (субъекттің психикалық, зияткерлік, 
дүниетанымдық тұрғыда қанағаттану немесе қанағаттанбау жағдайларын 
тудыратын) жатады. Адамның өмір салтында қажеттіліктерді іске асырумен 
қатар, қажеттіліктерлі қанағаттандыру дәрежесі де айтарлықтай маңызды рөл 
атқарады. 
Тіршілік әрекетінің негізгі түрлерінің құрамы әлеуметтік субъектінің 
типіне байланысты анықталады. Мысалы, индивид үшін бұл отбасылық, 
тұрмыстық, еңбек, саяси, спорттық, эстетикалық және басқа да әрекеттер болса, 
ал қоғам үшін, ғалым Л.А.Зеленованың пікірінше, әрекеттің сегіз түрі тән: 
экономикалық, экологиялық, әкімшілік, педагогикалық, ғылыми, көркемдік, 
медициналық және дене шынықтыру. Әлбетте, бұл жіктеудің өзгеше болуы да 
әбден мүмкін. Себебі, субъекттің қажеттіліктері, тіршілік ету формалары, 
қабілеттері белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Ал, бұл иерархия болса
әртүрлі субъекттерде, әр уақыт аралықтарында, түрлі қоғамдарда алуан түрлі 
болып келеді және адамзаттың және оның формациялары мен мәдениетінің 
дамуымен бірге өзгеріп отырады. 
Өмір салты әлеуметтік субъекттің сипатына тәуелді. Әлеуметтік субъект 
рөлінде индивид (жеке тұлға), әлеуметтік қауымдастық (тап, топ, ұлт), қоғам 
және дамудың әртүрлі кезеңіндегі адамзат бола алады. 
Индивидтің өмір салты мыналарды қамтиды: 1) оның өмір сүруге 
құлшынысын тудыратын белгілі бір қажеттіліктер, мүдделер мен себептердің 
жиынтығы; 2) ой-сана, ерік және өзге қабілеттер; 3) мотивтер, қабілеттер және 
оларды жүзеге асыру шарттарын қамтитын тіршілік ету түрлері (отбасылық, 
тұрмыстық, еңбек, саяси және т.б.) жүзеге асырылатын өмірлік қызмет түрлері; 
4) оның өмірлік қызметі жүзеге асырылатын және оның қажеттіліктерін, 
мүдделерін, мақсаттарын қанағаттандыру құралы болып табылатын пәндік 
орта. 
Тіршілік әрекеті түрлері белсенді және белсенділігі төмен болып бөлінеді. 
Олар адамды қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Осыдан, Маркс 
дамытқан маңызды әлеуметтік-философиялық мәселе туындайды, барлық 
қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы болып табылатын еңбекті қалайша 
тартымды етуге болады. Осы себептен, адамзаттың қайта құрылуының 
коммунистік концепциясы жетілдірілді.
Алуан түрлі тіршілік әрекетінің түрлері әр индивид үшін әртүрлі маңызға 
ие: кейбіреуі үшін бірінші кезекте отбасы тұрса, енді кейбіреуі бірінші орынға 


жұмысты қояды. Дегенмен, тарихи (этнос, ұлт, өркениет), әлеуметтік 
(экономикалық, саяси, рухани және т.б.), жастық және басқа да 
қауымдастықтардың өмір салтында ұқсастықтар байқалады. Әлеуметтік 
қауымдастықтардың өмір салтының ортақтығы олардың осы қоғамдастыққа 
кірігуінің маңызды критерийі және осы интеграцияның маңызды белгісі болып 
табылады. 
Әлеуметтік қоғамдастықтың (тап, этнос, ұлт, этностар тобы) өмір салты 
төмендегілерді қамтиды: 1) осы қоғамдастықтың идеологиясында айқын көрініс 
табатын, оны құраушы индивидтердің ортақ қажеттіліктері, мүдделері, 
мақсаттары; 2) осы қоғамдастыққа тән тіршілік ету формалары мен оларға 
сәйкес институттардың жиынтығы; 3) жеке өмір салты (қажеттіліктер, 
мүдделер, тіршілік ету тәсілдері, қанағаттану). Әлеуметтік қоғамдастықтың 
өмір салты үшін жеке индивиттердің қажеттіліктері, мүдделері, мақсаттары 
ғана маңызды емес, қоғамдастық әлеуметтілік бүтін болғандықтан, барлық 
түсініктерді әлеуметтік тұрғыда ұғыну өте маңызды болып табылады.
Әлеуметтік қоғамның өмір салты оның тарихи қалыптасқан әлеуметтік 
өндіріс жүйесіндегі орнына, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы рөліне
табыстың әдістері мен көлеміне байланысты анықталады. Бірақ, бұл себептер 
әлеуметтік қоғамдастықтың өмір салты құрылымына кірмейді. Аталмыш 
тіршілік ету түрлерінің сипаты шаруалар, жұмысшылар, зиялы қауым, 
буржуазия өкілдерінде, сондай-ақ әртүрлі тарихи кезеңдерде феодализм, 
капитализм, социализм ерекшеленеді. Бұдан бөлек, әртүрлі кәсіптік топтар 
арасында өндірістік өмір салты да әртүрлі болып келеді. 
Қоғамдар, әдетте, көпұлтты құрамға ие екендігін және бұл оның өмір 
салтында көрініс табатынын ескеруіміз қажет. Қандай да бір этностың, ұлттың, 
өркениеттің қасиеттер жиынтығы саны, орналасу тығыздығы, мінез-құлық 
ерекшеліктері, менталитеті, дүниетанымы, салт-дәстүрлері белгілі бір дәрежеде 
оның өмір салтына әсер етеді. Тіпті, қоғамдардың өмір салты құрылымының 
алдыңғы субъекттердің өмір салтына қарағанда әлдеқайда күрделі болып 
келеді. Ең алдымен, ол осы қоғамның идеологиясында бекітілген ортақ 
қажеттіліктер, мүдделер және мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар, бұл 
қоғамды құраушы әлеуметтік қауымдастықтардың (топ, тап, этнос) тіршілік ету 
формалары және олардың институттары кіреді. Ақыр аяғында, аталмыш 
қоғамды құраушы адамдар, әлеуметтік қауымдастықтар және институттардың 
қанағаттануы немесе қанағаттанбауы нәтижесінде анықталатын осы қоғамның 
тұрақтылық дәрежесі, сондай-ақ, әлеуметтік қауымдастықтар тіршілік ету 
формаларымен алмасу, олардың арасындағы жанжалдар мен келісімдер енеді. 
Үстемдік етуші формациялық қауымдастықтың өмір салты үстемдікке ие: өзге 
әлеуметтік топтар оны басшылыққа алады, және ол бойынша тұтастай алғанда 
қоғамның өмір салтына баға беріледі. 
Қоғамның өмір сүру сапасына әсер етуші, қоғам өмірінің шарттарына
мыналар жатады: 1) географиялық, демографиялық, әлеуметтік салалар; 2) 
қоғам субъектілерінің ақшалай қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын 
экономиканың тиімділік дәрежесі; 3) формациялық құрылымы. Тарихи 
қоғамдастық ретінде өркениеттің өмір салты төмендегілермен ерекшеленеді: 1) 


дүниетаным, идеология, менталитет; 2) тіршілік әрекетінің түрлері және олар 
көрініс табатын әлеуметтік институттардың жиынтығы; 3)жеке өркениеттік 
өмір салты. Мұсылмандар, православтар және протестанттардың өмір 
салттарын салыстырып көріңіз. Православтар бұл әлемдегі өмірді аскеттік, 
яғни, о дүниедегі мәңгілік өмірге дайындық деп санайды. Сол себепті, олар 
өздерінің қызметтерінің нәтижелілігіне емес, жанның күйіне баса мән береді. 
Ал, протестанттар, керісінше, жердегі өмірлерін барынша қамтамасыз етуді 
ойлайды, өйткені, олардың пікірінше, жер бетіндегі бай-қуаттылық олардың о 
дүниеге өтуінің басты кілті. Олар өмір салтының адамның тапқырлығы мен 
белсенділігіне байланысты екендігін, ал бұл қасиеттер Жаратушы Құдай 
тарапынан да мадақталатынын жақсы біледі. Адамзаттың өмір салты адамзатты 
құраушы халықтардың өмір салтынан құралады. Яғни, адамзаттың өмір салты – 
оны құраушы қоғамдардың өмір салты түсінігіне қарағанда әлдеқайда күрделі 
абстракция болып табылады. Демек, индивидтің, әлеуметтік қауымдастықтың, 
әлеуметтік институттың, қоғамның, адамзаттың өмір салттары бір-бірімен 
тығыз байланысты жекеден жалпыға өтетін түсініктер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет