Султанова Нургуль Камильевна Нағашбай Жәнібек



бет5/5
Дата17.05.2022
өлшемі33,65 Kb.
#34817
1   2   3   4   5
Байланысты:
Султанова Н.К 1 статья

көркемдік жүйенің бірнеше үлгілері бар:

  1. Бірінде әннің төрт жолдық өлең кестесі қысқа қайрылатын әуенге құрылады.

  2. Екінші үлгісінде әрбір жолдың әуені оның өлеңінен қысқа келеді. Мысалы: «Шилі өзең», «Аққұм» әндері соның дәлелі.

  3. Үшінші түрінде әр жолдың әуен сазы әннің өлең кестесінен ұзақ болып отырады. Мысалы: «Қамажай» әні.

Халық әндерінің барлығы бірдей төмеңгі дыбыстан басталады.

Қаншама биіктеп шықса да, ән әуені өзінің алғашқы қалпына қайта оралып отырады. Демек оның бір ғана тұрағы бар. Ән көбінесе сол дыбыспен басталып, сонымен аяқталады.

Халық әндерінің барлығында бірдей арнайы қайырма бола бермейді. Әдетте ол кең тынысты лирикалық әндерде жиірек ұшырасады. Оның мәнісі, терең толғаныспен шарықтай шырқалатын әнді аяқтау үшін арнайы қайырма қажет болған. Оның сазы әсем де әсерлі әуенге негізделіп, әннің негізгі шумағындағы ойды қорытуға құрылған.

Мұның бәрін ғасырлар тереңінен жеткен көне әндердің халықтық сипатын білдіретін белгілер, сол шығармалардың уақытпен кеңістікке өмір сүру ерекшеліктерінен туған стильдік, дәуірлік мәні бар құбылыстар деп қабылдауымыз керек. Әрбір тарихи кезеңге орай бұл әндер де өзгеріп, жаңа бір көркемдік сипат пен мазмұнға ие болып отырған. Көптеген әндердің әуен – сазы мен өлең өлшеуі арасындағы айырмашылықтарды осы негізде түсінгеніміз жөн.

Қорытындылай келе, сан ғасырлар қойнауынан жеткен сол халық әндерінің шығу тарихы, мазмұнымен қатар көркемдік, құрылымдық, аймақтық ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор. Оның бәрі алдағы күннің міндеті.

Болашақта, жалпыұлттық ән жанрымен түпнегізі, болмысы ортақ сипатқа ие Қазақстанның әр тарабындағы өңірлердің өзіне ғана тән музыкалық-стилистикалық ерекшеліктері, сол өлкедегі басқа да өнер салаларымен біте қайнасып дамуы тереңірек зерттеуді қажет етеді деген ойдамыз.

Қазақ халқының ән мәдениеті аса бай, ауқымды да қомақты. Оларды халық қазынасы десек, сол қымбат та қыруар қазынанаң қайнар көзі халықта.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. В.В.Радлов. «Образцы народной литературы Северных тюрских племен».

  2. А. Эйхгорн. «Музыкальная фольклористка в Узбекистане». Ташкент. 1964 г.

  3. А.В.Затаевич. «1000 песен казахского народа». Москва. 1963 г.

  4. Т.Қоңыратбаев. «Елім - ай». Алматы. 1994 ж.



  1. Султанова Нұргул Камильқызы

  2. Нағашбай Жәнібек

  3. Шайкенова Гаухар Аманбекқызы

  4. Жікенова Диана Еркінқызы

1. Султанова Нургуль Камильевна

2. Нагашбай Жанибек

3. Шайкенова Гаухар Аманбековна

Жикенова Диана Еркиновна
Sultanova Nurgul Kamilyevna

2. Nagashbai Janibek



3. Shaikenova Gaukhar Amanbekovna

Zhikenova Diana Erkinovna

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет